Реферат: Биология | Әлтерация

Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.

Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге болады.

Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі. Сонымен, бірінші әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Киллер сауысқан

(Көзжендет)

Бұла тірлік атаулыға баз кешірген бұлаң құйрық сауысқан екен...

Бұл болса — сол сауысқан сана билік еткен пенде екен. Қу құлқынның құлы боп, қу нәпсінің тұтқыны боп күн кешіп келіпті. Сауысқан саңғыған саңғырық сезім салғыртсып, сауысқан сорған саңғырық сана кеуіп қалғандай.

Ал ала мойнақ, құба құйрық сауысқан өлі-тіріге саят құрғалы қай заман?! Өлі өлексені де, тірі тірсектіні де жұмырына жұқ құрлы көрген емес.

Дәп бүгін де ауладағы молақ шөрке бетінде сыңар сауысқан шықылықтап отыр. Бөтегесі бос. Молақ бетін амалсыз тұғыр еткен түз құсы секең-секең жортақтап, қысқа мойнын соза жұтынып, ұзын құйрығы шоқаң-шоқаң қағады. Үй іргесінде көлеңкелей отырған иесі қара шалға қос жанары қанжардай қадалулы.

Ақиқатында, қалбиған қара шалға емес, иесінің алдында жатқан қақпыш бастарға көзін сатқан. Бірақ сырғақ сауысқанның қу бас атаулының қабағынан қарауыл қарағалы, көзұясынан жылы-жұмсақ қарбытқалы да көп болды... Балапан кезінен баулынған беймаза құс қой.

* * *

Күн қақтаған қара шалдың қатулы қабағының астында жатқан екі бас та ессіз. Екеуі де шикі, қанды бас. Бірі — арбиған орақ мүйіз арқардікі. Енді бірі – құлағы едірейген көк бөрінікі. Сойылмаған. Бітеу күйі. Көк желкелерінен балтамен шабылғаны көрініп тұр. Бөрінің қасқа маңдайынан қаракөк қылшық пышақтың қырындай көтеріле келіп, шабылған көк желкесінен шорт кесілген.

Екі бас та қаңсып, тістенген қасқа тістері ақсиып, құйқа терілері тұз сіңгеннен қақпыштана кеуіп қалыпты. Жанарлары жоқ. Арқардың жазықсыз жәудірі, бөрінің көк жалыны ғайып болып, орындарында үңірейген қос үңгір қарауытады. Ет жүректі селт еткізер сесті бастар жанары көңілге үрей көлеңкесін түсіреді. Оған бірақ қара шал қыңқ етер емес, еті өліп кеткен сияқты.

Қара шал есік алдына шығып, қорғасындай ауыр бастарды жерге дүрс еткізіп тастай салғанда, анадай жерде тік тұрған жалпақ бет шөрке үстіндегі сауысқан шықылықтап-шықылықтап жіберген еді бағана... Ол қазір қарны ашқанын білдіріп, ащы-ащы шықылық қағып, молақ тұғыры үстінде жорғалап-жорғалап кетеді. Жүрегін жалғар талғажу аңсап, бос бөтегесі бұлтылдап, иесіне ессіз бір көзқараспен еміне түсіп, қиық қанаттарын қозғап, қырандай қомдап-қомдап қояды. Қос басқа сыпсың етіп ұшып-ақ келгісі келеді, бірақ сирағынан сақиналанып салынған балақ бауға ұшталған шығыршықты шолақ баулы ірге бау ешқайда жібере қоймасын біледі. Біледі де бұлтың құс қара шалға мұң шаға, ашу шақыра ащы үн қатады. Ал шал да бір қара тастай болып алған. Кешеден бері құсқа деген ішінде қан қатыпты... Ала қанат болса аштықтан өзегі тала өттеніп, басқа жете алмай топқанат күйге түсіп отыр. Көлеңкеге тізе бүккен иесі болса ыстықтан терін сүртіп, шашын тықырлап алып тастаған тақыр басын жұқа орамалмен жауып алған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Отбасым


Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Менің отбасым-менің барым,байлығым,демеушілерім.Саны 8 адамнан тұратын менің отбасымның әрбір мүшесі өз орнымен ерекшеленеді.Тілге тиек етіп отырған мәселем отбасы жайында болған соң,отбасымның әрбір мүшесін таныстырып өткенді жөн көрдім. «Өлі риза болмай,тірі байымас»,-демекші әуелі отбасымыздың негізгі ұйытқысы атам Махамбетәлиді айтуды дұрыс санадым.Атам 1942 жылы 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып,елге 1947 жылы оралған.Қатардағы солдаттан,сержант әскери атағына дейін көтеріліп-взвод командирінің көмекшісі қызметін атқарған.І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен,Ерлігі үшін,Германияны жеңгені үшін,Сталинградты жеңгені үшін,тағы басқа бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.Міне,атамыздың осындай жарқырап тұрған медальдарын көргенде кеудемізді қуаныш кернеп,ерекше тылсым күйде болатынымызды жасырмаймын.Атам,1948 жылдан бастап Арал аудандық балық қорғау ұжымында кіші учаскелік инспекторлықтан,аға мемлекеттік балық қорғау инспекторы дәрежесіне дейін көтеріліп бір мекемеде үздіксіз 40-жылға жуық қызмет етті.Қызметтестері арасында өзінің кеңпейілділігімен асқан беделге,шексіз құрметке ие болды.Шаңырағымызда атамыздың орны ойсырап тұрғанымен ақжаулықты әжеміз Мәдемі,ол кісінің орнын жоқтатпақ емес. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Бидай изоферменттерінің әр түрлігін электрофорез арқылы зерттеу

Қатты бидай Қазақстанның маңызды дәнді дақылдарының бірі болып табылады. Қатты бидай T.durum L генефондтық сорттарының идентификациялануы мен тіркеуі негізінен морфологиялық белгілері және қорлық белоктар бойынша жүргізілген. Өсімдіктердің сорттары, биотиптері және популяцияларын идентификациялауда молекулалық маркерлер эффективті (белоктық және ДНҚ-маркерлер). Қазіргі кезде генетика және селекцияның әртүрлі мәселелерін шешуге ондаған полиморфты жүйелер пайдалануда. Изоферменттер ферменттердің генетикалық детерминацияланған көптік формасы ретінде белгілі болғаннан бергі уақытта селекция үшін өздерінің ақпараттығы, хромосомалық маркер ретінде тұрақтылығы және анықтау әдісі бойынша басқа да биохимиялық маркерлерген қарағанда қарапайым әрі олармен салыстырғанда анағүрлым нақтылығымен және тұқым қуалауы бойынша кодаминантылығымен т.б артықшылықтарымен көзге түсті. Молеклалық маркерлердің бұл класы қазіргі кезде туыстарды, түрлерді, сорттарды және линияларды идентификациялауда морфологиялық және басқа да генетикалық маркерлермен бірге кеңінен қолданысқа ие болды.
Жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі, «Ұлттық биотехнология орталығы», Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы Институтының «Өсімдіктер молекулалық генетикасы» зертханасында жүргізілді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Уәлихан Омарұлы публицист

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бүгінде мемлекетіміз тәуелсіздігін алған тұста қоғамымыздың даму тарихында жаңа беттер ашылып, жаңа кезең орнады. Бүкіл тіршілік, тынысымызға жаңа леп соны серпін, бұрын-соңды естіп білмеген басқаша бағыт бағдар әкелді. Еліміздің егемендік алып, төрткүл дүниеге танылуы республиканың қоғамдық-саяси және мәдени- рухани өміріне түбегейлі өзгерістер әкелгені рас. Талай жылдардан бері бір жақты, үстем идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген халықтық қазыналарға жаңаша көзқарас туды. Бұған қазақ мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихында елеулі орын алған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дұлатұлы сынды танымал тұлғалардың қызметі мен шығармашылығының саясат құрсауынан азат болуы бірінші кезекте ықпал етті.
Ел өміріндегі осынау өзгеге кіріптарлықтан бостандыққа қарай жасалған алғашқы қадамдар басқа да белгілі қаламгерлердің мол мұрасы шаң басып, қаттаулы қалған небір асыл азаматтарымыздың шығармаларын заман рухына сәйкес қайта зерделеу мен зерттеуге мүмкіндік тудырып отыр.
Қазіргі азат өмір тіл айналымына «демократия», «жариялылық», «жаңару» деген сияқты ұғым, тіркестер енгізді. Өткен өмір, жүрген жол, асқан асуларымызды сын көзбен қайта бір қарап шығуды, бұрмаланған тарихи шындық, болмыс, құбылыстарды қалпына келтіруді, 30-50 жылдардағы қиянатты саяси айыптау мен заңсыздықтардың құрбаны болғандарды ақтауды, өнер өкілдерінің қалдырған қымбат мұраларын халқына қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды талап етіп тұр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ж дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларды ж дыбысы мен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
Сурет арқылы заттың атын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Мотивациялық - Қозғаушы кезең
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманға саяхатқа шығу үшін алдын ала дайындаламыз. Орманның бір түкпірінде қазына жасырылған. Ол үшін біздерге қандай заттар қажет? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Мен-Қазақстанның патриотымын

