Сабақ жоспары (ұмж): Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер тіршілігі. (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар: Көбею
Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер тіршілігі.
Оқу мақсаттары: Оқушылар:
- ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік айналымдарының ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар
- жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі.
- жабық тұқым өсімдіктерінің гаметофит пен спорофит ерекшеліктерін анықтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі негізігі кинематикалық теңдеулер мен ұғымдар (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі негізігі кинематикалық теңдеулер мен ұғымдар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.1–бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі көмегімен орын ауыстыру формуласын қорытып шығару..
Сабақтың мақсаты: Оқушы білуі тиіс…
- бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі көмегімен орын ауыстыру формуласын трапеция ауданы бойынша қорытып шығару;
- бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде орын ауыстыру модулін анықтау;
-бірқалыпты үдемелі қозғалыс графигін саралап,соның көмегімен қозғалыстың орын ауыстыру және жылдамдық теңдеулерін қорыту.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аморфты зат

морфты зат (гр. а — жоқ; гр. morphe — пішін, форма; гр. substantia — зат) — борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын, атқаратын қызметіне сәйкес қоймалжындығы өзгеріп отыратын гел тәрізді іркілдек пішінсіз масса[1]. Әртүрлі мүшелердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушааралық тірі затындағы негізгі аморфты заттың мөлшері мен химиялық құрамы сол ұлпаның қызметі мен жағдайына байланысты ұдайы өзгеріп отырады. Негізгі аморфты зат — гликозаминдігликандардан, протеиндігликандардан, гликопротеидтерден, судан жөне түрлі бейорганикалық тұздардан түрады. Бұлардың ішінде аморфты зат қүрамының негізін сульфаттанбаған гликозаминдігликандардың күрделіполимерлі түрі - гиалурон қышқылы құрайды. Бұл қышқылдың ұзын тармақталған полимерлі тізбегі әртүрлі бағытта иіліп, аралықтарында ұяшықтары мен өзектері болатын молекулалық тор жасайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Снежанда и Солнышко

Жили-были две королевы. Королеву зимы звали - Снежанда, а королеву лета – Солнышко.

Снежанда была очень суровая, строгая, не любила смеяться. У нее было ледяное сердце. А королева лета Солнышко была очень добрая, весёлая, всё время улыбалась, всем дарила свою теплоту.......
Сборник сочинений
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз.
Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Алдыңғы аяқ

Алдыңғы аяқ (қол) қанқасы (skeleton membri thoracici; гр. skeleton — қаңқа, лат. membra — аяқ, лат. thorax — көкірек) — жануарлардың алдыңғы аяқтарының (адамда қолдың) сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқ (қол) қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: иық белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Алдыңғы аяқ (қол) иық белдеуінің қаңқасын (skeleton cingulum membri thoracici): құстарда — жауырын (scapula), бұғана (clavicula) және құстұмсықша сүйек (os coracoideum); адамда, маймылдар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда — жауырын мен бүғана; үй жануарларында (түяқты жануарлар мен иттерде) — тек жауырын құрайды. Алдыңғы аяқ (қолдың) еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (skeleton membri thoracici liberi) — өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) бөліктен тұрады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ОЖЖ –нің зақымданулары

ОЖЖ –нің зақымданулары.



Себептері: созылмалы оттегінің жетіспеушілігі /гипоксия, асфиксия/, әр-түрлі инфекциялар, интоксикациялар, мидың механикалық жарақаттануы /қысылуы, қан құйылу т.б./



Клиникасы: ОЖЖ-нің зақымдану белгілері туылғаннан соң бірден немесе 2-4 күндері көрінеді.



1.басылу немесе тежелу синдромы-бала селқос, қозғалыс белсенділігі төмен, рефлекстері төмен немесе жоқ.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Көңілді кеш


Алматы көктемінің тамаша бір салқын кеші. Әзімбай тротуарды бойлап, ойға қалып келеді бүгінгі кешті қалай өткізсем екен?

Кенет оның бет алдындағы биік үйдің жанында электр сәулесімен қызылды-жасылды болып құбыла жазылған «Ресторан» деген сөз жарқ ете қалды. Әзімбайдың бұл оншалық жек көрмейтін орны. Мм... деп ол майданда жарқышақ тиіп, кемтар болып қалған бұжыр алақанымен мұртын уқалады. Жүрісі де баяулап, батпақ кешіп келе жатқан адамша ілбіді де қалды. Ой үстіне ой келді.Кірсе жаман болмас еді. Кешті көңілді өткізіп, шалқып қайтуға болушы еді. Бірақ жоқ жомарттың қолын байлайды. Командировканың ақшасы адамды жарыта ма? Қалаға бұрын келіп жүргенде Әзімбайдың өзіндік тағы да бірдеңелері болушы еді. Бұл жолы оның реті келмеді.

Әзімбай мұнда әлі де үш – төрт күн болады. Әр күні үш мезгілден тамақ ішуі, қонақ үйге төлеуі. Содан соң автобустың жол ақысын төлеп Н. Ауданындағы үйге жетуі керек. Қаладағы бар ақша сондық қала. Қой болмайды.

