Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды. Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды. Әйел адам көп алдында керілмейді. Бұрынғы кезде жас келіндер таңертең ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан. Келіндер келін болып түскен жердегі адамдардың атын атамайды. Қайнылары мен қайын сіңлілеріне өзі жеке ат қояды. Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды. Жүкті әйелге күлу - әдепсіздік. Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, ерлер отырған жерге әйелдер кірмейді.......
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі Сабақ тақырыбы: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Сабақ мақсаттары: ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздік әдістерін анықтау......
Көк қаршыға көзін шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қояды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көз алмай, таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түргелген тарғыл арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғылы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсін жерге тие керілді. Мойынындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Сабақ тақырыбы: Мақтаншақ көлшік Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.5. Түрлі дерек көздерден қажетті ақпаратты алу 3.3.5.1. сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу 2.6. Орфографиялық нормаларды сақтау 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту. 4.5. Орфографиялық дағдыларды дамыту 3.4.5.1. жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп, дұрыс жазу Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Мұғалімнің көмегімен сөздіктер мен анықтамалықтар бойынша жұмыс жасайды, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді үлгі бойынша дұрыс айтады. Оқушылардың көпшілігі: Мәтіннен қажетті ақпаратты табады, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айтады. Оқушылардың кейбірі: Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтай алады, орфографиялық сөздікпен жұмыс жасайды, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айтады.....