Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскальдағы функция

I. Кіріспе бөлімі:
Қазіргі кезде кеңінен қолданатын программалау жүйесінің бірі-
Turbo Pascal. Американың Borland Internation корпарациясының бұл өнімі сол корпарацияның қызметкеі Адерсон Хейсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascfl-дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Нуклаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Сол кездерде кең тараған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы, программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді
құрал болып табылған. Паскаль тілінде жазылған пограмманың дұыстығын компьютерде тексеру және жібеілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады(машина тіліне аудаылады), объект программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі- алгаритімдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі-объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған прогамма арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгаитмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын , кең тараған стандартты оқу тіліне айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану

І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде
Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен алуға бағытталған белсенді қызметі. «Кәсіпкерлік» пен «нарық» өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың жалпы да қысқа анықтамасы «еркін кәсіпкерлік экономика» деген ұғымды білдіреді. Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан, өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді. Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін, сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің қызметі. Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: : Жаңа жыл

Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші: Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі.
Бауырсақ: Тимеші мені,
Жемеші мені.
Жаңа жылды тойлауға барамын.
Асыр салып, би билеп, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Тыныстың жіті жетіспеушілігі деп, сыртқы тыныс аппараты қызметінің ағзадағы газ алмасу қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмауын айтамыз. Осының салдарынан гиперкапния дамиды (артериялық қандағы көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы).
Тыныстың жіті жетіспеушілігін (ТЖЖ) механизміне, газ алмасудың бұзылыстарына карай 4 топқа бөледі:
1. ТЖЖ-нің механикалық түрі. Ол тыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінін обструкциясына (тілдің тыныс жолдарын бітеп қалуы, жедел эпиглоттит, ларингоспазм, жедел ларинготрахеит, көмей және кеңірдектегі бөгде заттар), төменгі бөліктерінің обструкциясы (жедел эндобронхит, жедел бронхиолит, жүрек жетіспеушілігі, бронхтағы бөгде заттар), қабырғалардың сынуына байланысты.
2. ТЖЖ-нің бөлу-диффузды түрі. Оның дамуы альвеолярлық қабырғалар арқылы газдардың бөлінуі мен диффузиясының бұзылуына байланысты: өкпенің ісінуі, ателектаз, альвеолит, жанармаймен улану.
3. ТЖЖ-нің желдендірулік түрі. Олардың себептеріне: даму ақаулары (кеуде клеткасының деформациясы, көкеттің жарығы), әр-түрлі этиологиялы комалар (бассүйек-ми жарақаты, менингит, энцефалит, уланулар, тыныстың жүйке-бұлшық еттік регуляциясының бұзылуы (тырысу статустары, тырысқақ, полимиелит, полирадикулоневрит), рестриктивті процесстер (құрғақ плеврит, көк еттің ауру сезіміне байланысты қимылының тежелуі, асқазанның мөлшерден тыс толуы, ішектің парезі).
4. ТЖЖ-нің аралас түрі. Бұл тыныстың тоқтауына, ТЖЖ-нің барлық ауыр түріне, өкпенің қабынуына, экссудативті плевритке, пневмотораксқа, пиоторакска, гидроторакска, бөліктік немесе толық өкпе ателсктазына, ФОҚ-мен улануға байланысты. ТЖЖ барлық түрі өршуіне қарай мынадай 3 патогенетикалық сатылардан өтеді: компснсациялык. субкомпенсациялык және декомпенсациялық.
Компенсациялық. Мұнда желдендірулік тыныс жетіспеушілігінде дамитын тыныстық көлемнің біріншілік азаюы тыныстың жиіленуіне (тахипноэ) байланысты толтырылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының экологиялық проблемалары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Физикалық география.
Сабақтың тақырыбы: Құрлық суларының экологиялық проблемалары №2
Оқыту мақсаты; 8.3.3.5 құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Сабақтың мақсаты: Құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері бағыттары және бастамалары №3 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері бағыттары және бастамалары №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.6.1.6 Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның әлемдік саяси интеграциядағы орнын анықтайды
Қазақстанның әлемдік саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды
Қазақстанның саяси интеграцияға қатысына баға береді ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі векторлардың координаталары 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі векторлардың координаталары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.11 - вектордың координаталары ұғымын білу, вектор координаталарын бірлік векторлар бойынша жіктеп таба білу;
Сабақ мақсаттары: Оқушыларда коллинеар, компланар және компланар емес векторларды ажырату дағдысын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бр ғана жасушадан тұрады.
Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Байғұлан

Ертеде бір батыр болған екен. Оның байлығы тоғыз-тоғыздан айналып жатқан құла шұбар жылқысы болса керек. Бұл байдың үш баласы болыпты. Екеуі – ер, біреуі – қыз. Ең үлкен баласының аты – Байғұлан өзі ер, әрі сал болса керек. Мұның барлық істейтін кәсібі – ертеден кешке шейін аң аулау. Сөйтіп жүргенде, әкесі қайтыс болып, қалған дүниесі ер баласының қолына қарайды. Бұдан кейін Байғұлан өзіне елінен таңдап жүріп бір әйел алады. Байғұлан бұрын төртеу болса, енді бес жан болады. Тағы да бұрынғы қалпында аң аулап жүре береді. Аңнан келген сайын, өзімен бірге туысқан......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан | Дойл Көгілдір жақұт

Рождествоның үшінші күні мерекемен құттықтау үшін Шерлок Холмсқа барғам. Үстіне қызыл халат киіп кушеткада жатыр екен; оң жағында қорқорларына арналған үйкөк тұр, сол жағында мыж-тыжы шыққан бір құшақ таңертеңгілік газет жатыр - бұларды осы жаңа ғана қарап шықса керек. Кушетканың жанында орындық түр, арқалығына әбден ескіріп, байырғы түрін біржола жоғалтқан киіз қалпақ ілініпті. Холмс мұны барынша мұқият зерттеген секілді, өйткені осы арада, орындықтың үстінде, пинцет пен үлкейткіш шыны да жатыр.

— Қолыңыз бос емес пе? Бөгет жасаған жоқпын ба? - дедім.

— О не дегеніңіз, - деді ол - Қайсыбір ізденістерімнің нәтижесін бірлесе талқылауға болатын досымның барына сондай қуаныштымын. Бұл ауыз толтырып айтуға тұрмайтын іс, бірақ таңданарлық әрі тағылым аларлық бірқатар оқиға мынаған, - ол саусағымен қалпақты нұсқады, - тығыз байланысты боп тұр.

Мен креслоға жайғасып, сытырлап жанып жатқан каминге қолымды жылыта бастадым. Аяз күшіне мініп тұрған; терезе әйнегіне қалың мұз қатып, түрлі-түрлі өрнек салып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0