Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестрім түрлері. Гипергеометриялық үлестірім 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 10.3.2.16 Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлерін тану: биномдық үлестірім, геометриялық үлестірім , гипергеометриялық үлестірім. Сабақ мақсаттары: Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрі- гипергеометриялық үлестірімнің мәнін түсіну .....
— Унтер офицер Пришибеев! Сіз осы қыркүйектің үші күні урядник Жигин, болыс старшыны Аляпов, сотский Ефримов, куәлар Иванов пен Гаврилов және тағы да алты шаруаға тіл тигізіп, қол жұмсағандығыңыз үшін айыпталып отырсыз, сонымен бірге әуелгі үшеуін қызмет бабымен жүрген кездерінде жәбірлепсіз. Айыбыңызды мойындайсыз ба?
Тікірейген бет бітімі тыжырына қалған унтер Пришибеев, екі қолын санына сыптай ғып алды да, тап бір команда беріп тұрғандай, әрбір сөзін тәптіштей сөйлеп, қарлығып, қырылдаған дауыспен жауап қайырды:
— Асыл текті, бітімші судья мырзам! Олай болса, күллі заң тармағы бойынша әр жағдайды ортақтастыра отырып сыннан өткізу себебі кеп туады. Айыпты мен емес, өзгелер өңкей. Осы істің бәрі әлгі, иманды болғыр, өлі мәйіттің қырсығынан белең алып отыр. Қыркүйектің үші күні әйелім Анфисамен бірге жақсы ниетпен, жай ғана аяңдап келе жатып, қарасам - жағада қырық ру жұрт топырласып тұр екен. Бұл араға жұрттың топырлап жиналуға қандай қақысы бар деп сұрадым. Себеп? Жұрт сонша бір үйір-үйірімен жүрсін деп қай заңда айтылған екен? Тарқаңдар деп ақырдым. Үйді-үйіне тарқасын дедім де, жұртты итермелеп, желкелеп тұрып қуала деп сотскийге бұйрық бердім...
— Мұрсат етіңіз, сіз өзіңіз урядник те, староста да емессіз ғой, — олай болса, жұртты қуалау сіздің жұмысыңыз ба еді? .....
Бұл дәптер әуелде оқылған кітапқа пікір жазып отыру үшін арналған еді. Бұл - мектепті енді бітірген жылы болатын.
"Кітап оқылғаннан кейін туған ойлар" деп ат қойылып, кейін жалғаспай қалған дәптерге Рамазан Тоқтаровтың 1985 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Сусамыр" романына, ноғай жазушысы Сүйін Қапаевтың 1983 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Тазасу толғауы" повестер мен әңгімелеріне, Төлек Тілеухановтың "Жазушы" баспасынан 1975 жылы шыққан "Өзгенің бақыты үшін" повесіне, Қалмұқан Исабаевтың 1974 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Өткелде" романына, Әбіш Кекілбаевтың 1974 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Бір уыс топырақ" роман және повестеріне, Ерсін Қойбағаровтың "Жалын" баспасынан 1984 жылы шыққан "Қараша" .....
Бұлардың жазғы демалысқа шыққандарына біршама уақыт өтті. Жаз бойы шаруашылықтың біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстарының бірі қой қырқу да аяқталды. Аман қой жықты, бұл қой қырықты. Енді бірер күннен соң, шөп шабу басталмақ. Бұлар соны күтіп жүр.
– Биыл қар кеткеннен кейін тамшы тамбай қойды емес пе? шөптің шығымы нашар көрінеді, – деді Аман, – әйтпегенде ендігі... Оның сөзін қастарына келіп тоқтай қалған жүк машинасынан әлдекімнің: «Кәне, мініңдер машинаға! Өрт жанып жатса, бұлар көшеде сандалып жүр», – деген үні бөлген. Бұлар қорапқа мінген сәтте-ақ машина жүйтки жөнелді. Көп ұзамай өрт жанып жатқан жерге де келіп жетті. Тұтаса жанған өрт бірталай адырларды, жазық алқапты, шоқ-шоқ болып өскен терек-талдарды отты тілімен жалап, жалмап жіберген екен. Енді Қопалыға қарай ырғып, ыршып беттеп барады. Ал Қопалы бір кезде «Көпшілік» атанған колхоздың қазірде бұлар тұратын бөлімшенің шабындық алқабы.Ол өртенсе... Қырдың селеуі мен қылтанағын қырудан басқа амал жоғын бұлар бала болса да жақсы біледі.
– Ал, кәне, түсіп, ана өртті сөндіріңдер! Бұлар өздеріне әмір беріп тұрған адамға аңтарыла қараған.
Кіріспе Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi“ деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрiнедi: Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi. Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.....
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына міне биыл он алты жыл толады. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті [1] ....
