Дәрігер мен пациент заң алдында тең. Дәрігер пациентпен “сыпайы, ұқыпты,мейірімді” болу керек! Гиппократ этикасы- бұл моральді-этикалық жүйе, дәрігерлік практиканы реттейтін, дәрігер-пациент қатынасын анықтайтын, дәрігердің басқа дәрігерге деген қатынасын айтады. Дәрігер мен пациент әлеуметтік денсаулық сақтау институтының шегінде теңқұқылы болып келеді.
Емделудің ең тиімді жолы – квалификациялы специалистерге көріну. Пациенттерді емдеу процесі бірнеше тізбектелген этаптардан тұрады: пациентті зерттеу, диагнозды қою, емдеу тактикасы мен схемасын таңдау, емдеу тәсілін пациентпен бірге талқылау, емдеуді жүргізу және реабилитациялық іс-шаралар. ....
На вопрос, каким будет Казахстан в 2050 году, Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев ответил, что это будет страна с единым сплоченным народом. «Мы являемся одним народом, одной страной с одной судьбой» - сказал Глава государства. Сплочение казахстанского общества в единый народ необходимо для того, чтобы Казахстан ускоренно развивался. На протяжении веков на исторической земле казахов проживали представители различных национальностей.....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақтың тақырыбы:Сынып бөлмесінің сызбасы №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1 Зейін қойып тыңдау 1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. 2.6 Сөйлеуді бағалау 1.2.6.1 Қарапайым ауызша айтылымдарды қайталайды. Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөздерді тыңдайды, түсінеді. Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. Өздері сол сөздерді сөйлемде қолдана алады....
Қазақстан Республикасы үшін басты мақсат – бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру. Мұның негізгі көрсеткіші – білім мен ғылымның өркендеуі. Білім саласында бәсекелестік қабілеті бар мамандарды дайындау және инновациаларды белсенді енгізуді келесі он жылдыққа Ел басының қойған тапсырмаларының бірі. Ерекше көңіл техникалық білім беру жүйесіне беріліп отыр, себебі мұндай мамандарды дайындау Қазақстанның индустриалды – инновациалық даму Стратегиясын жүзеге асырудың негізі болып табылады. « Текстиль материалдарының жалпы технологиясы » оқу құралы халқаралық білім беру стандарттарына сәйкес жоғары сапалы, кәсіби білікті мамандарды дайындауға арналған. Оқу құралында иірімжіп, мата тоқу, трикотаж және текстиль беймата өндірістерінің технологиялық процесстерінің мәні, олардың теориялық негіздері келтірілген. Жоғары сапалы текстиль бұйымдарын өндірумен байланысты мәселелерді қарастыру, негізгі технологиялық процесстерді талдау және тиімділігін көтеретін шарттарды табу. Текстиль материалдарының технологиясы дегеніміз - иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата материалдары және талшықтар мен жіптерден жасалған басқа да текстиль бұйымдарын өндіруді қамтамасыз ететін процесстер мен құрал – жаблдықтар туралы білімдер жинағы. Технологиялық процесстердің сипаттамасы бойынша технологияны механикалық және химиялық деп екіге бөледі. Текстиль өнеркәсібінің кәсіпорындары иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата жаймаларын және текстильді табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған басқа да бұйымдар өндіреді. Өңделетін текстиль талшықтары мен химиялық жіптердің түріне байланысты текстиль өнеркәсібін мынандай салаларға бөледі: - мақта, мақта талшықтары немесе оның химиялық талшықтар қоспасынан алынатын біртекті жіп немесе ширатылған жіптен жасалатын мақта және жартылай мақта маталарын өндіреді; - жүн, әртүрлі жүн талшықтары (қой, ешкі, түйе және басқа жануарлар) мен оның химиялық талшықтар қоспасынан алынатын біртекті жіп немесе ширатылған жіптерден жасалатын жүн және жартылай жүн маталарын өндіреді; - зығыр, зығыр және басқа да зығырлы талшықтардан жасалатын маталар жартылай зығырлы маталар, зығырлы ширатылған бұйымдар өндіреді; - жібек, табиғи жібектің ширатылған жіптерінен алынатын жібек маталарын, жібек иірімжіптерін, химиялық ширатылған жіптер, химиялық талшықтардан алынатын иірімжіптер өндіреді. ....
Кіріспе Әңгімелеу және бейнелеу тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Әдістеме бұл оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады. Тарихты оқыту әдістемесі өзектілігі – нақты міндетті шешудің, қандай-да бір нақты мақсатқа жету тәсілі болып табылады. Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері-әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары төмендегіше айқындалған: - оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі; - тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту; - отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру; - халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылықпен құрметін дамыту. Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Тарихты оқытудың міндеті - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. ....
Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат беру. Білімділік: Балалады қазақ халқының қол өнерімен таныстыруды жалғастыру. Қоғам өміріндегі еңбектің, халық қол өнерінің рөлін түсіндіру. Дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, ою – өрнекті жапсыруды үйрету. Қайшымен жұмыс жасауды үйретуді жалғастыру. Дамытушылық: Баланың есте сақтау қабілетін, саусақ ұсақ бұлшық еттерін, зейінін аударуын, елесін дамыту. Тәрбиелік: Қазақтың қолөнерін құрметтеуге, өнердің мәңгі өшпейтін ою - өрнектердің сыры мен қырын білу арқылы, балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Киіз үй, үй жабдықтары, ұлттық киім-кешектер мен бұйымдар, қазақтың ою - өрнектері бейнеленген суреттер, әр балаға үлестірмелі материалдар, желім, сулық. Билингвальды компонент: ою - өрнек – орнамент, киіз үй - юрта.
Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Жүрек жылуын салайық. Жиналған бар жылуды, Қонақтарға шашайық. Ғажайып сәт: Ішке көңілсіз болып қошқар мүйіз оюы келеді. Тәрбиеші: Балалар бұл қошқар мүйіз оюы емес пе? Ою сен неге көңілсізсің? Қошқар мүйіз оюы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Өрнек әженің Қошқармүйіз оюымын. Мен достарымнан ажырап қалдым. Сендер маған достарымды табуға көмектесесіңдер ме? - Ия, көмектесеміз. .....
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін: - банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар; - басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер; - депозиттік операциялар; Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді: - депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады; - депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады: - депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет; - депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн; - депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек; - депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн; Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. ....
Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-тендігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғынға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық-демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникациянын, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалык, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіңдік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі белік бірін-бірі толықтыра отырып емір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, тәртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқа-растар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы түрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Өзінің бастауын тану — адамзат болмысының маңызды құбылысы болып табылады. Бәрімізге белгілі, әрбір ұрпақ тарихты өзіне жаңаша ашады. Антика мәдениетіне байланысты жоғарыда айтқанымыздың туралығын дәлелдей аламыз. Ол үшін Ренессанс (Қайта өрлеу) дәуірін еске алсак жеткілікті. Грек-римдік көне антикалық мәдениеттің жетістіктеріне арқа сүйеген Ренессанс мәдениеті бүкіл Еуропаның болашағына тірек болған ұлы мәдени кезеңдердің біріне айналды.....
1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады, сонымен бірге онда бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында болмаған көптеген нормалар пайда болды. Жаңа Азаматтық кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт санынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодексті тым толықтықта айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі, онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр-түрлерімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату шарты жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар берілген. Кәсіпкерлік шарттың ерекше сипаттары тауар жеткізілімі шартына арналған нормаларда көрініс тапқан. Кез-келген қазіргі заманғы мемлекет жағдайы үшін сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл да азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерде ескерілген. Жекешелендірілген, мемлекеттік және сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді. Бұрын әрқашан реалды болып келетін сыйға тарту шартына қазір өзгеше сипаттар берілген, енді бұл шарт консенсуалды да болуы мүмкін. Сыйға тартуға тыйым салу анық бекітілген. Ренталық қатынастар бұдан бұрын тек өмір бойы асырауда ұстау жағдайы қарастырылған сатып алу-сату шартымен ғана негізделетін, қазір рента институтына оның (белгілі бір мәселелері болғанымен), өзіндік мән берілген. Азаматтық кодекс шеңберіндегі жаңалықтарға ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) және есеп айырысу-несиелік қатынастарды реттейтін (бактік есеп шот, ақша аударымы, банк салымы), шарттар туралы нормалар жатады. Сақтау шарттары бойынша тауар қоймасында сақтау туралы нормаларды енгізу туралы айтуға болады. Сенім меншігі жөніндегі ұзаққа созылған пікірталастар Азаматтық кодекс нормаларында мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастарын бекітуге әкелді. Сонымен бірге кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты қарастырылған, бұл шарт та бұрынғы заңда болған жоқ. ....
Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтак кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды. Сюнну этнонимінің мазмұны мен накты калай айтылатыиы әзірше айкын емес. Зерттеулердіңкөрсетіп отырғанындай, оныңежелгі кытайлыктранс-крипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр3. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-нуларға сабактастығын сақтап калған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай ксліп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапкыда «ғұн» тайиаларының ақсүііектеріне арналып аптыл-са, сюнну (хунну),яғнитрундар ғүндардеп саналмаіанын білдірмейді. Трун және ғүн терминдері бір ғана этникалык-саяси кауым жөнінде колданы-лған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдек,-айда мол қауымды білдірді. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды5. Меде билік ет-кен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сый-лық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі төлеп тұрды.....