Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстанның ДСҰ-на кіруі ВТО

Кіріспе
Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтық рыногы оның жай күйін талдау және даму перспектива

Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі сақтық рыногының жағдайы мен оның дамуын талдау болып табылады. Жұмыстың бірінші бөлімінде сақтық рыногының мәні мен оның қатысушылары туралы айтылады. Себебі кез келген экономикалық рыноктың өзіне тән жүргізілетін тәртібі және оның операцияларын жүргізетін қатысушылары (брокер, дилер, сақтық ұйымдары, уәкілетті органдар т.б). болады. Ал екінші бөлімінде сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады. Бұл бағдарлама елдің осы рынокты дамыту мақсатында алдыға қойған міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындауүшін жасалған. Себебі қазіргі нарықтық экономикаға сәйкес кез келген елдің экономикалық жағдайын тек арнайыбағдарламалар арқылы көтеруге мүмкіндік бар. Кез келген бағдарламаның өзіне тән мақсаттары мен бағыттары болуы керек, сол себептен бұл мәселе бөлек бөлімше ретінде қарастырылады. Осы бағдарламада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 753 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту Тұжырымдамасында айқындалған отандық сақтандыру рыногын дамыту жөніндегі негізгі шараларды іске асыру көзделген.
Соңғы бөлімінде сақтандыруды қадағалауды дамыту мен тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады.
Отандық сақтандыру рыногының жедел дамуы және оның әлемдік сақтандыру кеңістігіне кіру қажеттігі сақтандыру индустриясы кадрларының кәсіби біліктілігін түбегейлі түрде көтеру қажеттілігін қойып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ

КІРІСПЕ
Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым.
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді.
Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді.
Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ТАУАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Кіріспе
Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықшң пайда болушы қажетті шарты - нақгы бір өнім шығаруға өңдірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдык, еңбек бөлінісі тарихы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісіңде - қолөнер егіншілікген бөлініп шықгы да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал белініп шықты. Осы кезеңде рыноктық байланыстар ұдайы калыптасты.
Тауарлы өңдірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ал жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның бақылау кезеңінде бой көрсетті.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.
Рыноктың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр рынок үлгісіне тауарлы өңдірістің ерекше моделі сәйкес келеді:
1) дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Маркетингтік орта

Ұйым – іс - әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроорта –дағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс – қимылы қоршаған орта жағдайлармен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтыну -шы мінез – құлқы салдарынан, сондай – ақ әлемдік нарықта болып жатқан про –цестердің болуына қарай қауіпті сипат алуы мүмкін.
Сондықтан да маркетинг теориясына макро және микроортадан тұратын маркетингтік орта ұғымы енгізіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

Күнсіздерге күн болған,
Жер жүзіне нұр болған,
Ақылдың кені данышпан;
Езілгенге қол берген,
Кемтарларға жол берген,
Заманның ері арыстан,
Адасқан халық зарыққан,
Азаттық қылып бақытқа,
Сәулеңді келіп табысқан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы шарты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыйлық)

Туған елім, сөз тыңда!
Саған айтар сөзім бар.
Атақ беріп Жамбылға
«Ардақты, ерке—дедің,—шал»,
Ал сөйлейін алдыңда,
Сөз беріп тіл даңғылға.
Сөйлейтін жер келгенде,
Жұртым кезек бергенде,
Мен бөгеліп қалдым ба?
Заман-заман тапталған,
Қалың қазақ баласы,
Ауыр азап атқарған
Көзден ағып сорасы.....
Өлеңдер
Толық
0 0