Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды өнеркәсіптік химикаттар Сабақтың тақырыбы: Күкірт, оның оксидтері және күкірт қышқылы, сульфаттар және оның қасиеттері Оқыту мақсаттары: 10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру; 10.4.2.3 бұл процесті тепе – теңдік ретінде түсіну және жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алу; Сабақтың мақсаттары: -күкірт қышқылының өндірісін біледі......
Григорий Григорьевич Черкашин (22.11.1921, Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбинск ауданы Рыбное селосы - 13.11.2006, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыш-шабуылшы, звено командирі кейіннен подполковник 1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен соң Красноярск қаласында паровоз вагонын жөндейтін зауытта жұмыс істеген. Қолы бос кезде аэроклуб үйірмесіне қатысқан. 1940 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. Мұнда ол аэроклубтағы оқуын бітірді. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, әуе училищесіне жіберілді. 1943 жылы Чкалов әскери авиация мектебін бітіріп, Р-5 және СБ ұшақтарын игерді. Содан кейін Куйбышев қаласындағы (қазіргі Самара) запастағы 1-ави- абригадада «Ил-2» штурмдық ұшақты игеріп, 672-авиаполкке .....
Төркіні жақын қыз дамыл таппайды. Өзің тұратын қаланың тап іргесіндегі демалыс үйіне тынығу соған ұқсайды екен. Қаншама алаңсыз боламын дегенімен бола алмайсың, екі күннің бірінде сары портфельді салақтатын, қала қайдасың деп, тартып бара жатқаның.
Сенбінің кешінде үйге кетіп, мұнда бүгін оралсам, биллиардшы достарым ұясын аю талқандан кеткен арадай гу-гу етеді.
— Ойбай, осында тынығуға жалғыз қолды біреу келіпті, биллиардты ғажап ойнайды! Ұтпаған адамы қалған жоқ...
Жай ғана мықты биллиардшы келіпті десе, мен әрине, таңырқамас едім. Ал мынау өзі жалғыз қолды, өзі мықты биллиардшы. Жалғыз аяқты керемет жүйрік біреу келіпті деген секілді құлаққа сөкеттілеу естіледі. Кім екен деп, көріп - білгенше ынтық болдым.
Сөйтсем, жұрттың өрепкіп, әңгіме етіп жүргендері өзім жақсы танитын, ағарту мекемесінің бірінде үп - үлкен қызмет атқаратын биязы әсем жігіт Халел болып шықты. Meн, бірақ, оның биллиардшы екенін білмейтін ем.
Амандасып болысымен:
— Ау Халел, сені жұрт керемет биллиардшы дейді ғой? Сондай да өнерің бар ма? Мұндағы ойыншыларды жайпап салған көрінесің? — дедім.
Өзінен шашы бұрын қартайған буырыл бас Халел сыпайы ғана күлімсіреп:
— Е, біздікі деген жай ермек қой, — дейді.
— Ермегің мынадай болғанда, ермек емесің қандай? Мүмкін екеуміз ойнап та жіберерміз?
— Еркің білсін.
Міне, біз биллиард ойнайтын бөлмедеміз. Осында тәуір екі ойыншы болса, біріміз деп жүргеннің өзімін. Халелмен күш сынасып көруге ынталы - ақпын. Бірақ жалғыз қолды адам биллиардты соншалық ғажап ойнайды дегенге іштей сене де қоймайтын тәріздімін.
Халелдің оң қолы иық түптен жоқ, бары тек сол қол. Екінші дүние жүзілік соғыспен ол есепті солай айырысқан. Соғысқа бір қолын садақа етіп берген де, шыбын жанын аман алып қалған.
Қасақана автобустың да кешеуілдеуін-ай! Қызметтің басталуына бес-ақ минут қалды. Қайта-қайта сағатыма қарап, берекем әбден қашты. Қысылтаяң осы бір шақта, бастығымның «жылдық есеп, столымның үстінде болсын» деген кешегі тапсырмасы есіме түсіп, одан бетер қатты үрейлендім. Оның әжімсіз, торсиған толық саусақтары тұмсығыма кеп оқыс тірелгендей болды.
