Курстық жұмыс: Математика | Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.
Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математиканы оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:
1. Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы оқушыларға
мағлұмат беру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Тәрбиеге көңіл бөлейік ата ана

Бүгінде ел жұртты дүрліктірген атышулы «Синий кит» не «Тихий Дом» деп аталып жүрген интернет ойыны ата-ананы да, мектеп мекемесін де, мұғалімді де біраз әбігерге салды. Олай болатыны да орынды. Мәселе – балалар мен жасөспірімдер арасында туындағанымен өзекті. Суицидке саналы түрде жетелейтін бұл сұмдық, қауіпті психикалық ойынның БАҚ-та тарағаны сол еді, мектеп басшылығы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында әрбір оқушыдан жаппай сауалнама алып,тағы бір интрига жасады. Ойын туралы естімегендер керісінше одан ары қыза түсіп, ол ойынның қандай тартымдылығы барлығына екі есе құмарта түскен сияқты. Тап бір секта сияқты өзіне баурайтын ойынның құмарына қаныққысы келгендер де болғаны анық. Әр жамандықтың артында бір жақсылық тұрады демекші, «Синий киттің» сырлы таяғы сынды: ресейлік желідегі топтың басшысы Филипп Вудейкин құрықталды деп істі жылы жауып қойдық. Статистика бойынша, бұл ойынның құрбанына айналған Ресейдің әр аймағынан 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің өлімі тіркелкен. Ал Қазақстанда «ҚР ІІМ мәліметінше, 2016 кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер бойынша тоғыз қылмыстық іс жүргізілген, алайда олардың әлеуметтік желі арқылы жасалғаны расталған жоқ» - деген мәлімдеме жасалды. Сонда біз өз балаларымызды өлімге қиған кезден бастап, қозғалуымыз керек пе? «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» ғой, демек, қоғамда орын алып отырған бұл фактор әр балаға қалай болса да әсер етері анық. Балаларыңызды қорғаңыздар, ата-ана! Олардың болашағы – сіздердің қолдарыңызда! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жаман» деген немене? № 2 (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: «Жаман» деген немене? № 2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады, суреттердің көмегімен мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтін құрастыруда сөйлемдегі грамматикалық нормаларды, сөздердің орын тәртібін сақтайды, өз пікірімен толықтырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №2 (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Әлеуметтік география
Сабақтың тақырыбы: Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №2
Оқыту мақсаты: 9.4.1.5 қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді
Сабақтың мақсаты: еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамына баға беру және графикалық түрде көрсету (қазақстандық көрсеткіштерді басқа аймақтар мен елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде).....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0