Өмірбаян: Тамила Муридова

Тамила Муридова - жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР халықаралық класстағы спорт шебері

Биыл Тамила жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден өткен әлем чемпионатында жеке біріншілікте қола жүлдеге ие болды. Ал бұл медаль Қазақстанның қыздар арасындағы семсерлесу бойынша әлем чемпионатында алған алғашқы жүлдесі.
“Қазақстанда семсерлесу спорты жайлы көп адам біле бермейді. Мен елімізде бұл спорттың дамығанын қалаймын. Мысалы, Италияның орта білім беретін мектептерінің бәрінде семсерлесу бойынша сабақтар бар. Біз үшін бұл арман, әрине. Бірақ осы спорт жайлы адамдар көбірек білсе, оған қызығатындардың да саны артары сөзсіз”, - дейді Тамила.

Тамила Муридованы семсерлесу залына алып келген жақын құрбысы екен. Біраз уақыттан кейін құрбысы спорттан кетсе де, Тамила жаттығуды жалғастырады. 12 жасынан спортта жүрген Тамила семсерлесуді ең әдемі спорт түрі санайды. “Керемет эмоция сыйлайды” дейді ол. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Өмір өзен ағады

Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылулық ұялатады. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске алғанда тіпті ішек қатып, бір күліп те, жылап та аламын. Қазір жасым жиырма алтыда болса да, өткенді еске ала отырып, өмір сүру мен үшін қиын болды. Себебі, отбасымызда бес қызы және әкем мен анам болды.

Үйде әкеміз ғана жұмыс істейтін. Қанша қиналса да бізге білдірмей, сұрағанымызды алып беріп отыратын. Осы жағдайды іштей көріп, балалық шақтан бастап жұмыс жасай бастадым......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе? (Құқық негіздері, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұтынушылар құқығын қорғау
Сабақтың тақырыбы: Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 9.3.4.1 ¬ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: • мелекетке сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды;
• оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу;
• ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың түбегейлі маңыздылығын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: • Тірі ағзалар үшін су еріткіш, температураны реттеуші, зат алмасу реакцияларына қатысады, тіршілік ету ортасы ретіндегі мәндерін анықтау.
Барлық қатысушылар тірі ағзалар үшін судың мәнін біледі және анықтайды.
Көпшілігі судың мағынасын сипаттай алады.
Кейбір оқушылар 3 тілде судың маңыздылығын сипаттай алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеру күші (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика (сұйық)
Сабақ тақырыбы: Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеру күші
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5.2- Сапалы, сандық және эсперименттік тапсырмалар есептерді шешуде үздіксіздік теңдеуі және Бернулли теңдеуін қолдану;
Сабақ мақсаттары: Бернулли теңдеуін қарастырып, практикалық қолданылуын көрсету.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік шығыс Қазақстанда бұршақтың таралуын зерттеу

Бұршақ халық шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Бұршақтан ең алдымен ауылшаруашылық өсімдіктері мен бақшалар, әсіресе гүлдеу зақымданады.
Қазақстандағы бұршақтық процестерді зерттеуге арналған жұмыстар өте аз. Авторлармен өте қысқа шектелген материалдарда жыл ішінде бұршақ болған күндердің орташа санының географиялық таралуы, бұршақтың тәуліктік және жылдық жүрісі, оның жаууының ұзақтығы қарастырылады.
Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында бұршақ көбіне маусым айында жауады.
Шөл және шөлейт аудандарда бұршақ түсуі сәуірде,шілдеде және қазанда байқалады.
Қазақстанның басқа аудандарында бұршақ көбіне мамыр және тамыз айларында түседі.
Қазақстан территориясы бойынша бұршақтың түсу ұзақтығы 7 минут және бұл шама 5-тен 10 минутқа дейін өзгеріп отырады. Таулы және шөлейтті жерлерде бұршақтың түсу ұзақтығы 10 минуттан да асатын жағдайлар кездеседі. Бұл шаманың ең көп мөлшерде түсуі Қазақстан территориясында 20-дан 40 минутқа дейін, ал кейбір жағдайларда 1 сағаттан асады.
Бұл жұмыс Қазақстан территориясы бойынша бұршақтың таралуын және соның ішінде Алматы станциясындағы бұршақтың 10 жылдық мәліметін сараптау, яғни аэрологиялық жағдайын, жауу ұзақтығын анықтау, климаттық жағдайын және оны сараптау болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары

Кіріспе
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандыруымыз қажет. Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді - білікті бола ала ма? Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме? Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола ала ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау

КIРIСПЕ
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты, қаржы (бюджеттiк) және валюталық реттеу мен қадағау саясаттары жатады. Осы аталған банк жүргізетін саясаттардын ішінде валюталық реттеу саясатының өзіндік алатын орны бар.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0