Сабақ жоспары (ұмж): Тыныс алу процесі (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық элементтер,қосылыстар және адам ағзасы.
Сабақ тақырыбы: Тыныс алу процесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.5.1.4 тыныс алу процесін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: -тыныс алу химизмін түсіну;
-тыныс алудың жану реакциясы екенін түсіну;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Түрік қағанаты

«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Бейтаныс статья


Егіз қыз Виктория мен Инесса Черкасовалардың әкесі Борис Черкасов Алматы облыстық тұтынушылар одағы базасының заң бөлімінің бастығы, ал шешесі Валентина Черкасова екі қыздың әкесінен тіпті де кем түспейді, — Алматы қаласындағы № 2 заң консультациясының адвокаты. Көріп отырсыздар, екеуі де заңды білетін адамдар және заңды білуден осы уақытқа дейін қорлық көрген'жоқ, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Сондықтан да ерлі-зайыпты екеуі биыл екі қызы орта мектепті бітірген кезде бір ауыздан екі қыз да өзіміздің ізімізбен кетсін, екеуі де заң факультетіне түссін десті. Несі бар, болмасын деген оңбасын!

Екі қыз сонымен университеттің заң факультетіне арызды беріп келіп қалсын. Виктория алғашқы емтиханнан-ақ тоңқалаң асып, шығармадан екі алып шыға берді. Жаны мұрнының ұшына келген әке-шеше енді Инессаның тілегін тілеп, соны салмақтады. Несі бар, болмасын деген оңбасын! Әке-шеше бар уақытта баласына жақсылық қана тілеуі керек. Оған кім қарсы болмақ! Бірақ арада біраз күн өткенде әке:шеше иек артқан Инесса да СССР тарихынан мақрұм екен, емтиханнан құлап, шоқпар бас Қисық цифрды арқалап үйіне келді.

Міне әке-шешенің сасқан жері осы болды. Әке-шешеге өмір бойы азық болған заң қызметі оларға ендігі ұрпағыңа қызмет етпеймін дегенде біржола қолдан шығып бара жатқандай елестеп кетті. Нақ осы жерде әке-шеше екеуі бірдей заңды қайта ақтарып, тексеріп бір жылт тапқандай болды. Енді екі қызды кешкі факультетке түсіруді ойлады. Несі бар, болмасын деген оңбасын! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Қасқыр түлкі және есек

Бір күні қанішер қасқыр, айлакер түлкі және аңқау есек үшеуі бір сайдың ішінде жолығысып қалады да жайғасып отырып, әңгімелесе бастайды.
– Біздің басымыз не кешпеді, – депті, түлкі сөзді әріден қозғап. – Осы өмірімізде істеген жақсы-жаман істерімізді айтып, өзіміздің қылықтарымызды өзіміз бір байқап, саралап көрсек қайтеді. Мұнымыз бұдан былай қандай да бір ауыр қылмысқа бармауымыз үшін сабақ болар.
– Сол істеген істерімді айтсам, менің күнәм жеңілдей ме? – депті қасқыр әкіреңдеп. Түлкі бұлаңдай алдын орап, кеңесті қыздыра түсіпті......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай балдырғандар сырласы


Алтын көпір

Балалар ақыны, балалар жазушысы жүрекке жақын, көңілге қонымды осы бір сөз тіркестері кеңестік кезеңде өмірге келді. Сол тұста балалар әдебиеті “Әдебиет” атты қара шаңырақтан еншісін бөліп алып отау тіккені белгілі. Ал оның қаз басқан қадамының арманды адымға айналуына қазақ совет әдебиетінің іргетасын қалаған Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов т.б. Ақын - жазушылар елеулі үлес қосты.

Құнарлы топыраққа түскен түйір тұқым дәл дариясына айналатыны сияқты содан бергі кезеңде қазақ балалар әдебиеті сан - алуан өсуі өркендеу баспалдақтарынан өтті. Сөйтіп, қазақ балаларының сан буыны өздеріне арналған жауһар жырларды оқып, жаттап есейді, тілдік қорын, ой өрісін дамытты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алтай таулы аймағына сипаттама

Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік батыстан оңтүстік шыңыса қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасына арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Соянмен жалғасады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ

Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері

Бітіру жұмысы Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген.
Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған.
Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген.
Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор.
Құрылымы мен көлемі жоғарғы мектептің барлық талаптарына сай келуін ескере отырып,Бітіру жұмысын қорғауға жіберуге болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері

Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар).
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0