Өмірбаян: Үсіпхан Сейтімбет Әбдікерімұлы (1960 жылы)

Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы - актер.
1960 ж. ОҚО Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келді.
1979 ж. Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.
1983 ж. Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.
1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысып, батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастыруда белсенділік көрсеткені үшін 1987ж. екі жылға сотталып, 1989 ж. бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайтадан жалғастырып, бітіріп шықты.
1990 ж. Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданып, С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Абдолла, «Қыз жиырмаға толғанда» драмасында Есімсейіт, Д. Исабековтің «Анасын аңсаған қызында» Смат, т.б. біраз роль орындады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Қызғалдақ ғұмыр

Отан басына қауіп төнген қаһарлы соғыс жылдары елін-жерін қорғауға аттанып, мұз жастанып, қар кешкен ерлермен қатар сапқа тұрған қазақтың қайсар қызы азғантай әскери қызметінің өзінде бүкіл халқымыздың қанына тән қасиет танытып, ержүректілігімен, қайсарлығымен, алған бетінен қайтпас табандылығымен келешек ұрпаққа өнеге болатындай із қалдырды.
Ол - Кеңес Одағының Батыры. Көрінген ер шыдас бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп, таңдай қақтырар ерлік көрсеткен қыз. Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлттарының бірнеше ұрпағына қайсарлықтың, жігерліліктің, отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген балғын қаһарман. Көшелерге, мектептерге, шаруашылық пен кәсіпорындарға, тіпті кемеге де есімі берілген, ерлігі туралы әндер, дастандар, кітаптар, мақалалар жазылған, сахналық қойылымдар қойылып, келбеті көптеген мүсіндірге, көркем суреттерге айналған адам. Жанкешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына, аруақтысына айналып, есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған, өзінің тірі ескерткіштерін есепсіз көбейтіп кеткен қазақ қызы. Фәни дүниеде он тоғыз жасқа тола алмай кеткен бойжеткен үшін осының бәрі осал даңқ еместі.
Қазақ халқының мақтанышы, қазақ жерінің топырағында туған батыр қыз Әлияның туған жерінде, туған елінде оған арнап жылына бір кітап жазылса да аздық етпесі анық. Ақтөбенің топырағында дүниеге келген, сол ел-жұртын ерлігімен тәнті етіп, қызғалдақтай қысқа ғұмыр кешкен аяулы, ару қызымыз Әлия туралы бір толғанып, ол туралы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында шығармама арқау еткім келді.
Батыр қыз Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында 1925 жылы маусымның 15-де дүниеге келеді. Бұл- патшалы Ресейдің отары болып, езгіні көріп отырған, рухы қамаулы қазақтар еліне ақ пен қызыл болып жағаласқан дүрбелеңнің салып кеткен ойраны енді ғана бәсеңдеп, жұрт қосүрей күйде отырған кез еді. Әкесі Нұрмұханбет жаны сергек, қажырлы ер мінезді, намысшыл жігіт болса керек. Анасы Маржан Молдағұлова - мінезі өткір, аққұба, көзі аялы, ажарлы адам болған. Әлия анасына тартқан көрінеді.
Тағдыр Әлияны әуелі анасынан айырады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік рух өшпес даңқ

