Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыс өлеңі

Мақсаты:
1) Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу.
2) Балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету.
3) Балаларды табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын орай таратты.
Армысың, алтын Күн,
Армысың, аппақ қыс.
ІІ. Мақсат қою.
«Қыс»өлеңімен таныстыру.
III Жаңа сабақ
- Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қазір біз ақын ағаларың Абдрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.
Қандай қызық қыс деген,.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін есепке алу

Кіріспе
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Түрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Түрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы мен мазмұны

1.1 Салықтың экономикалық мазмұны мен шығу тегі
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды. Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды. Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіліген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жобалық талдаулардың концептуалды негіздері

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.
Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты – жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринария | Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары

КІРІСПЕ
Таќырыптыњ µзектілігі. Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б. жатады. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау жєне жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: мал ағзасында тіршілік ететін нематодтардың түрлері анықталды. Олдардың мал ағзаға тигізетін зиянды әсерін және ауыл шаруашылығына келтіретін нұқсан дєрежесі айқындалды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Ірі қара малдардың нематодтарын анықтау
Мақсатқа жету үшін шешілген міндеттер:
- Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау, Түркістан аймақтарының санитарлық эпидемиялогиялық жағдайына баға беру.
- Нематодтардың таралу жолдарын, олардың зиянды әсерін зерттеу
- Нематодтардың анықталу техникасы мен әдістерін меңгеру.
Жұмыстың практикалык маңызы: Азық-түліктің негізгі көздерінің бірі ірі қара мал – ағзасының нематодтарды жұқтыру жолдарына бақылау жүргізіп улану деңгейі анықталды. Нематодтардың мал ағзасында жинақталуын төмендететін іс шаралар ұйымдастыруға қажетті мәліметтер жинақталды. Мал өнімдері адамның әл ауқатын арттырудың негізі - сондықтан мал шаруашылығы проблемасы қазіргі заманның маңызды мәселелерінің бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Үндістандағы алғашқы теңіз жолдарының ашылуы

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Ұлы географиялық ашылымдар — феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп-шірітуші товар-ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда-саттық қарым-қатынастарының ұлғаюының нәтижесі болып табылды.Товар-ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қа-жеттіліктерді қанағаттандырудың бірден-бір құралына және байлық-тың ең басты түріне айнала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Алтынға құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап еткен сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шы-ғыстан әкелінетін товарларға төлеуге кетіп жатты. Оларды әкелу үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде асыл металлдың жетіспеуші-лігі күш санап күштірек сезіле бастады. Европада алтынға деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ оның есесіне европалықтардың ұғымы бойынша, Европадан сыртқы жерлерде байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | ҰЙЫМНЫҢ МАРКЕТИНГТІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ

КІРІСПЕ
Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс [3]. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Халықаралық құқық

Халықаралық құқық тарихынан екі диаметралдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқық мирасқорлық теориясы ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні субъект-мирасқордың барлық құқықтар мен міндеттерді толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г.Гроций енгізген болатын. Ал келеңсіз теория XX ғасырдың басында пайда болды. Оның өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол: tabula rasa теориясы - "таза тап теориясы" мен "мінсіз бедел теориясы" еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастырылып отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0