Әйтеуір, автобус та жетті-ау! Есігі ысырылып ашыла бергенде, бір жамбастап әзер-мәзер ішіне ендім. Иін тірескен адам... Шымшыма шайпау сөздер құлаққа түрпі дей тиеді. Қап ішінде торсылдаған торайлар, қыт-қыттаған әтештер, бәрі де көк базарға бара жатқан дүние!.. Біреудің добалдай етігі балтырымды сүйкеп өтті. Автобус әр жерде бір аялдаған сайын, тұздалған балықтай біз сіресе бердік, сіресе бердік... Бастығымның қолағаштай жұдырығы көзіме қайта-қайта елестейді. Әлдене болмақ? Ой, тәубе, сақтай гөр! Алған билетімнің номеріне қарап едім,— бақытты билет! Бүгін жолым болады екен. Он бойымды шарпыған қорқыныш шегініс жасап, көңілім жай тапты. Әлдекімнің етсіз, епшіл саусақтары сырт қалтамды еркі .....
Алдан енді осында келгеніне өкініп отыр. Өзі әлденеден қорыққандай қимылсыз отыр. Алданның ауылдағы бәлекей келіншегі мен бір-біріне іркес-тіркес дүниеге келген аюдың қонжығындай қос ұлына деп сатып алған заттары бар дорбасы аяқ киімдер шешетін жерде босағада сүйеулі тұр. Алданның қарны ашып-ақ отыр. Бірақ алдындағы үстелдің үстінде тұрған тамақты жеуге төрде төбедей болып ұзынынан түсіп сұлап жатқан еркектен батпай отыр. Өйткені осы тамақ та, дастарқанның иесі де - осы кісі. Алдан соның қабағына қарап отыр. Тамаққа қолын созайын десе, қасығы шық етіп ыдыстың шетіне тиіп кететін секілді. Алдындағы кеседе тұрған шайды ұрттайын десе, жұтқыншағы құлқ ете қалатын сияқты. Төрдегі еркектің мысы әбден-ақ басып, берекесі қашып отыр. Бағана ауылына баратын автобусы келемін дегенше, көшеден бірдеңе жей салмай, осы үйге келгеніне қынжылып-ақ отыр. Шай құйып отырған тарамыстай қатқан қара әйел Алданға бір-екі рет "шай іш" деп күбір етті. Төрде төбедей боп жатқан еркек қасықты толтырып алып, аузына асайды да, ұрты бұлт-бұлт етіп шайнаңдайды. Бір кезде аузына тамақты толтырып асады да, жағы сырт-сырт етіп шайнап отырып, Алданның арқа тұсындағы іргені көрсетіп "ім, ім..." деді. Алдан артына бұрылып қарағанда іргеге тақала жатқан газетті көрді. "Газет пе?" - деді Алдан. "Ім... Ім". Еркек шайнаңдап отырып, басын изеді. Алдан газетті қолын созып-ақ алып бере алатын еді. Бірақ, неге екендігі белгісіз, орнынан ұшып тұрды. Сөйтті де, жеп-жеңіл газетті қос қолдай көтеріп, алақанына салған күйі бейне бір мәртебелі мейманға қызмет жасап жатқан даяшыдай еркекке ілтипатпен ұсынды. Еркек Алданның мұнысына мән де берген жоқ. Газетті қолына алған күйі шынтақтап жатқан жастығының аржағына жая салып, жастықты бауырына жиып алған күйі етпетінен аударылып түсті. .....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: Тіл тарихын білмей тұрып, оның болашағын болжау мүмкін емес. Тіл өзінің дамып, қалыптасуы барысында талай ғасырларды басынан кешіреді. Тілдің қалыптасуының бір көрінісі ескерткіштер тілі болып табылады. Ескерткіштер тілін зертеудің маңызы – ол тіліміздің қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын анықтап бере алады. Тіліміздің барлық нәрі осы ескерткіштер тілінде сақтаулы, яғни қазіргі тілімізіде қолданылып жүрген түбір мен қосымшалардың бастапқы тұлғаларын ескерткіштер тілінен көре аламыз. Ахмет Ясауи тілін морфологиялық жағынан зерттей отырып, біз сол дәуірдегі тілдің қазіргі тілмен айырмашылығын, өзіндік ерекшелігін байқаймыз, яғни А.Ясауи «хикметтерінің» тілі қай дәуірде жазылса, сол дәуірдегі тілдің жай - күйінен хабар береді. Зерттеудің нысаны: Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде А.Ясауи «хикметтеріндегі» сөздің құрылымы алынды. Соның негізінде А.Ясауи тіліндегі түбір мен қосымшаны зерттеу көзделді. Сөз құрылымындағы ерекшеліктер қазіргі қазақ тілімен және тағы да басқа ескерткіштер тілімен салыстырылды. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғалардың шығу тегіне шолу жасалды. Бұлар мен қатар ескерткіштер тіліндегі сөздердің бір тобы бірікен-қосарлама сөздер назарға алынды. Сонымен қатар, ғалымдардың пікірлеріде зерттеу жұмысының бір нысаны ретінде қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты А.