Жеңіс!
Бағаң сенің қымбат еді не деген!
Ерлік бар ма ел бағасын білмеген?
Ол- батыры, қаһарманы халықтың,
Ерлігіне лайық бағаланса демек ем!
А.Бақтыгерей
1941 жыл 22 маусым. Таңғы сағат төрт. Отыз тоғыздың тамызында шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзған фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Бір-ақ күнде бейбіт өмірдің астан-кестеңі шықты. Бар тірліктің шырқы бұзылып, сол кездегі Кеңес Одағының азаматтары қолдарына қару алып майданға аттанды.
Әлем тарихына қанды әріптермен жазылған екінші дүниежүзілік соғысқа жаһан халқының сексен пайызы қатысты. Соғыс өрті қырық мемлекеттің жерін шарпыса, жүз он миллион адам соғысқа қатысты. Қазақстаннан майданға бір миллион екі жүз мыңнан аса әскер алынды. Ұлы Отан соғысы ежелден даңқы шыққан қазақ халқының қаһармандығын күллі әлемге кеңінен паш етті. Сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшы, Талғат Бигелдиновтей қыран ұшқыш, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаровтай ержүрек жауынгерлер, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар жауға намысын бермеген ер халықтың даңқын асырды. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау жылдары қырық екі мыңнан астам атыраулық жауынгерлеріміз де бейбіт те, бақытты болашақ үшін күресті. Бұл соғысқа біздің Мұқыр ауылынан да жүз жиырмадай азамат қатысыпты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың шағылуы деген не? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылуы деген не? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: жарықтың шағылуы деген ұғымды түсінеді, беті айнадай тегіс денелердің жарықты қалай шағылдыратынын біледі
Оқушылардың көбі: жарықтың шағылуын адам қалай пайдаланатынын түсінеді
Оқушылардың кейбірі:
жарықтың шағылуын тағы қалай пайдалануға болатынына мысал келтіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты қорғау
Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 5.6.3.1. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар жасай алады:
• ҚР негізгі ғаламдық мәселелерін талқылау
• Өз жұмысының нәтижелерін талдау
• ҚР негізгі экологиялық мәселері бойынша зерттелген мәлімметті талдау
• Берілген тапсырма бойынша коллаж құру ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• параллеограммның анықтамасын білетін болады;
• практикалық жұмыстардың нәтижелерін салыстырып, талдай отырып параллеограммның қасиеттерін қорытып шығарады;
• параллеограммның қасиеттерін дәлелдейді;
• параллеограммның қасиеттерін қолдана отырып есептер шығарады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Белоктар химиясына сипаттама

1.1 Белоктар химиясына сипаттама.
Тірі организм өзіне тәнқұрылымдық ұйымы мен биологиялық қызметтері арқылы сипатталады. Организмнің осы құрылымдық ұйымының қызметінде белоктар өте маңызды роль атқарады, яғни белоктар басқа органикалық заттардың алмасуына келмейді, өйткені олардың өзінше ерекше құрылымдық ұйымы бар.
Белоктар дегеніміз-аминқышқылы қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулярлы органикалық заттар.
Әлбетте белоктардың және белокты заттардың аталуы жануарлар мен өсімдік ткандерінің, тауық жұмыртқасының белогына ұқсас заттардың табылуымен байланысты қойылған. Ғалымдар өз заманындағы жаратылыстану ғылымының аздаған жетістіктеріне сүйене отырып, көпке белгілі-«Өмір –бұл белокты денелердің өмір сүру тәсілі» деген болатын. Белоктар генетикалық хабардың малекулалық құрамы; яғни белок арқылы генетикалық хабар жүзеге асып тұқым қуалай беріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі

Менің курстық жұмыс тақырыбы «Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.
«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралддары мен формалары жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалынып қабылданады. Ал соы түсініктемеге сәйкес «менеджмент» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бас іскер адам, өз ісін егжей-тегжелі білетін мамандандырылған басшы.
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытуды стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР да сапа менеджментінің даму перспективасы

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
Бұл реферат тақырыбының өзектілігі ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекегеқабілетті өнімдерді ұсыну. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей мұндай жетістіктерге тек сапаны кешенді басқару арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан сапаны тиімді басқару мәселесі, отандық кәсіпкерлердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды. Өнімнің сапасын және техникалық деңгейін жетілдіру – ҒТП–ның және өндірістік тиімділіктің артуына, сонымен қатар экономиканың интенсивті дамуына, отандық өнімдердің бәсекеқабілеттілігін және елдегі халықтың өмір деңгейінің өсуіне жол ашады.
Өнімнің сапасын көтеру – кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0