Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.10 дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын біледі және олардың түрлерін ажыратады; 10.3.2.11 кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарының кестесін құрады Сабақ мақсаты: дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалардың анықтамалары Істей алады: кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарының кестесін құру.....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму Сабақ тақырыбы: Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушы: • Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын талдау; • Экологиялық пирамидада әрбір деңгейдегі қарым қатынасты орнату.....
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық Сабақ тақырыбы: Периодтар мен топдарда қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.3 Период және топ бойынша қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау 10.2.1.4 Кестедегі орны бойынша химиялық элементердің және олардың қосылыстарынын қасиеттерін болжау Сабақ мақсаттары: Оқушылар ● Период және топ бойынша элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеру заңдылықтарын анықтау ● Период және топ бойынша тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеруін болжау ● Кестедегі орны бойынша элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау.....
Дүниежүзiнiң ғалымдары ХХI ғасырда нанотехнологияға жаппай бетбұрыс жасады. Ең үздiк техникалық жетiстiктерге қазiргi жағдайда тек қана наноғылымының мүмкiндiктерi арқылы қол жеткiзуге болады. Наноғылымының озық технологияларын игерiп, оны өндiрiсте қолдануда АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция мемлекеттерiнiң ғылыми-өнеркәсiптiк кешендерi алдыңғы лекке шықты. Озық технологияны солай өз ырғағымен, табиғи қарыштатып дамытқан жетекшi елдер қазiрдiң өзiнде осы саладағы қарқынды даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Американдықтар тiптi нанотехнологияны дамытудың Ұлттық бастамасын қабылдап үлгердi. Бiздiң елiмiзге жағрафиялық жағынан жақын орналасқан Қытай 2000 жылдан бастап нанотехнологияның дамуына аса көп мөлшерде қаржы жұмсайды. Қытайда қазiр осы бағытқа негiзделiнген қырық мыңға жуық кәсiпорындар құрылған. Ресей мемлекетi осындай бағдарламаның жүзеге асырылуына 13 миллиард АҚШ долларын жұмсауды белгiледi. Қазақстанда наноғылымы мен нанотехнологияны дамыту үшiн 2007-2009 жылдарға арналып бағдарлама қабылданғаны белгiлi. Елiмiздiң «Жер, металлургия және байыту жөнiндегi ғылыми орталығы» АҚ таратқан мәлiметтерге қарағанда жоғарыда айтылған бағдарламаны орындау үшiн қаржыландырудың барлық көздерi арқылы 230 миллион теңге бөлiнiптi. Мұның өзi аса маңызды ғылыми-өндiрiстiк саланың дамуында олқылықтардың орын алғандығын дәлелдейдi. Наноғылымы мен оның технологиясын дамытудағы алғашқы кезеңде артта қалғанымыз қалай болар екен?..Әрине, алып елдермен бұл салада бәсекеге түсу бiзге оңай емес. Бiрақ, ғылым мен өндiрiстегi аса маңызды саланы дамытудағы алғашқы кезеңде оның негiзгi бағыттарын белгiлеп, қалыспағанымыз жөн болар едi. Жоғарыда аталынған бағдарлама нақтылы жобалардан тұрады. Мұндай наножобалардың бағасы мен оны орындаушылары белгiленген. Жобада Ұлбадағы металлургия зауыты шығаратын бериллийдiң негiзiнде конденсатор алу белгiлендi. Бұл жобаны зауыт қаржыландырады. Бiрақ, оны тәжiрибелiк үлгiге жеткiзуге мемлекеттiң қатысуы қажет. Кремний өндiру саласымен тiкелей байланысты бiрнеше жоба бар. Кремний шикiзаты күн батареяларын орнатудағы негiзгi материал болып табылады. Елiмiздiң жер қойнауында осындай 85 миллион тонна шикiзат бар. Қазақстан ғалымдары түрлi компаниялармен бiрлесе отырып, кремний өндiру арқылы келешекте фермерлiк шаруашылықтарға арналған күн батареяларын шығаруды жоспарлады. Бiрақ, бұл бағдарлама ауылды дамыту бағдарламасымен тығыз байланысады. Дамыған Еуропада жылу көздерiн алмастыратын салаға қаржылай қолдау жасалады. Күннiң, желдiң, судың қуат көздерiн пайдалану жылына 300 тәулiк бойына күн шығатын, күштi жел соғатын, оңтүстiк-шығыс