Өлең: Кенен Әзірбаев (Үмбеталы дүние салғанда)

[quote]Ә с і м х а н
Мен келдім Қордай аудан Кировіне,
Ақынның ішіндегі жүйрігіне.
Үмбеталы екеуің тең, өсіп ең,
Көп тұрмын Үмбет жайын білдіруге.
Ән қосқан бозторғайға Кенен едің,
Өлең мен домбыраның кемелі едің.
Айтпай-ақ ендігісін түсінерсің,
Қолайсыз бір жұмыспен келген едім.
Кенен мен Үмбеталы қарттарымыз,
Жамбыл мен Сүйімбайға тартқаныңыз.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Қос қызметті тұлғажасам қосымшалары

Бұлар негізгі грамматикалық мағынасы жағынан сөзжасам аффикстер тобына жатады да, сөйлемде қолданылу, соған сәйкес сөздің түрлену сипатына байланысты, басқа әуелгі сөзжасам қасиетінен арылып, тұлғажасамдық сипат алып кететін реттері бар. Бұлар:
-дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -қы, -кі, -шы, -ші, -лық –лік – сын есім тудыратын сөзжасамдық қосымшалар.
-ша, -ше – үстеу тудыратын сөзжасамдық қосымшалар
Бұл аффикстер сөйлеу барысында қолданылатын сөздердің әр алуан құбылыстарға ұшырауына байланысты, реті келген жерде тікелей түбір морфемаларға қосылмай түбірден соң қолданылатын сөзбайлам немесе тұлғажасам аффикстерден кейін барып айтылатын кездері де бар. Дәл осы жағдайда аталмыш аффикстер өзіне тән сөзжасам қабілетін шектеп, тұлғажасам қызметіне ауып кететін жерлері жиі кездеседі.
Аффикстердің тұлғажасам тұлғалар ретінде қолданылуы:
1. –дай, -дей, -тай, -тей
а) түбір тұлғадан соң көптік жалғаулары қосылып айтылады, мысалы, құстардай, аңдардай т.б.
ә) түбір тұлғаға тәуелділік жалғауы жалғанғанда, мысалы, інімдей, ұстазыңдай
б) сын есімге түбірлерге тікелей жалғанып, тек сөйлемдегі синтаксистік қызметке байланысты қолданылады. Мысалыжеңілдей (көру), ауырлай (санау).
в) сан есім түбірлерге тікелей жалғанып айтылады. Мысалы, отыздай, екі мыңдай т.б.
г) модаль сөздерге жалғанып айтылады. Мысалы, бардай, жоқтай
д) есімдіктерге жалғанып айтылады: біздей, сендей.
е) қимыл атауларына тікелей қосылып айтылады: айтудай, сезудей, көрудей
ж) есімшеге тән қосымшалардан кейін қолданылады: айтқандай, көрместей.
2. –сыз, -сіз
а) түбір тұлғаға тәуелділік жалғаулар жалғанғанда: баламсыз, інімсіз
ә) жіктеу, септеу есімдіктері мен уақыт және өлшем мәнді сөз тіркестерінің соңғы компоненттеіне жалғанғанда: менсіз, оларсыз, бес жылсыз
б) субстантивтенген сын есімдерге жалғанғанда: жақсысыз, жалқаусыз
в) сөз тіркестеріндегі тарихи көне тұлғаларға қосылып айтылады: кісі көргісіз, адам айтқысыз
3. –ша, -ше. Тарихи тұрғыдан шақ сөзінен пайда болған бұл жұрнақ – туынды үстеу тудыратын сөзжасам қосымша. Тәуелділік жалғауынан кейін: баламша, туысыңша, ауылдасыңша
4. –лы, -лі. Бұл жұрнақ сырттай сын есім тудырушы қосымшаға ұқсағанымен, қимыл атауларына қосылып айтылғанда, тұлғажасам қосымша дәрежесінде айтылады. Мысалы, ренжулі, шешілмеулі
5. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік. Бұл туынды зат есім, туынды сын есім тудыратын омоним сөзжасам жұрнақ. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сіңіру қабілетінің түрлері