Әзімбай тоқыраудан шығып, аяғын тездетіңкіреп басты. Ресторанның есігіне жалтақтай қарағанмен бұрылмады. Қатар – қатар көп терезе бұлар да ресторандікі. Адам аздау секілді. Сыра салған бөтелкелер, графиндер көзіне шалынғанда, Әзімбай тағы да қобалжыды.Алматыға айына да жылына да бір келгенде, тым құрыса бір рет сыраға тойып қайтпау деген... Әзімбай тағы да ілбіп, көңілінде есеп жүргізе бастады: кешкі тамақты бәрібір ішуім керек. Соның орнына екі-үш бөтелке сыра алсам. Жарайды, арзандау бір тамақ және алайын. Пәлендей қымбатқа түспейді. Оның есесіне ресторанда болып, музика тыңдап уақыт өткізіп қайтам.

Кір, кірме деген екі ойдың біріншісі еңсеріп әкетті. Әзімбай бұрылып, қайтадан кейін қарай жүрді. Екінші кереғар ойдың да жағы семер емес. «Кірме! Кірме! Кірме!» дейді. Кірген соң сенің жайың белгілі ғой дейді. «Жоқ, әлгі есебім есеп, бір грамм да татпаймын» — деп, Әзімбай өзіне өзі ант бергендей болды да, ресторанға кірді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Өз обалым өзіме


Қазақта бір ұлы мақал бар. «Бір күнгі қонақ — құт, екі күнгі қонақ — жұт». Осы мақалды өзгертіп айтқанымызда: «Өлерман ауру кісінің айналасында «саған не болды?» деп зырылдап жүгіріп жүреді екен» (это настолько правда, настолько лицемерия 700 другой вопрос). Үшінші күннен кейін естіртіп айтпағанымен, қарт ауру кісіден барлығы зерігеді екен. Естіртіп айтпағанымен, «Қашан өлесің» деп іштерінен ойлайды екен. Бір жеті өткеннен кейін, туған-туысқан былай тұрсын, қойныңда жатқан «адал жарың» аузыңа су тамызбастан, халіңді ойламастан, 14-15 сағат біреудің үйінде қонақта болып, сылқылдап өсек айтып, ұялмастан үйіне қайтып келеді екен. «Қатты ауру» орнынан тұрып барып су ішерге шамасы жоқ, аштан-аш жалғыз жатқан кезінде ойына әртүрлі нәрсе кіреді екен. Өлемін десе, ажал келмейді. Сүйенейін десе, тірегі жоқ. Таңдайы кеуіп жатқан кезінде басында бір тамшы суы жоқ, жақыным деген адал деген жары басқа үйде өсек айтып, қарқылдап отырады екен. Жетім бала — кінәмшіл, ауру кісі — тырысқақ деген қазақта сөз бар. Кінәмшілдік пен тырысқақтықтың екеуі басыңа бірдей түссе, оның үстіне жақын деп жүрген кісілерден көңілің қалса, ауру кісі түгіл сау кісіге өте ауыр. Соларды өз басымнан өткізіп бара жатырмын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Шыңғыстау


I

Базар хикаяшыл, тіпті қиялшыл қарт болатын. Қазір мына қасында отырған баласы Медеттің кішкене күнінде Базар айтпаған ертегі, хикая қалған жоқ шығар. Ол әңгімелер ішінде кезеген ерге кездескен ат басындай алтын қандай көп еді. Ғашықтық сағымына бой ұрған сұлу жас жігіттің алдынан қашатын басы алтын, арты күміс киіктер қаншалық еді. Тылсым есік, тас қамаудың ар жағынан, жер астынан табылатын, дүр гауһардың ортасында отырған сұлу перизат шаһзадалар – бәрі-бәрі мол еді. Жүрген аяққа жөргем ілінгендей боп ерінбеген ер әлгі сұлуды алып, қазына күреп қайтатын. Кім біледі, әлде, тіпті, бүгін инженер-геолог болып кен іздеп жүрген Медеттің осындайлық алтын байлық іздегіш болуына сол бала шақта әкесінен естіген қиялдық сұлу әңгіме-аңыздар себепші де болған болар. Бірақ бұл күнде ешкімнің ойында жоқ. Әке мен баланың көріспегеніне тоғыз жыл болыпты.

Жас оқымысты, инженер Медет өзінің оқу, өсу жолында әкесін ұмытқан жоқ-ты.

Өйткені Медеттің білгені мен көргенінің бәрі Базармен жауласып, оған қайшы кеп, оны жеңіп, тонап отырды. Әкесі Ескендір Зұлқарнайынды мұсылман деуші еді. Ескі Юннан тарихы оны бекер деді. Жерді көтеріп тұрған көк өгізді Коперник жоқ етті. Қазақтың түбі Мұхаммед пайғамбардың сахабасы Ғақашадан тарайды деп еді. Оны моңғол-түрік тарихы теріс етті. Дүниенің шеті Қап тауы, ол диюлар, перілер мекен еткен жер десе, дәл сол Қап - Кавказ тауларында экспедицияда жүріп, Медет өзі үйленіп те қайтқан.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0