Ясауи тілінің грамматикалық ерекшелігіне сүйене отырып, оның қай тіл тобына жататындығы туралы нақты бір шешімге келу. Ол үшін тілдік тұлғалар басты назарға алынып, талданды. Түбірлердің қолданылу аясын анықтау. Қосымшалардың соның ішінде, зат есім, сын есім, етістік тудыратын жұрнақтардың сол дәуірде қолданылуын анықтау. Жалғаулардың (көптік, септік, тәуелдік) өзіндік ерекшелігіне назар аудару, «Хикмет» тіліндегі сөз құрамын анықтау, яғни түбірден соң қосымшалардың жалғану тәртібіне көңіл бөлу. Сөздердің тағы бір тобы біріккен-қосарлама сөздеріне тоқталып, ескерткіш тілінде оның табиғатын қарастыру. Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері – салыстыру, ғылыми тұрғыдан талдау. Жұмыстың жаңашылдығы: Ескерткіш тілінде, қазіргі қазақ тілінде де кездесетін тұлғалардың қолданылу аясына тоқталып өтілді. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғаларға ғалымдардың пікіріне сүйене отырып сипаттама берілді. Мұсылман әлемінде аты әйгілі, жаңа кезеңдегі сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын, әрі ойшыл, философ Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Қожа Ахмет Ясауи ХІ-ХІІ ғасырларда Яссы (қазіргі Түркістан) шаһарының маңындағы Испиджаб (қазіргі Сайран) қаласында дүниеге келген. Жеті жасында жетім қалып, Арыстанбабтың тәрбиесінде болған. Өсе келе Бұқарға барып Хамаданиден сопылық ілімін үйренеді. Қожа Ахметтің заманы түркі тайпаларының басы қосылып, құдіреті күшті елге айналуға бет бұрған, ислам дінінің үстемдік құра бастаған кезі болатын. Бұл кез ІХ-ХІІ ғ аралығында билік еткен Қараханид әулетінің алғаш рет ислам дінін қабылдаумен бірге оны идеалогиялық деңгейге көтеріп, мұсылмандықтың жерсінуіне, жергілікті халықтың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт - санасымен үйлесіп кетуіне де ықпал еткен заман болған. Түріктердің бұрынғы дәуіріне қарағанда, ислам діні өзін түркі халқының өміріне әлдеқайда икемді дін екендігін толық көрсетіп, түркі елін біршама жоғары дәрежеге көтере бастаған кез болатын. Қара халықтан шығып «Хазіреті Сұлтан Шейх – ул-Ислам Қожа Ахмет Ясауи шайық» атанған. (Қазақтар оны көбінесе «Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи» немесе «Әзіреті Сұлтан» деп атайды). [2.29]....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады. Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский. Зерттеу міндеті: «Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады. ....
Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді. Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі – бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ күрес бойынша Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның ІІІ чемпионатында Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның, Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында бірінішілік үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары – атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен палуандар қатысты).....
Біздің ел – Қазақстан Республикасы – бұл жүзден астам адамдар тұратын ел: орыстар, қазақтар, немістер, украинецтер және т.б. Біздің Отанымыздың үлкен және кіші халықтарын есептеуге өте қиын. Қазақстан – бұл барлығымыз үшін Отан. Біздің көбіміз мұнда туды, өмір сүреді, білім алады, біздің Отанды дамыту үшін жұмыс істейді. Қазақстанда он бес миллион адам тұрады . Мында тұрғандардың бәрі тілді, тарихты және қазақ халқының дәстүрін білуге талпынады.Қазақ халқы өте қонақжайлы және Менің Қазақстаным – бұл ең қымбатты, мәнді,......
Кіріспе Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңның 6-1 бабына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады: ....