Маңқыстау барлаушылары 1963 жылдың декабрь айында мемлекеттік тапсырманы ойдағыдай орындап шығып, Өзен мен Жетібайдан мұнай көздерін ашты. Кен орындарынан мұндағы сұйық отынның шамасын есептеп шығарды. Енді осынау ұлан-асыр байлықты жоғарғы басшылардың қарауына ұсыну қалды. Сөйтіп, Маңқыстау мұнайшыларының өздері есептеп шығарған мұнай қоры СССР Министрлер Совет жанындағы қазбалы байлықтар қоры комитетінің бекітуіне Москваға жіберілді.
Мемлекеттік кен қорлары комитеті біздің жігіттер ала барған Өзен, Жетібай кен орындарының мұнай қорын көп өзгеріссіз бекітіп, еліміздің мол қазынасының қатарына қосты. Енді бұл қазынаны халық игілігіне жарату үшін пайдалану мекемесін құру қажет. Сол мақсатпен 1964 жылдың бас кезінде Маңқыстау мұнай бірлестігі ашылды. Тікелей өндіріс жұмыстарын жүргізетін Өзен кен орнын игеруге мұнай өндіру басқармасы құрылды. Мен мұнай өндірісіне бұрынғыдан да етене жақындай түстім. Өлкелік партия комитеті осы басқармаға бастық етіп мені жіберді......
Сырдың бойынан майдан даласына 150 мыңнан астам адам аттанған екен. Олар ерлікпен шайқасқа түсті. Тіпті, жастық өмірі келтеден қиылған жерлестеріміз де аз болған жоқ. Өкініштісі, сұрапыл соғыстан 30 мыңға жуық қызылордалық жауынгер туған жерге орала алмады. Көзсіз ерлікке барған оларға жат жердің топырағы бұйырды. Майдан жылдарында 20 мыңнан астам жерлесіміз орден-медальдерге ие болды. Басын бәйгеге тігіп ержүректік көрсеткен 22 қызылордалық азамат Кеңес Одағының батыры атанды.
Тұтқиылдан басталған соғыс ел ішін үлкен әбігерге салды. Майдан мен тыл даласы біртұтас болды десек, артық айтқандық емес. Сыр өңіріндегі өнеркәсіп орындары жұмыс ырғағын жандандырды. Алайда, еңбекке жарамды жандардың көбісі әскерге алынды. Осының салдарынан жұмыс қолдарының жетіспеушілігі айқын сезіліп тұрды. Жергілікті басшылық қарап отырған жоқ. Қиындықтан шығудың жолдарын қарастырды. Облыстық партия комитеті осы мақсатта арнайы қаулы қабылдады. Өнеркәсіп орындары, мекемелер мен ұйымдарға әйелдер еңбекке тартылды. Арнайы қысқа мерзімді курстар ашылды. Онда маман жұмысшылар дайындықтан өтті. Игі бастамаға үн қосқан аруларымыз аз болған жоқ. Алғаш рет ұйымдастырылған жүргізушілер курсында 37 нәзік жандылар білім алды. Көп ұзамай 700-ден астам қыз комбайн мен трактор тізгінін ұстады. Еңбек көрігін қыздыра түсті. Олардың көбісінің есімдері елге танылды. .....
Бастау көзін күні кешегі «Лениншіл жастан» алатын қаймана қазақтың жасындай жарқылдаған «Жас Алашы» – 95-те... Көңілді қуанышқа бөлеген осы бір сәтте өткеніңді ой көзімен шолып, осы мен қаламгер ретінде «Жас Алашқа» қатысым бар ма, бар болса қаншалық?» деген сауалға жауап іздейсің. Аллаға шүкір, сонау 1984-89 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде «Әдептен озбайық», «Тойдан соң», «Сахнада», «Ақ көгершін», «Қалақ қолға кеш алынды», «Жол мұраты жету ғана ма?» «Барымызды бағалай білеміз бе?» атты мақалаларым жарық көрді. Мен жарияланған дүниелерімің ішіндегі ең бастыларын ғана айтып отырмын. Ал өзімнің «Невада –Семей» қозғалысын қызу қуаттағанымды, сол тақырыпта бірталай материалдар жинағанымды, соның бірі «Жауырды жаба тоқымайық» атты мақаламның «Лениншіл жас» газетінің бірінші бетінде басылғанын, азды-көпті өмірімде тындырған маңызды шаруаларымның бірі деп білемін.
Бір атап айтар жайт, газеттің сол жылдардағы редакторлары С.Бердіқұлов, У. Қалижановтар, Шерағаң салған сара жолды сәтімен жалғастырды. Оны редакция ұжымының авторлары мен жұмыс істеу тәсілінен айқын аңғаруға болатын. Бірде менің «Баян көркін, Жасыбайды ойласақ» атты мақалам «Көзқарас» айдарымен жарық көрді. Айдар: «Мән берсек, ел дәулетін еселеуге, мәдениетін көтеруге септігі болар, бірақ сіздің, оның, барлығымыздың тасамызда қалып елеусіз көрінген проблемалар аз ба? Келіңіз, жаңа рубрикаға атсалысып, ой бөлісейік, мәселе көтерейік» – деген редакциялық сілтемемен берілуі – авторға көрсетілген қолдау екені күмәнсіз. .....
