Географиядан сабақ жоспары: Тау жыныстары мен минералдарды жіктеу (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Тау жыныстары мен минералдарды жіктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.5 тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді.
8.3.1.7 тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды
Сабақ мақсаттары: Әр түрлі деректерді талдау арқылы тау жыныстарын жіктеп, қасиеттерін анықтап, түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
2 -1

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №9-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №9-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
• үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
• сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өзжауабын негіздеп жауап береді;
• бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Туған жер - алтын бесігім

Туған жер - ауылым алтын бесігім. Туған жер. . . Туған ел. . . Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңші?!Оның адам өмірінде алатын ерекше, киелі ұғым. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Ал мен үшін туған жерімнің қадірі әлемдегі ең ұлы дегенмен тең. Себебі, ол-сенің әлпештеп, аялап өсірген анаң мен әкең, туған-туысың, аға-әпкең, бізді білім жолына жетелеген ұстаздарымыз, сол білім жолына тай-құлындай тебіскен жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы балалық шағың, туған ауылның ауласы. Менің туған жерім, Отаным-кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Көктөбе жері.

Біздің ата-бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әр адам бала күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Осы мекенде көңілді шаттыққа толы балалық шағым өтті. Қызыққы толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпаймын. Балабақшадағы күндерім. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн. .....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазқастан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 ж. – бүгінгі күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру
Сабақ мақсаты: Білім мен ғылымның қоғамның дамуындағы маңызды ролін түсіну
Деректі материалдарды талдап, маңызын бағалау дағдысын дамыту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа», «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану;
10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау;
10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт-дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану
Сабақтың мақсаты: Ру-тайпалық құрылымның қалыптасуын түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қараханидтер мемлекеті

1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Антиалиментарлы факторлар

Антиалиментарлы факторлар.
Жоспар:
1. Антиферменттер.
2. Антивиоаминдер.
3. Антиаминқышқылдар.

1. Академик А.Покровскийдің ойынша ортақ токсинге ие емес, бірақ нутриенттерді таңдаулы түрде төмендетуге немесе бұғаулауға қабілетті қосылыстарды антиалиментарлы факторларға жатқызады. Бұл анықтама тек табиғи тағам өнімдерінің құрамдас бөліктері болып табылатын табиғи тектес заттарға ғана таралады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Гомеостаздық нейро

Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері.

1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.
Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Атақты ұрыдан туған ақылдылық

Бұрыңғы өткен заманда Жылысбай деген бір кедей адам болыпты. Бар кәсібі ұрлық екен. Ұры болғанда ана-мына емес, баукеспенің өзі болыпты. Оның ұрлаған нәрсесін, дүниеде адам баласы сезіп, көз шалып көрмеген екен. Сиқырлығы жоқ болса да сиқыршылардан ептілігі асқан ұры болыпты.

Жылысбай ұрының жас ортасына келіп қалған кезінде көрген Сапар деген жалғыз баласы болған екен.

Жылысбай жасы ұлғайып, жалғаннан өтетініне көзі жетіп жалғыз баласы Сапардың өмірі туралы қиялды бір қайғы ойлапты. Қайғысы:

— Өмірімді дерлік ұрлықпен өткіздім. Дүниеден ұрлыққа менен епті, менен ыспар адам болмады. Ұрлықтың арқасында қарным аш, киімім жыртық болып көргем жоқ. Ал енді, міне артымнан алдым жуық, жасым болса ұлғайды. Ерте ме, кеш пе, бір өлімнің бары рас. Ажалым жетіп бір күні өліп кетсем, Сапарым қалай кәсіп етіп, қалай өмір сүрер екен. Кедейліктің.....
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Олар менің есімде


Мен Ленинград финанс академиясының жанындағы мамандық жетілдіру курсын аяқтағаннан кейін, СССР өнеркәсіп банкінің Алматыдағы қазақ конторында экономист-консультант болып қызмет атқардым.

1935 жылдың ноябрінде Орта Азия Соғыс Округінің Ташкенттегі машықтандыру орталығына запастағы командирлер шақырылды. Соған келгендердің ішінде мен де болдым. Біздің топтың командирі орта бойлы, арықша келген, ойлы қоңыр көзді, сопақ бет полковник Павел Вахалов болды. Екі "Қызыл Ту" орденді, азамат соғысында эскадронның алғыр командирі болған кісі еді ол. Павел Вахалов сияқты қос орденді командирлер ол кездерде бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда үшеу-ақ еді. Қалған екеуі полковник И.В.Панфилов пен қазақ азаматы Жармұхамедов қана болатын.

Біздің жиынның екінші тобына сабырлы, қарапайым, сұңғақ бойлы сары кісі — майор Степан Чистяков басшылық етті. Ол бұрын атқыштар батальонының командирі болған екен.

Азамат соғысынан алған ауыр жарақаттың салдарынан Павел Вахалов сылти басып жүретін. Ол — қызу қанды, жылдам кісі. Әдетте аяғының кемістігін ұмытып кетіп, бізге сап түзеудің жолдарын, қару ұстаудың тәсілдерін, гимнастикалық жабдықтарда жаттығудың әдістерін, кедергіні алу амалдарын өзі қызбалықпен құмарлана көрсетуші еді. Мүгедектің аты — мүгедек қой. Атты әскердің әдеттегі дәстүр сабаздығын сақтап, ол жаттығуларды қаншама ынтасымен көрсетсе де, кемістіктің аты — кемшілік екенін көрсетіп тұратын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0