Пән:Музыка Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Музыка - өмір тынысы Сабақ тақырыбы: Интеллектуалды музыка Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану; 6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау; Сабақ мақсаттары: - Ауызша жазбаша жұмыс орындауда оқушылар пәндік терминологияны қолданады; - Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасына талдау жүргізеді, басқа өнер түрлерімен байланысын табады......
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттігі көтеріледі. Қазақстан экономикасының қазіргі дамуында шетелдік инвестициялардың маңыздылығы сөзсіз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуынан бастап шетелдік инвестициялардың көлемі екпінді өсуін байқаймыз. Әлемдік шаруашылық дамуының, қазіргі деңгейінде шет инвестициялардың өсуінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсуінің қарқынынан асып түседі. Барлық елдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады. Сауда ағымдарының, шетел инвестицияларының ағымдарының және технологияның айырбасының либерализациясы жағдайында компаниялардың нарықтағы күресі одан әрі агресивті болып жатыр. Капиталдың болуы, иновациялық қызмет технологиялармен, квалификацияланған адам ресурстарымен қамтамассыз етілуі және тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық практикасы - осы факторлардың бәрі кәсіпорынның бәсеке қабілеттігін қамтамассыз етуде маңызды рол атқарады және сәйкес макроэкономикалық жағдайларда қабылдаушы елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі. Бірақ, көп ел инвестиция алғысы келетінін және оған деген бәсекенің жоғары деңгейде екендігін ескеру керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды тартуды зерттеу осы таңда өзекті мәселелердің бірі деп айтуымызға әбден болады. “ Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды реттеу: жағдайларымен мәселелері ” тақырыбын таңдай отырып, курстық жұмысты жазуда келесі мақсат көзделді: шетел инвестициясы, оның ішінде тікелей инвестицияның Қазақстан экономикасындағы атқаратын орнын және мәнін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізуде келесі мәселелерді шешу қажет: • ұлттық экономиканың дамуындағы шетелдік инвестициялардың және олардың нысандарының рөлін анықтау; • шетелдік тікелей инвестициялаудың себептерін және экономикалық тиімділігін талдау; шетелдік тікелей инвестицияларды тартудың механизімін қарастыру; • Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау; • Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау; • шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру; • шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу. Курстық жұмыс кіріспеден, ұш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Шетел инвестицияларының мәнін және мазмұнын оның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлін, даму тенденциаларын және Қазақстандағы шетел инвестициясының құқықтық аспектілерін зерттеуге жұмыстың бірінші тарауында қол жеткізілмек. Екінші тарауда шетел инвестициясының оның ішінде тікелей шетел инвестициасының Қазақстан экономикасындағы орнын, көлемін, даму барысын, экономикалық дамуға тигізетін әсерін, сонымен қатар республикадағы тікелей шетел инвестициясын тартудағы және мемлекет тарапынан оларды реттеудегі шараларды зерттеп талдау мақсаттары шешіледі. Үшінші тарауда теориалық білімдерді тәжірибелік шындықпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудағы негізгі мәселелерді айқындау және оны жетілдіру жолдарын іздестіруді көздеу мәселелері қойылмақ....
1.Кiрiспе Pascal программалау тiлiн Швейцария ғалымы Николас Вирт 1973 жылы жасаған және атақты француз физигі, математигі және әлемдегі бiрiншi (1641 ) (қосатын ) есептеуiш машинаның авторы болып табылған философ Блез Паскальдің (1623-1662 ) атымен атады. Тiл басында программалауға үйренудiң мақсаттары үшiн жасалды. Тiлдiң авторының сөздерi бойынша «... Паскаль тiлiнiң өңдеуi екi маңызды тұжырымдамаларға негiзделдi. Бiрiншiсi бұл табиғи тiл жүйелi түрде пәнге ашық, үйренуге ыңғайлы программалау тiлін ойлап шығаруда болды. Екiншiсі iргелi жағдайларға негiзделетiн қазiргi ЭЕМ-дерде қолдануға сенiмдi және тиiмдi болар едi. Блез Паскаль бұл тiлдiң нақты ұсыныстарының өңдеуiн ойлады. Вирттың пікірінше « студенттің оқитын тілі оның ойлау қабілетіне, ойлау әдiсiне және тапқырлыққа айтарлықтай ықпал етедi. қазiргi тiлдерде орын алған тәртiпсiздiк студенттердiң программалау стиліне тiкелей ықпал етедi.» Қазiргі уақытта Вирт өзінің алдына қойған мақсаттарына жетті деп сенiмдiлiкпен айтуға болады. Паскаль тiлі программалауға үйренуде ең жақсы тiл болумен қатар, ол қазiргi ЖЭСМ-дерiне оңай iске асырылатын, жүйелiк программалауда қарапайым тiлiн қолдану ғана емес, қуатты тiлдердi жасауға арналған базасы болып табылады. 2.Жұмыстың тағайындалуы және оның қолдану аумағы. ....
