Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Сарнауық жеңгей

Жаздың басы. Күн ыссы. Демалыс күн. Таудағы дачада түске дейін күрекпен жұмыс жасадым да, жуынып - шайынбаққа төменге, өзен бойына түстім.

Жер қазып, еңбек еткен адамның түрі белгілі: аяғымда тарпылдаған кирзо етік, бұтымда жұмыс істегенде киіп жүрген былғаныш көне шалбар. Кеуде жағым әдейі күнге күю үшін тыр жалаңаш. Ал басымда бір кездегі әдемі формасынан түк қалмаған, сап-сары боп қаңсыған сабан қалпақ. Басы көзім шаң-топырақ. Бетімде, жалаңаш денемде тердің қап -қара тарам-тарам, іздері.

Түрім осы. Бір қолымда қаңғырлаған бес шелек, екінші қолымда сабын, ысқырып өлең айтып, ағаштың қалың арасынан өзен бойына сопаң етіп, шыға келдім.

Әлгі ара кішкене ғана ашық алаң, бауырларын күнге қыздырып жайылып жатқан қой тастар. Тастың біреуінің үстінде дәл бет алдымда басындағы орамалын қолына алып, бетін желпіген, өзінен-өзі ентіккем бір әйел отыр.

Көздері бақырайған, жақ сүйектері шығыңқы, екі беті солыңқы бұл әйелді танитын секілдімін. Бірақ дәл кім екенін жөппелдемеде есіме түсіре алмадым. Сонда да қалт тұра қап:

— Есенсіз бе, — деп сәлем бердім.

Әйел ернін болар болмас жыбыр еткізді. Маған адам емес, жабайы аң көргендей біртүрлі тікірейе қарап қалған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ағылшын тілі | Жалпы білім беретін мектептерінің орта буын сыныптарында ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі

Кіріспе.
Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, еліміздің әлемдік қарым-қатынас барысында шет елдермен байланыс орнатуы ағылшын тіліне үйретудің қажет екенін көрсетеді. Осыған орай еліміздің жалпы білім беретін орта мектептерінде шет тілі ретінде ағылшын тілін оқыту таңдауға алынды.
Жоғарыда айтылған тілдің маңыздылығын ескере отырып, шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отырғаны -бәрімізге мәлім. Әрбір оқушы - ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны да бізге белгілі. Сол ағылшын тілін оқып - үйрену әліпбиден бастап мектеп қабырғасында оқытылып, іргетасы осында қаланатынын ескерсек, ағылшын тілін оқытудың әдістерін бүгінгі күн талабына сай етіп, оқушыны ынталандырып, қызықтыра білудің өзі үлкен ізденіспен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Осыған байланысты шетел тілін үйретуде түрлі ұтымды әдістерді қолданып, сабақ барысындағы іс- әрекеттерді тиімді ұйымдастыра отырып, оқушының ынтасын арттыру қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақстан кино саласынан әлемді мойындатуға әзір

Біздің елді кино өндіру саласында көштің соңында қалған дейді кейбір білгішсымақтар. Олар адуынды режиссерлар мен талантты актерлардың еңбегін көрмейді-ау, шамасы. Ел не десе, о десін! Бірақ біз бұл жолы әлемді мойындатуға әзірміз. Өйткені Қазақстанда «Марс. Бірінші контакт» атты ғылыми-фантастикалық фильм түсірілмек. Жалпы сюжеті....
KZ
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Неологизм (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Неологизм
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау
6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын игереді, көтерілген мәселені түсінеді, талдау жасайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Музыка (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мазмұны

1-тоқсан
Бөлім «Қазақ халқының музыкалық мұрасы»

2-тоқсан
Бөлім «Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салт әндері»

3-тоқсан
Бөлім «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»

4-тоқсан
Бөлім «Музыка тілі-достық тілі»
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақ гүл)

Жаз болды.
Көріктенді құлпырып жер,
Оранып көк көрпеге бар өңірлер.
Төсінде жер ананың толықсиды,
Сапсыз көп, сары, жасыл өсімдіктер.
Атқанда таң бозарып алтын арай, .....
Өлеңдер
Толық
0 0