Сабақ жоспары (ұмж): Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет
Оқу мақсаты: Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы
Сабақтың мақсаты: 10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау;
10.4.3.4 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде
«Туған жер» ұғымын қолдану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ауылым - алтын бесігім

Қазақтың берекесі мен қуанышын,қайғысы мен мұңын бірге бөлісетін,жақсылығыңды мақтап,жамандығыңды бетіңе басатын ағайынның,он шақты ұл ,моншақты қыз өсірген,шаңы мен түтінінің иісі,қымбат әтірдің иісіненде асып түсетін ауылдың қадірі мен қасиеті кереметқой! Міне ,арман қуып қалаға кеткен әрбір қазақ өз ауылын,бабадан мұра болып қалған қара шаңырақты сағынбасына кім кепіл? Ауылдан адам кетседе,адамнан ауыл кетпейді деген осығой!

Ауылым алтын бесігім! Неліктен ауыл мен үшін алтын бесік?

Қазақтың шығысында ойып тұрып орын тепкен Тарбағатай ауданың Зайсан көл маңында орналасқан Байтоғас ауылының қара домалақ баласы үшін,яғни мен үшін ауылдың орны бір бөлек.Ең алғаш кіндік қаным тамып,ең алғаш көйлегім тозған елдің қадірі мына мен үшін ерекше.Қаланың өршіген қарбалас тірлігінен қарағанда,ауылымның тыныш жатқан көрінісі,жаныма рақат беріп,бар ауыртпашылығымды жоқ қылып жібереді. «Бісміллә» деп алғаш қадамым жасалып,тұсауым кесілген жер,былдырлап алғаш сөйлеген сөзімде,естен кетпес ағайын- туыстың келбетімен жарқын күлкісі осы алтын ұям,алтын бесігім-ауылымның төрінде! Мінеки,жоғарыда қойылған сұраққа жауап ретінде осы қанатты сөздерді ұсынамын!......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Деректерді ұсыну
Сабақтың тақырыбы: Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.2.2.1 логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия)
Сабақ мақсаттары: • Логикалық операцияларды білу
• Логикалық операциялар ажырату.
• Логикалық өрнектерді құруда логикалық операцияларды қолдану.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Хрущевті тақырға отырғызған

Сәмен өзіне әлдекім сыйға тартқан кітапты қолына алып, самарқау көз салып отыр. Кенет көзі «Хрущевті тақырға отырғызған» деген тақырыпқа түсе кеткені.

Сол кезде мұның: «Хрущеві кім? Аты әлемге әйгілі «жүгеріші» Хрущев пе, жоқ әлде екі ауылдың бірінде арақтан басы артылмай жүрген ішкіштердің бірі ме?»- деген ой иектеген. «КСРО президенті...» деген жолдарды оқығанда, мұның ауылдағы арақ кешке зәредейде қатысы жоқ екенін әңгіме «жүгерші» Хрущев туралы екеніне шүбәсі қалмады.

Рас, арагідік әлдекімдердің естелігінде аты аталып қалғаны болмаса, қазақ әдебиетінде әзірше Хрущев туралы қалам тартушы жоқтың қасы.

Әңгіме авторы сол кемшіліктің орнын толтырмақ болды ма екен?

Тек КСРО–да Хрущев ел басқарған жылдарда президент деген атымен болмағанын ел тарихын білмейтін бұл не қылған журналист?

Әлде ертегі ме?..

Олай деуге біздің өңірдегі бірден-бір таулы аймақтың сол жерде шығатын үнпарақтың, тіпті басылым бастығының аты-жөні мен мұңдалап тұр. Ол аз десеңіз, Хрущевті алдап соғып, тақырға отырғызушы да сол басылым бастығы. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Бeрeкe iшкi сaудa oбeктiсi жaғдaйындa iрi қaрa мaлы сoйыс өнiмдeрiн фaсциoлeз aуруы кeзiндe вeтeринaриялық сaнитaриялық бaғaлaу

