Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сағат және DS18S20 құрылғысы негізінде портативті сандық температура өлшейтін түрлендіргіш жасау

Кіpіспе
Бүгінгі күні көптеген өндіpіс түpлеpі мен күнделікті тұpмыс кеpегіне
қoлдaнылaтын сaн түpлі техникaлық құpaлымдap негізінің бaқылaуы сaндық
құpылғы негізінде жүзеге aсaтындығы белгілі. Бaқылaу жұмысының
белгіленген мaқсaтпен жүзеге aсуы үшін нaқтылaнғaн уaқыттapдa бaқылaу
oбъектісінің бaптaулapы өлшеніп және бaсқapушы құpылымның сәйкесті
жaғдaйы paстaлып, aлынғaн aқпapaттapғa қaжетті келтіpімдеp apқылы түзеу
жүpгізіліп, нәтижесінде бaқылaу сигнaлдapы тудыpылaды дa, oлapдың
сәйкесті әpекеттеpімен oбъектінің жaғдaйы қaжетті жaққa aуыстыpылaды.
Қaзіpгі зaмaндa көптеген елдеpде сынaптық темoметpді үйдегі
күнделікті тұpмыстa дa қoлдaнбaйды. Қaзіp сaндық тpмoтүpлендіpгіштеp
тұтыну жaғынaн кең етек жaюдa. Менің диплoмдық жұмысымдa сaндық
түpлендіpгіштің бapыншa қapaпaйым әpі бaғaсы жaғынaн apзaн, және oсы
кpитеpийлеpге қapaмaстaн темпеpaтуpaны тез әpі дәл түpлендіpуі зеpттеледі.
Бұл менің диплoмдық жұмысымның біpден-біp өзектілігі бoлып тaбылaды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАТАРЛАР

Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен оның құрамы, өндірілген өнімнің көлемі, еңбек өнімділігі, ресурстарды өніру көлемі,орташа еңбекақы мөлшері және тағы басқа көрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндеттердің бірі – республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны динамикалық қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы, динамикалық қатарлар қоғамдық құбылыстардың өзгеруін уақытқа байланысты сипаттайтын статистикалық сандар қатарын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық динамикалық қатардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылстардың даму, өзгеру процесін талдауға, санауға және негізгі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекеттіздің басқару орындарында динамикалық қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыс өз алдына келесідей міндеттерді қойып отыр:
 Маусымдық индекс туралы түсінік беру және оның қолданылуын, артықшылығы мен кемшілік жақтарын қарастыру;
 «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының экономикалық – шаруашылық қызметін сипаттау;
 «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының өніміне маусымдық индекс бойынша талдау жүргізу;
 «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының өніміне 2007 жылға болжам жасау.
Жалпы курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде алған тақырыбым бойынша маусымдық индекс ұғымына түсінік беру және оның қолданылуын анықтау, артықшылығы мен кемшіліктері көрсетіледі. Маусымдық индексті анықтау үшін «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамы өнімінің бір түрін алдым, ал жалпы акционерлік қоғам туралы және оның экономикалық- шаруашылық қызметі туралы курстық жұмысымның екінші бөлімінде қарастырып өтемін және Көмірның үш жыл көрсеткіші арқылы квартал бойынша маусымдық индексін есептеп көрсетемін. Акционерлік қоғам өніміне 2007 жылға екі әдіс бойынша яғни, мультипликативті және аддитивті әдіс бойынша болжам жасадым. Осы жоғарыда айтылғандардың барлығын зерттеп, оқып, талдап, есептеу барысында курстық жұмысыма қорытынды жасаймын. Осы жұмысымның барысында алып отырған Көмірның маусымдық индексін анықтау мен есептеуді толық ашып көрсетуге тырысамын. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қысқы киімдер

Білімділік: Балалар киімі, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, граматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.
Көрнекілігі: Жылдың әр мезгілінің суреттері, қысқы киім үлгілері.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
Сергіту сәті
Біздің топта балалар,
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылықты ойлайды.
Жыл мезгілдері .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс

2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы.
Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.
Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты.
Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингоф отрядының құрамында бірнеше жүз одан жасағымен Ермұхамед (Елекей) Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 ж ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды. Би Сейіл Байқадомов жазалау экспедициясында жігерлік көрсеткіші үшін алғыс алды және Анна ленталы күміс медальмен марапаттауға ұсынылды. Ұлбөбек Тайманов би күміс жүзікпен марапатталды және т.б. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару тиімділігін жоғарлату

