Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемнің қазіргі заманғы бейнесі Сабақтың тақырыбы:Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.8.1.1.адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру. Сабақтың мақсаты:Физика және астрономияның дамуының адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ықпалын сипаттау......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Өткізгіштердің токпен әсерлесу. Ампер тәжірибесі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Магнит өрісінің бағыты мен тогы бар өткізгіш айналасандағы және катушка айналасындағы магнит өрісін байланыстыру; Соленоидтың магнит өрісі өзекшеден тәуелді екенін түсіну Сабақ мақсаттары: - магниттіӊ полюстерін білу; - тұрақты токтыӊ магнит өрісін пайда ететіндігін білу; - Түзу және дөңгелек өткізгіштің төңірегіндегі магнит өрісін білу; - Ампер тәжірибесін сипаттау; - бұрғы ережесін меңгеру......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? Оқу мақсаты: белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру; зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: Жарық пен дыбыстың қасиетін айта алады; Көрген видеоматериалын пайдалана отырып, дыбыс қасиеттерін сипаттай алады; Оқушылардың көбі: Дыбыстың жарық тәрізді жұтылатынын сипаттап айта алады; Аудиожазбада жазылған дыбыс пен өзіне естілетін өз дыбысының арасында айырмашылық болатынын біледі және неліктен деген сұраққа жауап бере алады; Оқушылардың кейбірі: Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика (сұйық) Сабақ тақырыбы: Тұтқыр сұйықтық. Стокс Формуласы. Дене ағыны 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Стокс формуласын тәжірибеде, есептер шығаруда қолдану Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Тұтқыр денелерді салыстырады • Стокс формуласын есептер шығаруда қолданады • Соңғы жылдамдықты анықтайды • Кері итеруші күш......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-сынып алгебра курсын қайталау Сабақ тақырыбы: Функция. Функция графигі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.1.5 y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтайды;.........
Кіріспе Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі.....
Қазақ әдебиетін жанрға бөліп сөз еткенде революцияға дейін поэзиядан ауызша да жазбаша да мол мұраға ие болса, прозаның төркіні Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр Көбееев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин шығармаларымен танылады. Ал драматургиямыз болса, дәстүр мұра дегеннен тұлдыры жоқ тақырда туып, тек қана қазан революциясынан кейін қалыптасты. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет. Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөзі (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог) – бұлар оның характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әр түрлі жай-жағдайларға қатынасын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Автордың уақиға барысын, кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, күй-жайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы. Біз болып жатқан, болып өткен уақиға жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен көріп, кейіпкердің хал-жайын, сағыныш, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуінен байқаймыз. Сөйтіп драмалық шығармада жеке адамның ойлану-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен уақиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл қабысып, ұштасып жатады.1 Драматаругия қазіргі әдебиетімізде жетекші жанрдың біріне айналып, күрделі белге көтерілген. ....
