Шығарма: Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы.
Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сурет салу)

Көз жасыңнан бес тамшы,
Алты бояу күлкіңнен,
Шарап жасап ұсыншы, айығайын дертімнен!
Тынысымнан буға сен айналғанда мөлдіреп,
Күлге айналып ұшайын жан шыдамас өртіңнен!

Күрсіністің демінен,
Ұшқынынан бақыттың,
Өлең өріп берейін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз мектепке барамыз

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейтіп дамытумен бірге оларды отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші: Айналайын, балалар,
Сендерде ой, сана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнершілер, даналар.
Өсті, міне, бойларың,.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жақсылық жасау-борышың Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсылық жасау-борышың Ы. Алтынсарин «Баланың айласы»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді; мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады;
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Осы шебер айла-тәсілдің арқасында мұғалім нашар оқушылардың санын азайтты

Мұғалім ерекше ойдың арқасында артқы партаға қашатын, нашар оқитын оқушыларға білімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алды.

Мектеп оқытушысы оқушыларына өмірлік маңызды сабақты жеткізе алды. Ол мұны іш пыстырарлық лекция арқылы емес, одан да қызығырақ, интерактивті жаттығулар арқылы үйретті. Оған бар-жоғы....
Кеңестер
Толық
0 0

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір адам теңін тауып, бақытты отбасын құруды мақсат етеді. Бұл өз алдына оңай емес дүние. Шаңырақтың шайқалмай тұруы көп жағдайда әйел адамға байланысты.

Отбасының бақыты мен берекесі нәзік жандылардың қолында. Олай болса, төмендегі қағидаларды жадыңызға сақтаңыз:......
Кеңестер
Толық
0 0

Тақпақ: Әке-Ана

Әкешім ардақтым,

Еркелетеді мені

Қамқоршым менің

Қуантамын сені

Анашымды тыңдаймын

Кір жуып, үй жинаймын

Сабағымды оқимын

Кілең бестік аламын.
Тақпақтар
Толық
0 0