Курстық жұмыс: Информатика | Интерактивтілік интернет технологиясы

Өз тарихында түрлі дәуірлер мен формацияларды бастан өткізген адамзат баласы жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінде интерактивті ақпарат көздеріне қол жеткізді. Ал XXI ғасыр – ақпараттар тасқынының ғасыры болып саналуда. Яғни, бүгінде «Кім ақпаратты иеленсе, сол әлемді билейді» деген қағида аксиомаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы еліміздің экономикалық, саяси тіпті әлеуметтік өміріне өзгерістер енгізбей қоймады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа ақпараттық революция мейлінше өрістеу үстінде.
Қазіргі таңда біз үшін қашықтықтан басқаруға болатын теледидар, пейджер, радиотелефон немесе параболлдық антенналар жаңалық емес. Адам игілігіндегі электрондық даму да күннен күнге алға жылжуда. Екінші сөзбен айтқанда Интернет тіршілігімізге ентелеп еніп өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Бүгінгі интернеттің қамту ауқымы кереметтің кереметі. Бұл шындыққа негізделген шеберлік әлемі. Өзінің даму барысында әлемдік тор соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында да жаңа мүмкіндіктерге ие болды десек артық айтпаған болар едік. Ақпараттық технологиялардың даму жолында кездесетін қиыншылықтарға қарамастан, интерактивті Интернетті, қолдануға ниеттері зор компаниялардың саны барған сайын арта түсуде. Сонымен бірге Қазақстандағы жаңа технологиялардың аршылды қадалдармен дамуы ел тіршілігіне үлкен реформалық жаңалықтар әкелуде. Бұл дегеніміз қоғамдағы қызметтерді Интернетпен қамтамасыз ету және әлемдік тордың болашағынан зор үміт күту деп қарауға болатын жағдай. Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезінуге болады. Яғни бұл қашықтық ұғымын ұмытып, планетамыздың кез-келген нүктесінен бір-бірімен бейнелі түрде байланысу мүмкіндігіне қол жеткізіп....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Дос іздеген бота

Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.

Қатысушы кейіпкерлер:
Боталы түйе
Мысық
Ит
Әтеш
Бақа
Лақ
Қозы
Ара .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі

Кіріспе
Қаржылық есеп беру-бұл кәсіпорынның есептік кезеңдегі қаржы шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі процессінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік жіне қаржылық қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік басқару | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Кіріспе
Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Паскаль тiлiнiң операторлары

Программаға енетiн нұсқауларды (командаларды) Паскаль тiлiнде оператор дейдi.
Паскаль тiлiнiң операторларын қарапайым және күрделi (құрама) операторлар деп екi топқа бөледi.
Қарапайым операторлардың құрамына басқа оператор енбейдi. Ал күрделi операторлардың iшiне бiрнеше қарапайым операторлар енуi мүмкiн.
Паскаль тiлiнде қарапайым операторларға: меншiктеу, көшiру, бос, енгiзу және шығару операторлары жатады.
Күрделi операторларға: шартты көшiру, қайталау (цикл), таңдау, жалғастыру және т.б. операторлар жатады. Бұл оператоблар тұтас бiр оператор қызметiн атқарады. Программада операторлар орналасқан ретi бойынша (көшiру операторы болмаса) орындалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қар барысы – сұлу аң (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Сабақтың тақырыбы:Қар барысы – сұлу аң
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
Сабақтың мақсаттары:Табиғатты сипаттап жазуда эссе құрылымын сақтайды және өз жазылымында сипаттау мәнді сөздермен қатар, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолдана алады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Мемлекеттің салық қызметі. Салық құқық бұзушылық

Кіріспе
Салық құқын бұзу – салық құқы қатынсы субъектілерінің, осы қоғамдық қатынастардың құқық мен мүдделерін бұзатын, ол үшін заңмен белгіленген қаржы, әкімшілік немесе қылмыстық сипатынан жауапкершілік бекітілген қасақана немесе қасақана емес кінәлі әрекеті. Салық құқын бұзушылықтың құқықтық қарсылығы осы әрекеттің құқықтық нысанын сақтамауда, ал айыпкерлік осы бұзушылық қасақана немес айбайсыздықты жасалуынан тұрады.
Салық құқын бұзудың мұндай анықтамасын осы тақырыпшаға көптеген жұмыстардан шығаруға болады, сонымен қатар көптеген жұмыстар салық құқна қатысушылардың жауапкершіліктерінің және құқықтарының түрлер сипатталған, бірақ қоғамдық қатынастың мәні толығымен ашпаған.
Салық құқық қатынасының субъектісі дегеніміз не? Осы құқықтық институтты бірнеше негіз арқыл жіктелуі мүмкін:
- келу орнын байланысты (кіріс қайнар көзі бойынша);
- заңды статусы бойынша (заңды және физикалық тұлға);
- міндеттері мен құқы бойынша оыс жұмыстың тақырыбын аша отырып жекелеген авторлар субъектінің ұғымын заңды және
жай тұлғалардың резиденттер мен нерезиденттердің позициясында қарастырылады немесе барлық субъектіні емес белгілі топты ғана қамтиды.
Осы жұмыстардың авторлары оны екі негіз бойынша жіктей отырып жазады, мен осы жұмысты соңғы негіз бойынша топтарға бөлдім:
- салық төлеушілер;
- салық органдары;
- салық органдары.
Менің зерттеуімнің негізгі объектісі салық қатынасының қайсібір субъектісі жасап салық құқын бұзушылық.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт және мен ( 7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт және мен
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2. Эссе жазу
7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Абзацтардың ішкі құрылымы дұрыс. (тұжырым, аргумент, қорытынды)
Автор көзқарасын ашты.
Қателер елеулі. Кей тұстарда мағынасы түсініксіз.
Сөз қайталаулары жиі кездеседі.
Оқушылардың көпшілігі
Ойы абзацтарға бөлінген.
Өз көзқарасын білдіре алды.
Қателер мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.
Қарапайым лексиканы қолданған.
Оқушылардың кейбірі
Тұтас мәтін ретінде берілген.
Өз көзқарасын автор ойымен байланыстырып білдіре алды.
Қателер елеусіз.
Сөздік қоры бай (тұрақты тіркестер, синонимдер, перифраз)......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Азатшыл ақын Махамбет (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Азатшыл ақын Махамбет
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.1.1 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық тақырып арқылы құрылымын сақтай отырып қарапайым жоспар жазуға үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0