Кіріспе Өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді.....
Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қаты¬настарды реттеудің тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік - құқықтық кесімдерді іс жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру ең күрделі мәселелердің бірі. Іс жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы органдардың қоғам¬дық қатынастарды реттеудегі алдына қойған мақсаттары орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып жатса, онда олардың әрекеті және қүші бар деген мағананы білдіреді. Ал, қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздіқ танытып жатса қағаз жүзінде қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор....
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең құқықты мүше ел болып кіруі одан, яғни, Қазақстан Республикасынан басқа елдердегі халықаралық, қаржы капиталының, либерализациялық қозғалысын оқып үйренуді талап етуі. Қазіргі таңда мұның маңызы өте зор. өйткені, ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін әлемдегі шаруашылық факторларын білуіміз қажет. Сонда ғана экономикалық өсу болады. Зор макроэкономикалық мақсатқа жету үшін халықаралық қаржы мен әлемдік экономиканың глобализациялық және либерализациялық процесіне қосулу керек. Халықаралық қаржыны либерализациялау үшін елде әр түрлі реформалар жүргізу қажет. Мұндай реформалардың әр елде өз ерекшеліктері бар. Және бірнеше сатыдан тұрады. I саты: Әлемдік қаржы жүйесінің құрылуы. Соғыстан кейінгі жылдарда халықаралық қаржы капиталы қозғалысының либерализациялау мәселесі көтерілген де жоқ, Әр ел сыртқы қарызын өтеумен, құнсызданған ұлттық валютасын, бұзылған экономикасын жөндеумен әуре болып кеткен еді. Шетел валютасы арқылы жасалған кезкелген істер мұқият тексерістен өтетін. Нарықтық экономикаға макроэкономикалық тұрақтылық міндетті емес еді. Шекаралардың ашылып, шетел капиталының енуі ел экономикасының құлдырауына әкелді. Ақшалай несие және фискальді саясат экономикалық тұрақтылықты сақтайды деп есептелінді. 1952 жылдан 1962 жылдар аралығында канада ұлттық валютасын еркін қозғалысқа жіберді, ал гармания 1957 жылы капитал қозғалысының шоттарын либерализациялады. Осы кезеңдерде халықаралық экономикалық қатынастар дамуының негізінде қаржы капиталының халықаралық нарықтары құрала бастайды. Одан қаржы активтерін сату мен сатып алу жүргізіле бастады. Қаржы капиталының халықаралық нарықта әр елдің активтері бір-біріне алмаса бастады. Яғни, әлемдегі валюта, несие, қаржы нарықтары бір-бірімен алмасты. ....
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктердең тұрады.Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады. Менеджменттің міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың заңдылықтарын ескертіп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару. Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні. Функция / латынның – “атқару, қызмет ” деген сөзі / қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады.Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі.Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін.Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет. Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.Алғаш рет басқарудың функционалды талдаудың Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді. Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады. ....
Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын қүрал болып келеді, себебі эрбір түлғаның сатып алатын, түтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын эр-түрлі салада қолдай отырып, сэйкесінше белгілі бір саясатты үхтанады. Мүнда элеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік жэне баға механизмі қызмет атқарады. Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік жэне бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің элеуметтік, экономикалық, қүдықтық, діни жэне қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті телемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді. Барлық салықтық жэне салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық жэне аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, келік, мүлік салықтары туралы бар мэліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмүны, экономикалық мэні, жүйесі, механизмі жэне меншікке салынатын салықтардың мэні туралы. Екінші бөлімде меншікке салынатын салықтарды жекеше қарастырып, олардың түрлерін, жалпы сипаттамасын, жүмыс істеу механизмін қарастырып өтеміз. Ал соңғы бөлімде біз меншікке салынатын салықтарды жетілдіру жолдары мен даму перспективаларына шолу жасаймыз. ....