Ертегі: Қасқырдың қамқорлығы

Ерте заманда, шағын шаруалы бір адам өмір сүріпті. Оның үш баласы, әйелі болыпты. Балаларының есімі бір-біріне ұқсас болыпты. Ең үлкен баласының есімі Қапты, ортаншы баласының есімі Бапты, кіші баласының есімі Сақты екен. Сонан Қапты, Бапты, Сақты үшеуі күн сайын бау ағашын күзетіп жүріпті. Күн сайын баудан алма жоғала беріпті.
Сонан бір күні алма ағашын күзетуге Қапты, Бапты, Сақты үшеуі де келсе, бір құс алманы шоқып жеп отыр екен. Үшеуі шап беріп, құсты ұстап алады. Құс зорға талпынып, бір қанатын қалдырып, ұшып кетеді. Сонан үшеуі келіп, әкесіне көрген уақиғаларын баян етеді. Алманы ұрлап жеп жүрген мына құс екен деп, құстың жалғыз қанатын әкесіне әкеп береді. Қанат жай қанат емес, алтын қанат болып шығады. Сонан әкесі отырып мынаны айтады......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Сыр

Кел, замандас, сырласайық! Бүгінгі өркенді өміріміздің биігіне көз салайық та, өз өремізді өлшеп көрейікші, өз-өзімізге есеп берейікші! Жүктелген міндетті түгел атқарып жүрміз бе? Міндет дегенді түсіну бар да, сол түсінгендей орындау бар. Біздің тұлғамыз ажарлап айтқан сөзімізден ғана емес, ең алдымен адамгершілік биігімізден көрінеді. Отанымызға шексіз берілу, қоғам игілігін сақтауға қамқор болу, қоғам мүддесіне нұқсан келтіруге мүлде төзбеу, жолдастық, коллективтік жауапкершілік, бір-бірімізді сыйлау, адалдық, қарапайымдылық, моральдық тазалық, семьядағы татулық, әділетсіздікке, арамтамақтарға аяусыз қарсы күрес, еліміздегі ұлы жеңіс — халықтар достығын көздің қарашығындай сақтау, Отанымыздың жауларына мейірімсіз болу, бүкіл дүние жүзі еңбекшілерін құрметтеу рухында өзгені де, өзіңді де тәрбиелеу деген сөз.

Міне, осы принциптерді бүгін қалай жүзеге асырып жүрсің замандас? Өз еңбегің адал, өз ісің жемісті. Ал өзгенің аяқ алысы қалай? Айналаңда әзір асты сүйетін, бірақ қоғамдық еңбек десе сырт айнала беретін алаяқ, арамтамақ бар болса, оған қалай қарайсың? «Қайтемін, соны» деп ренжумен ғана тынасың ба? Жоқ, ол дұрыс емес. Сен — күрескерсің. Сен — өз ортаңның тазалығы, өз ортаңның мәртебесі жолындағы күрескерсің. Бүгінгі сәнді өмір, ертеңгі жарқын болашақ — сенің тұнығы. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қазақ пен арақ

(Сықақ)



Қазақ пен арақтың ара- жігі

Қашан біріккенін,

Аз - мазырақ жілік тегін.

Қашан болғанда...

Қазекең

Ертеден арақ - шараптың дәмін біліп жүрген,

Қара таяқтар,

Ішіп алып ыржақтап күліп жүрген.

Бірақ араққа бой бере қоймаған, Ақыры,

ХX - ғасырдың екінші жартысында.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Бұғы

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүк шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз жұмадай көтеріп, май айының ортасында табады.

Оттайтұғыны манағы мүк. Бұғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін де жауып алады. Әйелдері тарамысынан жіп иіріп киім тігеді. Қанынан дәрі істейді. Шанасына жегіп жүреді. Бұғының тұяғы қарға батпайды. Жеңіл басып, қалың қардың үстімен иесінің тілеген жеріне жеткізеді. Бұғысы мыңға жеткен самоиед бай есебіне кіреді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Бекер мал шашпақ

Әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдің бірі Жапонияда ауқатты адамдар қарапайым өмір салтын ұстануға қатты мән береді екен. “Toyota”, “Sony” секілді ең бай 10 компанияның иелері ауданы 100 шаршы метрден аз үйлерде өмір сүреді екен. Жапондық байлардан: «Мұншалықты бай болуыңызға қарамастан неге тым қарапайым өмір сүресіз?» деп сұралғанда «Жапондық әдет-ғұрпымыз біздің асыра сілтеп ақша жұмсауымызды құптамайды» дейді. Иә, жапондық әдет-ғұрып осындай екен. Ал біздің әдет-ғұрып ше? Біздің әдет-ғұрыпта да дінімізбен ұштасатын обал, рәсуә деген ұғымдар бар, ысрапшылдыққа тиым салынады. Абай атамыз бекер мал-шашпақты дұшпаның деп атап өткен. Қайырымдылық жасау, сауап жинау деген ұғым бар. Бірақ мұны қаншалықты білеміз? Мұны бала-шағасына жастайынан құлағына құйып өсіріп жатқан отбасылар қаншалықты бар? Бір күндік напақасын таба алмай зарлап жүргендер өте көп. Ал бір жақта мың отбасыны тойдыратындай қаржыны бір түнде шашып шалқитындар да аз емес. Одан қалса той жарыс бар. Шет елден әртістер шақыртып немесе шет елге барып той жасап шашылып жатқандар бар. Ең зәулім сарайда, ең танымал әртістерді шақыртып, бірінен бірі озып той өткізу әдетке айналды. Мұның бәрі ақшаға тірелетін дүние. Ақша жетпесе банктен кредит алып той жасап жатқандар қаншама. Бір күнде өтіп кеткен той үшін, жылдап кредитін төлеп жатады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Көмекші мектептің 7 сынып оқушыларына сөз құрамын оқыту

Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың
Зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | 2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі


Жұмыстың өзектілігі:
Қазақстан қоғамындағы қазіргі кезеңдегі ғаламдану саясатының басты бағыты республикамыздың саяси жүйесі мен қүрылымын, қоғамдық қатынастардағы орны мен ролін, Конституциялық статусы мен функцияларын, оның барлық құрамдас бөліктерін қамтиды. Осы өзгерістердің табиғаты мен ауқымының бір ерекшелігі - олардың бүкіл мемлекеттік құбылыстағы ішкі-сыртқы саясатпен үйлестігінде, қоғам әлеуметтік қатынастардың дамуында. Қазақстан Республикасындағы серпінді өзгерістер мен пікір алуандығы жариялылық тенденцияларын үздіксіз өзгеріп отырады. Бұл қүбылыстардан қоғамымызда толық демократияның қалыптасқандығын байқаймыз. Саяси үрдістерді дамытып отыратын саяси институттар — саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, ерікті баспасөз, яғни саяси жүйені құратын әлеуметтік топтар. Қазақстан Республикасының егемендік алуы тек үлттық сананың жаңаруы ғана емес, республикамыздағы саяси жаңғырудың демократиялық жолмен дамуына зор мүмкіндіктер ашты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: АВТОМАТИЗАЦИЯ | ГАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

Автоматизация, техникалық қолдану әдісі, экономика – математикалық метод және басқару системасы, адамды алу нәтижесінен толық босатады, беру және қолдану энергиясын, материалдар немесе информации. Автоматтандырылады:
1) технологиялық, энергетикалық, транспорттық т.б. производствалық процесстер;
2) организация, жоспарлау және басқару цехы, предприятие, стройтельство, әскери объекті, қосу және т.б.
3) ғылыми іздеулер, медициналық және техникалық диагностика, программирование, инжинерлік расчеты, және т.б. Автоматтандыру мақсаты – жұмыс уақытын үнемдеу, оптимизациялық басқару, адамды денсаулыққа зиян жұмыс уақытынан босату. Автоматизация – ғылыми – техникалық процестің бірі.
Автоматика - ғылыми функциялық басқару элементінің кең таралған түрі. Автоматика өз кезегінде техника кибернетикалық түрдің бірі. Техникалық кибернетика өте қиын автоматизациялық басқару системасын компютерлік әдіспен оқытады.
Автоматикалық басқару xix ғасырдың соңында қолдана бастады. Негізгі қолдану әдісі есептеу техникасы және ақпараттық жүйе. Автоматика өзі екі бөлімнен тұрады: ақпараттық және техникалық есептеу.
Подсистема техникалық есептеуі комплекс компютерлік әдісін ұсынады. Оған бағдарламалық есептеу және оборудование для локальных сетей и подключение к глобалной сетям, регистрация бөлімі, жиналу және көрсету информациясы.
Подсистема ақпараттық жүйесіне сырттай информациялық қамтамасыз ету кіреді. Ориентиравание на организация базы данных. Базолық система әдетте белгілі бір класқа ғана берілген. Автоматизация қамтамасыздандырылған көптеген әдіспен яғни есептеу техникасымен, сол белгілі бір информацияны шығарып, өңдеу оны экранға шығару. Мұның жұмыс істеу қабілеті жоғары сапалы системамен жұмыс істейді. Жалпы, автоматизация қазіргі кезде дамып келе жатқан жоғарғы техника. Бүгінгі кезде бүкіл пройзводстваларға қойылып жатыр. Өйткені шығаратын затты качестваға сәйкес шығару керек. Ол бір ғана компютермен бақыланады. Жәнеде ол өте қолайлы. Демек, ол бүгінгі заманның талабы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ВЧД 23 Семей пайдалану вагон депосының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру болып табылады.
АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырды. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар жасала басталды.
Өтпелі экономика елдері үшін ірі акционерлік компанияларын басқару аса өзекті мәселенің бірі болып табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс қызметінің орталықтандырылған жоспарлаудан, ірі ауқымды бизнесті ұйымдастырудың нарық нышандарын пайдалануға көшу, ірі ұйымдастыру құрылымдардың ұзақ мерзімді тұрақты даму проблемаларына көп көңіл бөлуді талап етеді. Олардың көбі акционерлік нышанға лайық келеді.
Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы керек. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынған мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті зерттелмеуі курстық жұмыс тақырыбын «Акционерлік қоғамдар қызметінің экономикалық тиімділігін талдау» деп таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты – республикамыздағы акционерлік қоғамдардың қазіргі жағдайларын талдай отырып, олардың қызметінің негізгі мәселелерін зерттеп талқылау, сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0