Жеке тұлғаларды несиелеудің қоғамдағы әлеуметтік ролі аса жоғары. Ол жеке адамның тұрмыстық проблемаларын шешуге және әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің жақсаруына жағдай жасайды. Қоғам мүшесінің тұрмыстық жағдайының жақсаруы ұлттың саналық дамуына әкеліп, халықтың еңбек етуге деген қабілеті мен ынтасын арттырады. Ал еңбек ету - сананың тазаруы мен денсаулықтың кепілі. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы әрбір азамат, отбасы қоғамдағы оң өзгерістерге, ұлттың дамуына өз үлесін қосады. Жеке тұлғаларды несиелеуді дамытудың өзектілігі мен ролі осыдан көрініс табады. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеудің қарқынды дамуы 2005 жылдан басталды. Оған экономиканың дамуы, халықтың табысының өсуі, жұмыссыздықтың азаюы; коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының жылдан-жылға көбеюі және тұтыным несиелері нарығын игеруге бағытталуы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен соған сәйкес әлеуметтік реформаларды тереңдету жұмыстары; тұрғын үй құрылысы саясатын жүзеге асыру шаралары зор ықпалын тигізді. Қоғамдағы оң өзгерістерді тез сезінген коммерциялық банктер де өздерінің несиелік саясатын тұтыным несиелерінің көлемін ұлғайтуға және оларды әртараптандыруға/диверсификациялауға бағыттай бастады. Тұтыным несиелерінің құрылымы жақсарып, шарттары біршама жеңілдетілді. Тұтыным несиелері нарығында Халық Банкі АҚ, Тұранәлембанкі АҚ, Центркредитбанкі АҚ, Каспийбанкі АҚ, Альянсбанк АҚ, Сауда-қаржы банкі АҚ-дары белсене қызмет көрсете бастады. Соның нәтижесінде банктердің халыққа берген тұтыным несиелерінің көлемі күрт өсті. Оның көлемі 2004 жылы 83,8 млрд теңгені құраса, 2007 жылы 304,4 млрд теңгені құрап, 3 жыл ішінде 3,6 есеге артты. Тұтыным несиелерінің ішінде тұтыным тауарларын сатып алуға берілген несиелердің үлес салмағы 3 жыл ішінде 46,4%-тен 65,5%-ке дейін өсті. Коммерциялық банктердің Қызылорда облыстық филиалдарынан жеке тұлғаларға берілген несиелердің көлемі 2007 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артып, жылдың соңында 4,1 млрд теңгені құрады. Жеке тұлғаларды несиелеуді дамытудың перспективасы өте жоғары. Қазақстан 2005 жылдан бастап қоғамның адамзаттық дамуы мен әрбір мүшесінің мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастады. Бұл қоғамның келешек дамуындағы оң өзгерістерге бастайтын игіліктердің арқауы болатыны анық. Диплом жұмысының мақсаты – жеке тұлғаларды несиелеудің әлеуметтік-экономикалық маңызын, жеке тұлғаларға берілетін тұтыным несиелерінің мәні мен ереешеліктерін, жеке тұлғаларды нсиелеудің шетелдік үлгілерін теориялық тұрғыдан зерттеу және тұтыным несиелерінің Қазақстандағы даму жағдайына нақты мәліметтердің негізінде талдау жүргізу, қорытынд ....
Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет – ғұрып дәстүрін арнайы бақылап, оны жүйелі түрде зерттеп – зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуіріне барып тіреледі. Сол кезден бастап сахара жұртының әдет заңдары хатқа түсіріліп, оларды іздеп, жинау, жарияланған – зерттеу ісі бірте – бірте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер көшпелі қазақ әдет – ғұрып заңдарының зерттелу барысын Ресейдің қол астына ену кезеңінен бастауға ғана мүмкіндік береді. Сахара жұртының әдет құқығын зерттеуді осы уақыттан бастап алғанда шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар Ресей өкіметі кезеңінде әдет заңдарын жинап, жариялау, Кеңес дәуірінде оларды зерттеп – зерделеу қазіргі таңда ғылыми сарапқа алу. Ресей империясы тұсында әдет – ғұрып дәстүрін зерттеудің өз ерекшеліктері болды. Бұл уақытта әдет заңдары көшпелі қазақ қоғамындағы басты құқықтық жүйе болғандықтан ол жайлы деректер жинап, жүйелеу және сарапқа салу патша органдарының ресми қызметі болды. Сондықтан бұл кезеңде әдет құқығы нормаларын іздестіріп, жинауға, оларды дұрыс ұғынып, түсінуге көп мән берілді. Екінші жағынан, ол нормаларды патшалы Ресей заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өкімет саясатына және жарлықтарына қарсы келмейтіндерін қолдап, пайдалануға, ал қарсы келетіндеріне шектеу, тосқауылдар қойып, не оларды өмірден аластату шараларын іске асыруға көңіл бөлінді. Демек, жергілікті халықтың құқықтық нормаларын жинақтап зерттеу, көп жағдайда ресми органдардың тапсырмасымен, бақылауымен және солар тарапынан іске асты. Әрине бұл жайт осы уақыттағы қазақ әдет – ғұрып құқығының жариялану және зерттеліну барысына әрі деңгейіне әсер етпей қалған жоқ. Тіпті, жеке – дара зерттеушілердің өздерінің еңбектері де әдет заңдары жайлы ресми органдардың бағыт – бағдарын, сарынын және бағасын ескеріп отыруға мәжбүр болды. Халқымыздың құқықтық болмысы 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап жан – жақты зерттеле бастады. Зерттеу еңбектерінің ең алғашқыларының бірі- А. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген атақты монографиясы. Оның еңбегі сол ғасырдың басындағы қазақ өмірінің шынайы шындығын жан – жақты сипаттаудың ең жақсы үлгісі болды. Оның ішіндегі аса құндылары әйел құқына байланысты: құдалық, қалың мал, үйлену әдет – ғұрыптары, өлікті жерлеу, ас беру салттары мен Тәуке ханның әйгілі “ Жеті Жарғысы ” жайындағы сипаттамалары болып есептеледі. 19 ғасырдың 60-70 жылдарында жазылған Ф. Лазаревский, Ы.Алтынсарин, В. плотниковтың, И. Ибрагимовтың еңбектерінде де әйел құқықтары жөнінде көптеген қызықты деректер келтірілген. Торғай облысының әскери губернаторы генерал – лейтенант Л. баллюзек жариялаған еңбектегі қыруар деректерді губернатордың тапсыруымен қазақ әкімдері мен билері, қазақтың оқыған ....