Консалтинг – жұмыс орынын ауыстырғысы келетін жас мамандардың, жоғары оқу орыны түлектерінің және тәжірибелі кәсіпқойлардың арасындағы қызметтің ең танымал түрлерінің бірі. Электрондық бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың тартымдылығының төмендеуімен байланысты, көптеген университеттер мен бизнес-мектептердің түлектері, оны мансаптық өсу жоспарындағы жұмысорынының келешектілерінің бірі (мүмкін, ең келешекті) деп есептейді. Бұл сала өте жылдам дамуда, оған ықпал етушілер: консалтингілік қызметке сұранымның өсуі және кеңес берушілер қызметіне талапкерлер санының артуы. Жыл сайын мыңдаған ізденушілер, он мыңдаған өзінің қарсыластарын бәсекелестік күресте жеңіп шығып, ашылып жатырған бос орындарға ие болады. Мұндай қатаң бәсекелестік, кандидаттарды әңгіме өткізудің әрбір кезеңіне шындап дайындалуға мәжбүр етеді. Бұл кітап, басқарушы консалтингтің осындай ерекше қызық және динамикалық әлеміне кіргісі келетіндерге пайдалы болады деп үміттенеміз. Студенттерге кеңес берушінің жылдам мансаптық өсу мүмкіншілігі ерекше ұнайды, сондықтан бұл кәсіп, бірінші жұмыс орынын таңдау алдында тұрған бастаушы мамандар арасында ең беделділердің бірі болып саналады. Жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультетін бітірушілердің жуық шамамен 40 % консалтингілік қызметпен айналысуға тырысады, бірақ олардың 30—35% ғана оған қол жеткізе алады. Талапкерлергеде бұл сала өте қызықтырарлықтай көрінеді, оларға оқу орынына түсу кезінің өзінде-ақ қатаң бәсекелестіктен өтуге тура келеді. Консалтинг алдарынан ашатын келешекке қызыққан, құқықтану, гуманитарлық, жаратылыс тану және техникалық ғылымдар бойынша магистрлік, докторлық және басқа ңылыми дәрежесі барлардың өзі, өте жиі жұмысқа қабылдау туралы өтініш жасайды. Тіпті танылған мамандардың өзі консалтингіден өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін, ал кейде қызмет аясын түбегейлі өзгерту үшін мүмкіндіктер іздейді. Консалтингілік қызмет көрсетуші фирмалардың санының өсуі мен жоғарылау шамасына қарай, тапсырыс беруші компаниялардың ең ақылға сыймайтын проблемаларын шығармашылықты шешуге қабілетті, тәжірибелі мамандарға сұранымда артуда. Дегенмен тағыда ескертуге тұрады, үміткерлер саны бос орындар санынан асып кетеді, бұл өз кезегінде бәсекелестікті өте қатаң етеді. Фирмалар түйіндемелерге көміліп қалды десе болғандай. Сондықтан олар ең жақсы мамандарды іріктеудің әртүрлі әдістемелерін әзірледі. Соңғы кездеріі ерекше танырман болғаны – жағдайлық тапсырмаларды орындаумен өтетін әңгіме жүргізу. Бұл, шындығында, сұхбаттың ең күрделі (кандидаттар үшін) және түсініксіз нысандары. Үміткерлердің ең қатты қиналатындары абстрактілі сұрақтар, әсіресе техникалық егжей-тегжейлікпен байланысты. Тіпті сіздің жолыңыз болды және сөз әңгіме өткізуге шақырылдыңыз делік, дегенмен, келесідей жалғыз сұрақты беріп-ақ, сізді тез арада «сұрыптайды»: " авиа¬лайнер Boeing 747 салмағы қандай?" немесе "Amtrak компаниясы Бостоннан Вашингтонға дейінгі темір жол билетіне бағаны қалай белгілейді?" ....
ХХ ғасырдың соңы азаматтардың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Соңғы компьютерлік технологиялардың пайда болуы көптеген мекемелердің, өндірістердің, акционерлік қоғамдардың және компаниялардың іс құжаттарын ұйымдастыру, деректер қорын басқару, т.с.с көптеген жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмастарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Заманымыздың өркендеуіне байланысты мәліметтер ағымының көлемі де ұлғая бастады. Деректер қоры, дерктер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), электрондық кесте т.с.с. компьютерлік жаңа програмалардың дамуы заман қажеттілігінен туындап отырғандығы айқын. Сондықтан соңғы жылдары компьютерлік технологиялар қарқынды дамып, көптеген жерлерде қолдалынуда, себебі дайын құралдарды пайдаланбау бірталай қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Қазіргі уақытта көптеген мекемелерде, өндіріс орындарында және компанияларда мәліметтер ағымымен жұмыс істеуде деректер қоры кеңінен пайдалануда. Себебі деректер қоры мәліметтерді сақтауда және оларды өңдеу жұмыстарын жүргізуде көптген жеңілдіктер береді. Осындай мекемелердің бірі – кафедра. Әрбір кафедраның атқаратын жұмыстары мол. Оның ішінде кафедраның әр мамандық бойынша жылдық оқу жоспарын жасау жұмысы күрделі де, уақытты көп талап ететін жұмыстардың бірі. Осы оқу жоспарында көрсетілген әр мамандыққа байланысты және пәндерге лайық емтихан, курсық жұмыс, лекция, практика, СРС, СРСП, лабораториялық жұмыс сағат сандары т.с.с мәліметтер дер кезінде алынып, көптеген жұмыстар жасалады. Осы аталған себептерге байланысты бітіру жұмысына қойылған мәселе өзекті мәселелердің біріне жатады. Жұмыстың мақсаты кафедрада жасалатын оқу жоспары есептеу жұмысын автоматтандыру, яғни компьютер көмегімен....