Менің туған жерім – ұлаңғайыр, байтақ, кең жазира Қазақстан. Отаным, елім, туған жерім... Бұл сөздерде қаншама сыр бар.Туған жер дегенде жүрегім дүр-дүр соғып, елге, жерге деген нәзік сезім пайда болады.Осы патриоттық сезім әр адам үшін алтындай бағасыз, маңызды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі

Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады.
Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыруды мақсат тұтады.
Курстық жұмыстың міндеті: Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
- негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынғаи құрал-жабдықтарын орнату;
- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
- жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | КӨП АЙНЫМАЛЫ ФУНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС

Компьютерлік математика – ғылымы мен техникадағы жаңа бағыт .Ол кластикалық математика мен информатиканың тиісумен туындайды.Компьютерлік математиканың маңыздылығы оның прогрммалық жүйемен қамтамасыз етілуінде және кез-келген математикалық есептерді шешу қабілетінде .Компьютерлік математика жүйесі батыстың mathsost,Mathwors,Maple,Wolsrom сукілді фирмаларда жасалған.Mathcad ғылыммен білімніңң және техниканың әр түрлі аймақтарын автоматтандыру үшін математикалық есептеулеге арналған.Жүйенің аталуы екі сөзден құралған,яғни MATHematica ( математика) және САД (Computer Aided Desing –автоматты жобалау жүйесі немесе АЖЖ ).Сондықтан MATHCAD-ты математикалық автоматты жобалау жүйесі деп аталады.
2.MATHCAD-тың көмегімен кітап ,диссертация,ғылыми есеп дипломдық және курстық жобаларды тек әртүрлі үлгідегі сапалы мәтін мен ғана емес,ең күрделі математикалық формула жиынтығымен,есептеулермен,графиктік көрністермен дайындауға болады.MATHCAD программаның мұндай мүмкіндіктері электрондық сабақтар,лекциялар курсы,электронды кітаптар жазуда маңызы жабдыққа айналып отыр.сонымен бірге компьютерлік математика жүйесі көркем өнер, графика, линвистика саласында кеңінен қолданыс табылды.MATHCAD-тың жаңа нұсқасында құжаттардың көркем түсті эффектілі құрылғы және графикті аниммациялану,дыбысты қосып шығару мүмкінділігі қосылған.Осы артықшылықтарына байланысты мәтіндік,формулалық және графиктік редакторлар қуатты есептеуіш потенциялды орта жүйесімен беріледі.Өте күрделі тапсырмаларды шешу үшін математикалық және графикалық жүйелер және олардың біргуі қарастырылатын.Бұл жүйе әртүрлі математикалық,графикалық және офистік жүйе қатарымен кеңитетін интегралды қамтамасыз етеді.MATHCAD-ты тек қана математикалық есептерде үшін емес басқада қуатты инженерлік автоматтандырылатын жобалау жүйесін дайындаумен бірге,графиктерді
MATHCAD жүйесінің файлдары .mcd кеңейтілуіне ие болады. Мұндай файлдар текстік форматта болады, сондықтан оларды кез келген текстік редакторда оқуға болады. MATHCAD файлдарының құжатында программаның толық тексті болады.
File менюінің ішкі менюі.
New – жаңа құжат құру.
Open – дайын құжатты ашу.
Close – құжатты жабу.
Save – құжатты сақтау.
Save as… - жаңа атпен сақтау.
Colloborabory – жүйені құрушы фирмамен байланыс орнату.
Internet Setup – Internet –пен модем арқылы байланыс.
Send… - электрондық почтамен немесе Internet-пен құжатты жіберу. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0