Әңгіме: Бақыт деген


Бақыт деген...
Бақыттың нақты теориясы жоқ. Болғанда емес, болмайды да! Себебі бақытты әркім өзінше бағалайды. Біреулерге бақыт - денсаулық, біреулерге - мансап, біреулерге - ақша, біреулерге - отбасы. Ал кейбіреулер үшін өмірдің өзі бақыт. Әйтеуір әркімнің өз түсінігі бар.
Менің ойымша мансап, ақша, материялдық байлық ешқашан бақыт бола алмайды. Мүмкін біреулер үшін бақыт шығар. Бірақ бұл тәннің қалауы. Ал шын бақыт жанның қалауын қанағаттандырса керек!
Бақыттың бағасы байлықпен өлшенбесе екен! Себебі ақшаның артынан қуып адасқандар қаншама. Яғни ақша бақытқа бастар жол емес, керісінше қайғыға әкеп соқтыратын қара жол!
Біздің жанымыз мейірімділік пен махаббатты қалайды. Ал біз мейірімділік пен махаббатты ата - анамыздың сүйіспеншілігімен отбасымыздағы жылулық арқылы сезінеміз. Демек, шын бақыт ол біздің ата - анамыз, отбасымыз.
Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт!
Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз.
Айта берсек бақытқа барлығын сыйдыруға болады. Бірақ бір сөйлеммен қорытындыласам бақыт Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай бақытсыз - ақ бақытты боп жүргеніміз!!!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазақстандық патротизм

«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны А. Құнанбаев. Біз қадам басқан XXI ғасырдың азаматы қандай болуы керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отансүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік.
Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз.....
Шығармалар
Толық
0 0

Басына іс түскен адамның дұғасы

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Инна лиллаһи уә инна илайһи ражйун. Аллаһумма индака ахтасибу мусибатий фажурний фиһа уә абдилний биһа хайран минһа.
Дұғалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Перспективалық жоспар
Ересектер тобы
Қыркүйек айы
Өтпелі тақырып «Балабақша»
Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Міндеттері:
Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
- «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4. Шығарма үзінділерімен жұмыс
8.Т/Ж4.Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Сабақ мақсаты: Мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалап,дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді.
Оқыту мақсаты: 10.4.1.7 дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау
10.4.1.8 дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов (Ұлтты сүю)

Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардамсып бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Бұл әр жұрттың қанына біткен өзімшілдік, тұрған жерін, өскен елін, өз тұқымын басқадан артық болса екен деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі дәрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті сезім емес; жерін, үйірін сағыну, жеріне тарту хайуанда да бар. Үйренген тамақ, жеген жерін жақсы көру – табиғаттың еріксіз каноны. Ұлт сүюдің ең төменгі дәрежесі осы.


Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің төрінде жүрген адам баласын алсақ, әр ұлт өзінің өскенін, өзінің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние-мүлкін.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкіні алдаған қаз

Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп:
Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? – деп......
Ертегілер
Толық
0 0