Сылдыр-сылдыр су сылдырар бұлақтан, Тәңірі ме екен тауды-тасты жылатқан Анда-санда көңіл айтып «Көк!» Көк!» деп, Шығар даусы көкектің де жұбатқан. Ертелі, кеш.....
Ақсу ауылында Қасболат деген ағай бар, өзі зейнеткер. Ешбір жанға зияны жоқ, момын адам. Ешқашан дауысын көтеріп сөйлемейтін кісі. Әйелі Мағрипадан бір мүшелдей үлкендігі бар. Жиен болған соң бірде: - Қасеке, осы сіздің жеңгеймен танысқаныңызды құрдастарыңыз қызық қып айтуда. Сол жайлы өз аузыңыздан естісем деп едім? - деп қолқаладым. - Жиен-жан, білгің келсе айтайын. Менің де басымнан өткен оқиға біреуге.....
Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса ештемені де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу — өмірдің мақсаты. Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Құл – бас бостандығын, шаруа не болса да ерікті болсам, жұмсышы — өндіріс құралының иесі, байлардай болсам, экономикалық әлеуметтік теңдік орнаса деп армандады. Қоғамның алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері өздерінің шама шарқынша адам баласының арманының армандалу жолдарын іздеді, теориялық болжамдар жасады. К. Маркс, Ф. Энгельс капитализмді әділетсіз қоғам деп есептеп болашақтың (социализм-коммунизм) орнатудың бағдарламасын жасады. Жұмысшы табын......
ОҚО-да 12 жыл трактор айдап, нәпақа тапқан тұрғын басшылық ететін балабақшада күнделікті ас-ауқатқа қажетті көкөніс пен жемістің барлығы – табиғи. Бір ерекшелігі, оны балалардың өздері еккен деп хабарлайды өңірдегі nur.kz тілшісі.
Шымкенттік Айдана Ыбырайдың қаладан ауылға келін болып түскеніне жеті жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде үлгілі келін атанып отырған ол, nur.kz тілшісіне қайын жұрттың тілін тауып, қалай үлгілі келін атану керектігін айтып берді.