1.1 Тaқырыптың өзeктілігі және практикалық маңыздылығы
Қaзaқстaн Рeспубликaсы «Хaлықтың дeнсaулығы жәнe дeнсaулық сaқтaу жөнiндeгi» кoдeкс бoйыншa aйнaлaдaғы oртa мeн хaлықтың дeнсaулығын сaқтaу жөнiндeгi өзгe дe зaң құжaттaры сaнитaрлық-эпидeмиoлoгиялық сaлaуaттылық сaлaсындaғы қaтынaстaрды рeттeудiң құқықтық нeгiзi бoлып тaбылaды. Ұйымдық экoнoмикaлық, құқықтық жәнe тәрбиeлiк сипaттaғы шaрaлaр кeшeнiн жүргiзiлуiмeн қaмтaмaсыз eтiлeтiн aзaмaттaрдың дeнсaулығын, тiршiлiк oртaсының қoлaйлылығы мeн сaнитaрлық-эпидeмиoлoгиялық сaлaуaттылығын қoрғaуды жүзeгe aсыру қaжeт. Жұқпaлы aурулaрмeн aуырғaндaр, жұқпaлы aурулaрмeн aуырaды дeп күдiк туғызaтындaр жәнe бaктeрия тaрaтушылaр oқшaулaндырылуғa жәнe aурухaнaдa eмдeлугe жaтaды, жұқпaлы aурулaрмeн қaрым-қaтынaстa бoлғaн aдaм мeдицинaлық қaдaғaлaуғa aлынaды, қaжeт бoлғaн жaғдaйдa oқшaулaндырылaды жәнe eмдeлeдi. Хaлықтың дeнсaулығын қoрғaу жұқпaлы жәнe пaрaзиттiк aурулaрды бoлдырмaу кәсiптiк aурулaр мeн улaнулaрдың, бaқытсыз oқиғaлaрдың aлдын aлу, eңбeк қaуiпсiздiгiн қaмтaмaсыз eту мaқсaтындa кәсiпoрындaрдың, мeкeмeлeрдiң, ұйымдaрдың қызмeткeрлeрi мeн aзaмaттaры aлдын aлa жәнe мeрзiмдiк бaқылaулaрдaн, aрнaйы мeдицинaлық тeксeрулeрдeн өтeдi Пaрaзиттiк aурулaр пaрaзиттeрдiң сaн aлуaн түрлeрiнeн туындaйтын aурулaр. Пaрaзиттi тaсымaлдaушы – aурудың клиникaлық бeлгiлeрiсiз пaрaзиттiк aурулaр қoздырғыштaрын тaсымaлдaушылaр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие бола алғандығының жарқын көрсеткіші. Ендігі міндет осы Тәуелсіздікті сақтап қалуға байланысты қойылады. Оның бір тармағы – қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалануына жоғары деңгейлерге көтерілуіне тікелей байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр.
Қазақстан Республикасының болашақта дамыған елдер қатарынан танылуы үшін, Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы нысандар орындалу керектігі белгілі. Бірақ соның барлық бастауы қазіргі мектептерде екендігін ұмытпау керек. Қазақ тілін теориялық деңгейде оқыту барысы оқушыларды теориялық біліммен қаруландырып қана қоймайды, оқушыны өз бетімен ғылыми білім алуға үйрететін ғылыми әдістермен де байытады. Ғылыми ойлау тәртіптерін үйрету арқылы, ойлау мәдениетін қалыптастыру, оның жалғасы болып табылатын ойын сыртқа шығару, яғни сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен дамыту міндеттері де шешіледі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, ана тілінің мемлекеттік тұрғыда қамқорлыққа алынуы білім беру жүйесінің алдына қазақ тілінің оқытылуымен байланысты үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттер тілдің коммуникация құралы ретінде қоғамда алатын орнын танытумен байланысты еді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері

Кіріспе.
¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері

1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер. Басқа мiндеттi төлемдер (алымдар, баждар, ақылар мен төлемдер) – бюджетке белгілі бір мөлшерлерде жүргізілетін ақша аударулар. ҚР № 209-2 2001 ж. 12-маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Басқа салықтар тікелей салықтарға жатады. Салық кодексінің 60-бабына сәйкес салықтардың төмендегідей түрлері белгіленген:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша реформасы

ҰЛТТЬІҚ БАНКІ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ,
ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ
ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга¬ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ипотекалық несиелеу

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету кез келген мемлекетте экономикасы үшін өзекті мәселе болып табылады. Ел үкіметтері бұл мәселенің едәуір оптималды шешімін табуға тырысуда.
Егер Республикадағы тұрғын үй мәселесі жайлы сөз қозғайтын болсақ ол қазіргі кезде өте өткір тұруда. Бүгінгі таңда тұрғын үй қорының жағдайы өте қиын, коммуналды тұғын үйге кезектілік мәселесінің жағдайы да жақсы емес, ал коммуналды меншіктегі тұрғын үй бітуге жақындады.
Біздегі тұрғын үйдің 96% жекешелендірілген. Егер оны 58% жекешелендіріліп, 48% мемлекеттік меншікте қалған Ресеймен салыстыратын болсақ, біздегі жағдай өте ауыр деуге болады. Біздің атқарушы билігіміздің қолында ешқандай қайта бөлінетін мүлік жоқ, ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша тұрғын үйге кезекте бар халық категориясы әлі де қалуда.
Қазіргі рыноктық экономикада азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бір жолы ипотекалық несиелендіру болып табылады. Себебі ұзақ мерзімді азаматтарды несиелендірудің мынадай жүйесі:
 Біріншіден, азаматтардың көбісінің төлем қабілетті сұранысын жоғарылатып, халықтың басым көпшілігіне тұрғын үйді сатып алуғы мүмкіндік береді;
 Екіншіден, тұрғын үй рыногын жандандырады;
 Үшіншіден, ипотекалық механизмдер арқылы нақты экономикалық айналысқа жылжымайтын мүлікті енгізеді;
 Төртіншіден, тұрғын үй сферасына халықтан және бюджеттен тыс басқа да қаржы ресурстарын тартудың базасын құрайды;
 Бесіншіден, құрылыс секторының дамуын қамтамасыз етеді;
 Алтыншы, жалпы экономикалық өсуді жандандыруға жәрдемдеседі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ипотекалық несиелендіру жүйесінің реформалануы қарқынды жүргізілуде. Республикада ипотекалық несиелеудің жүйесі сәтті енгізіліп, қазір қарқынды дамуда және де оның болашақта үлкен даму перспективалары бар деуге болады.
Осыған байланысты бүгінгі таңда жұмыс тақырыбы өте өзекті тақырыптардың бірі болып табылуда.
Жұмыстың негізгі мақсаты болып - әлемдік тәжірибені зерттеп, қазіргі Қазақстан Республикамыздағы ипотекалық несие жүйесіне талдау жасау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі мақсаттар қойылады:
• Ипотекалық несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның ішінде жалпы несиелеу жүйесі мен ипотекалық несие түсінігін, ипотекалық несие жүйесіндегі кепілхат ұғымын және ипотекалық несие жүйелерінің негізгі модельдеріне тоқталу;
• Ипотекалық несиені рәсімдеу негіздері, оның ішінде несиені рәсімдеудің алдын ала процедуралары мен ипотекалық несие бойынша қаржылық есеп айырысуына тоқтал....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0