Кәсіпорынның қаржылық айналымдарының басқару механизмін жетілдірудің негізгі факторы болып, экономиканы жақсартуға бағытталған қазіргі кездегі өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. Әлеуметтік–экономикалық тұрақсыздық пен нарықтағы инфрақұрылымның үнемі өзгерістер жағдайында қаржылық менеджердің ағымдағы қызметінің негізігі орны қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарды басқару болып табылады. Ұдайы жетіспеушілік негізінде қаржылық айналымдар мен қаржылық ағымдарын басқару қазіргі кездің кәсіпорын харекетінің бағытын бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті 2007 ж. халыққа арнаоған “Біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 бағыты” атты Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық жағдайын жоғарлату, халықтың экономикалық тұрғыдан әл-ауқатын жақсарту мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу мақсаты-бұл кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару тиімділігін жоғарлату шаралары негізінде экономикалық талдау жасау.
Осы басты мақсатқа жету үшін келесідей өзекті мәселелерді жүргізу:
1. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасын беру;
2. “Қазақавтожол” РМК қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық және ұйымдастыру қызметін көрсету;
3. Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару жұмыстарын жетілдіру жолдарын анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні-бұл қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі-бұл “Қазақавтожол” Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қарастырылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында ақпараттық құқықтық актілер, оқулықтар, мерзімді басылымдар, коммерциялық емес харекет етуші субьектінің негізінде статистикалық жинақтар қолданылған.
Кез келген кәсіпорын өзінің харекеті барысында қаржылық ресурстардың қажеттілігін сезіп, заңды және жеке тұлға қарым – қатынастарына қажетті жағдай туғызады. Өндірістік процесі барысында қаржылық және ақшалай ағымдардың үздіксіз қозғалуы бюджет, серіктес алдында міндеттемелерді орындау, кәсіпорындар алдында қарыздардың болмауы, төлем қабілеттілік, қаржылық тұрақтылық, несие төлей алушылық пен рентабельділікті көрсетеді. Қаржылық ағымдар мен қаржылық айналымдарын басқарудың басты себебі – кәсіпорынның қаражаттар айналысын қамтамасыз ету, яғни бұл жұмыс тақырыбын толығымен ашып қарастыру болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқарудың талдауы қаржылық менеджер харекетінің негізгі бағыты болып, ақшалай қаражаттардың қозғалыс уақытындағы қаржылық ағымдардың талдауы, оны болжамдау, ақшалай қаражаттардың оптималды деңгейін анықтау мен ақшалай қаражаттар бюджетін құрастыруды анық көрсету болып ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456-1847). Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды. Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда әлсірегеннен кейін, Дешті Қыпшақта Ақ Орда, Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін құрды. Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына келуі, қалалар өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы көшпелі, жартылай көшпелі Оңтүстік Қазақстан даласы мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен шаруашылық байланысының дамуы - бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына, тілі, рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына, ақыры қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғасырдың орта шенінде тұрақты біртұтас мемлекеттің қажет екені айқын сезілді. Осындай мемлекет қана Қазақстанды мекендеген ұлыстар жерінің шаруашылығының біртұтастығын сақтай алатын еді. Мұндай жағдайға ең әуелі қазақтың қалың бұқарасы - көшпелі малшылар мен дихандар мүдделі болды. Бұлар өзара қырқысқан қақтығыс пен соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын күшті мемлекет қажет болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су сиыры жабайы өгіз неге жойылып барады? (8 сынып, III тоқсан )

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ
Бөлім атауы: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Су сиыры, жабайы өгіз неге жойылып барады?
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 8.2.1.1 -тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;
8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаты: Кесте бойынша ақпаратты анықтайды;
Диаграмадағы деректі пайдаланып, қорытынды жазады.
Мәтіннен (жазба жұмысынан) тұрлаулы сөйлем мүшелерін табады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінделерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолдана алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерін жоспар бойынша сипаттау (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Жер бедерін жоспар бойынша сипаттау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.3 жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды
Сабақ мақсаттары: Жер бедерінің түрлерін жоспар бойынша сипатттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0