аймақта тау өзендерi сарқырап ағатын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтiк дамуы үшiн өте пайдалы. Алыстағы жайылымдар мен егiншiлерге түгелдей электр желiсiн апару тым қымбатқа түседi. Нанотехнологияның тәжiрибесi күн сәулесi батареялары көрсеткiшi 36-40 пайызға жеткiзiлгенде ғана бәсекелестiкке қабiлеттi болатындығын көрсеттi. Бұл бағытта ТМД елдерiнде ортақ мақсатқа жұмылған iс-қимыл қажет. Наноғылымы мен нанотехнология туралы әңгiмелегенде оны дамыта отырып, келешекте оның үлкен әрi тиiмдi өндiрiске ұласатынын көрмеуге болмайды. Қазiргi таңда жедел дамып келе жатқан мұнай-газ және аграрлық кешен саласына наноғылымын қолдану осындай ойларға жетелейдi. Мұнай саласы қазiр нанотехнологияның арқасында жұмыс өнiмдiлiгiн бiр жарым есеге арттыратын катализаторлар алды. Ол сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң сапасын жақсартты. Аграрлық саланың мол мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану қолға алынды. Жергiлiктi ғылыми-зерттеу институттарымен бiрлесе отырып, биологиялық бағыттағы жұмыстар жүргiзiлуде. Жоғарыдағы нанотехнологиялық жұмыстарды.....
Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1790-1866)
Дистервегтің педагогикалық қызметі мен ғұмырнамалық деректері.
Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды. Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді. Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды. Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады. 1827 жылы Дистервег "Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады. 1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда "Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі .....
1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.
Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауық сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.......
Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7 ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды. Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды/1/. Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің (1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады/1/. Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып, толық сипаттамасын берді/2/. ....
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.....
Курстық жұмыстың тақырыбы: “Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы”. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өзгерген, діни-руханилықтың жаңа дәуірдегі дамуы мен өзгерістерінің қарастырылуы. Шариғат заңдарының қазақ әдет-ғұрыптарында қалдырған ізінің зерттелуі. Сонымен қатар, Ислам дініндегі мазһабтардың қалыптасу тарихының, мектептердің заң қағидаларының ұстану ережелерін түбегейлі қарастыру. Қарастырылу деңгейі. Бұл жұмысты мен, әуелі Құранға, одан соң бірнеше ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып зерттедім. Тақырыптың қарастырылатын қыр-сырлары көп. Бұрын бұл тақырып кең көлемде қарастырылды деп айта алмаймын. Себебі, осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектер көлемі көпте емес. Мысалы, з.ғ.к., шығыстанушы арабист Нұралы Өсерұлы мұсылмандық құқықтың негіздерін қарастырған болатын. Нақты айтқанда, шариғат заңдарының нормаларын, олардың қазақ әдет-ғұрыптары арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеген болатын. Сонымен қатар, мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көздерін – Құран, Сунна, Ижм, Қияс түсініктерін қарастырған. Келешекте, мұсылмандық құқықтың діни жүйемен ара-қатынасы жан-жақты кең қарастылылады деген үмітпен, мен де ғылымға өз үлесімді аз да болса қосу мақсатымен осы тақырыпты таңдадым. Жұмыстың мақсаты: Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесін, сонымен қатар төрт мазһабтар кезеңіндегі құқықтық жүйелерді қарастыру; олардың құқықтық жүйелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету; исламдық құқықтың қалыптасуына құранынның алатын орнын, яғни шариғат пен фиқһ ілімін қарастырып өту; мұсылмандық құқықтың діни жүйемен арақатынасын ....