Топырақтың қопсыған кеуекті дене болғандықтан, оның түйірлерінен арасында әр уақытта бос кеңістіктер болады. Топырақтың сіңіру қасиеттерінің қалыптасуына шешуші рөл атұаратын топырақ қурамындағы ең майда ұнтақталған, көлемі 0,0001 мм-ден төмен колоидтты бөлшектер. Бұл бөлшектер топырақтың әр түрлі органикалык және минералдық қосылыстарынан тұрады.
Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп ұстап қалуын айтады.
Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың дамуымен және топырақта өсетін өсімдіктерге күлді элементтердің ( азот т.б. көректік заттардың ) жиналуымен қатар жүреді. әсіресе өсімдіктердің коректік элементтер жиналуы топырақтың сіңіру қасиетімен тығыз байланысты. Осы қасиет арқылы топырақта өсімдіктерге керекті элементтер жиналады. Бұл салада көп еңбек еткен орыстың ірі ғылымдары К.К. Гедройц, Д.И. Прянишников, А.И. Соколовский, И.Н. Антипов-Каратаев, В.А.Чернов, И.И.Горбунов т.б.
Әр түрлі топырақтардың сіңіру қасиеттері әр деңгейде болады. Ол көбінесе топырақтағы өте жоғары бөлшектерге, түйірлерге, кодоидтты бөлшектердің мқлшеріне байланысты. Топырақ неғұрлым қарашіріндегі бай және механикалық құрамы ауырлау балшақты болса. Соғүрлым оның сіңіру қасиеті де мол, ал топырақта қара шірінді аз, құрамы жеңіл құм немесе құмдақ болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы болады.
Топырақ коллоидтарының диаметрлері шамамен микронмен есептелетін әр текті заттардың бөлшектердің құрайды: 1 мкр – 0,01 мм тең, оны миллимикрон дейді. Коллоидты бөлшектердің ірілігі 0,1 мкр-1 ммкр.
В.Оствальдің түжырымы бойынша коллоидтердің пайда болуының екі жолы бар:
1) бөліну арқылы, яғни топырақтың бөлініп жатқан бөлшектерінің шығуы;
2) конденсация арқылы яғни заттардың бірнеше молекулаларынан қосылып үлкейіп шығуы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ұйымдарға өзара қарым-қатынас және оларды басқару

Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі. Басқару қызметтерінің барлық түрлерін-дегі ақпараттар хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады.
Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жетуі үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың негізгі төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа жету үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді. Енді ұйымдардағы коммуникациялық процестерді қарастырамыз.
Бірінші, ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары. Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, формальды есептер, видеоленталар, көзбе көз әңгімелесу, кеңестер т.б. қарым-қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен байланыста болуы үшін бірнеше құралдарды қолданады. Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар олардың жарнамаларды және тауарларды базарға өткізулері арқылы қоғаммен байланыстары, олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі көрінеді. Өзінің бір жылдық есептерінде әрбір ұйым өздерінің қаржысы, маркетинг жеңілдіктері, орналасу т.б. туралы мәліметтер береді.
Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін. Осы арқылы туралы хабарланады. Мысалы, өндірістің вице-президенті зауыт басшысына өнім өндірудегі өзгерістер туралы хабар береді. Ал ол өз кезегінде бұл хабарды төменгі буынға болуы мүмкін өзгеріс ерекшеліктерімен қоса жеткізуі тиіс.
Ұйымдарда жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймайды, сонымен бірге, төменнен жоғары көтерілуші хабарлар да болады. Мысалы: банк маманы жаңа қосылған ЭВМ-ның клиенттерді көп күттіретінің өз басшысына айтуы керек. Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар – жоғарғы буындарды төменгі буындарда болған жағдаймен таныстыру немесе хабардар ету. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, ьүсініктеме хаттар жазу түрлерінде жасалынады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Швейцарияның салық жүйесі

Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік – аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады.
Швейцариясының салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін кантондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді. Осы жылы Швейцария мемлекеті құрылып, кантондарда табысқа және мүлікке салынатын салықтарды алу құқығы берілді.
Швейцария Үкіметі салық жүйесін жетілдіріп, дамыту барысында жалпыға ыңғайлы және нарықтық жағдайларға бейім өзгерістерді енгізуге, әлемдік бәсекелестік барысында отандық кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді қолдауға ұмтылыс жасайды.
Швейцарияның салық жүйесі мынадай қағидаларға негізделген:
• теңдік;
• сауданың еркіндігі;
• меншіктің кепілденген құқығы;
• діни нанымның еркіндігі;
• кантонаралық екі жақты салық салуға тыйым;
• расталмаған салықтық түсімдерге тыйым.
Бұл елде салық жүйесінің жетілдіруі мен оңайлатылуына баса көңіл
бөлінген және ел Конституциясында кәрініс тапқан. Конституцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған:
а) вертикалды, яғни конфедерация, кантон, муниципалиттер үшін;
ә) горизанталды, яғни кантондар, муниципалиттер арасында.

Осы мақсатқа жету барысында 1990 жылы 14 желтоқсанда Конфедерация «Кантондар мен муниципалитеттердің тура салықтарын үйлестіру туралы» және 1995 жылы 1 қаңтарда «Федералдық тура салықтар туралы» заңдар шығарады. Осы Заңдарға сәйкес төмендегідей қағидалар іске қосылады:
• отбасына салық салудың схемасын сақтау;
• әріптестік рентаға шекті салық салу;
• қайта құрылған компанияларға артықшылық пен салық жеңілдіктер;
• ұйымдық нысаны өзгерген заңды тұлғаларға салық жеңілдіктері; т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман)

Өртейді бір өкініш жиі мені…
Киіз үй. Мекеніміз қиыр еді.
Анамның алданышы, сүйінері –
әкемнің ер-тұрманын күніне бір
тазалап, қайта-қайта иіледі.
Көзінің тірісінде қайран әкем
қастерлеп қадір тұтқан бұйымы еді. ....
Өлеңдер
Толық
0 0