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», «дәнді дақыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығы кәсіпорындары», ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс боласыздар. ХХ ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі (АӨКК). Бұл процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы.....
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан ұйымдағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр. Мәселенің өзектілігі. Қазақстанның экономикалық дағдарысы – бұл көп аспектілі құбылыс, қарама-қайшылықтар кешенінің көрінісі; оның алдын-алуының дайын рецепті жоқ, сондықтан ұйымның дағдарысқа қарсы стратегиясын, жаңа тәсілдерді, және тұжырымдамаларды қайта қарастыру қажет. Жалпы дағдарыстың барлық себептері өзара тығыз байланысты және себеп-салдарлы байланыстар кешенін білдіреді. Мұндай проблемалар кешенін өндірісті дамыту мақсатымен шешу екі бағыттағы шараларды жүзеге асыруды болжайды: біріншісі - мұндай қиын проблемалардың қолданбалы және теориялық сұрақтарын шешудің негізіндегі мемлекеттің экономикалық жүйелерін ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді құрылымдық сипаттағы шараларды кіріктіреді. Шаралардың екінші бағыты дағдарысты ахуалда және инвестициялардың жоқ жағдайына тап болған кәсіпорындарға жеделдетілген, бірақ қатаң басқарылатын әсер ету сипатына ие. Экономикадағы жағдай экстремалдылықтың белгілерін иемденіп, қазіргі кездегі әлеуеттің елеулі бөлігінің ысырап мүмкіндігінің өсуіне байланысты олардың өміршеңдігін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорынның өміршеңдігі үшін нарықтық сфера оның бәсекеге қабілеттілігін талап етеді, ол мыналардан көрінеді: өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан, инвестицияларды тартудан, икемділікті, жұмылдырылғыштықты және нақты пайданы алуды көтеруден. Өндіріске бағытталған инвестициялардың кенет қысқару және экономикалық дербес шаруашылық субъектілердің инновациялық белсенділігіне мемлекеттің әсер ету мүмкіндектерінің тарылу жағдайында мемлекеттік қолдаудың бірінші кезектегі объектісі болып табылатын нақты жобалармен қатар, технологиялық дамудың стратегиялық басымдылықтарын таңдаудың жауапкершілігі өседі. Мемлекеттік деңгейде мұндай таңдауды әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жағдайын қаржылық-экономикалық болжау және мониторинг жүйесі қажет, ал бұл өз кезегінде шаруашылық субъектінің әлеуетін экономикалық бағалауға, дағдарысты құбылыстардың алдын-алуға және кәсіпорынның бұдан да жоғарғы даму деңгейіне шығару бойынша шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.....
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда. Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді. Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық экономиканың құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әрқилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасына байланысты.....
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі. Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау. Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмас еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. ....
Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі елде ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді. Екі елдің тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды. Курстық жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екі жақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екі жақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен. Негізгі әдебиеттер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екі жақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған. Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ.Тоқаевтың «Ресей мен Қазақстан» атты монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн. Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екі жақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. ....
КІРІСПЕ Әлемдік қаржы нарығының дамуы, әлемдік экономикалық кеңістіктің мүшелері болып табылатын ірі қаржы несие институттарына, өндірістік және сауда корпорацияларына тікелей әсер етеді. Әлемдік нарықтың қатысушылары глобализация, интернационализация процестерінің өз қызметтеріне тікелей әсер ететінін біле отырып қаржы нарығының жаңа даму тенденцияларын ескеруі керек. Осындай компаниялардың қызметі барысында пайда болатын тәуекелдер жылдан жылға көбеюде. Бұл нарықтың қатысушылары белсенді түрде пайдаланатын жаңа қаржы құралдарының пайда болуымен байланысты. Қаржы құралдарын пайдалану қабылданған тәуекелдерді төмендеткенмен қаржы нарығының қатысушыларының қызметі белгілі бір тәуекелдермен тікелей байланысты болады. Сондықтан да менеджер тәуекелге қатысты жағдайда уақтылы, дұрыс шешім қабылдауы керек. Ол үшін болуы мүмкін шығындар мен зияндардан сақтандыру мен хеджирлеудің әр түрлі құралдарын пайдалану қажет. Соңғы жылдары мұндай қаржы құралдарының әдіс-тәсілдері едәуір көбейді. Компания қызметінің тиімділігің артуы қандай құралдың пайдаланылғанына тікелей байланысты болады.....