Әңгіме: Айдың әппақ сәулесі...

Өңім бе, не түсім бе, жанарымның жарқылы сол бір бейтаныс бейненің әлденеше рет бой көрсетуін тағы бір мәрте аңғарғандай. Көзайым боларлықтай таңғажайып па екен өзі? Әлде, көз жауын алатындай емес, көңілге дақ салатындай келбетсіз кескінге, тартымсыз тұрпатқа ие ме? Сансыз сауалдар санама сыймай, сергелдеңге салды. Ойыма оралса – жаным тыныштық табады, жадымнан жырақтаса – көкірегімді мұң кернейді. Қандай алапат күш бұл? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласының болашағы бар ма

Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономиканың дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар

Аксиаль роторпоршеньді машиналар аз өлшемдерде жоғары өнімділікпен және едәуір қысымдармен болып келеді, сондай-ақ олардың айналатын бөлшектерінің екпіні аз және реттеу дәлдігі жоғары. Бұл айтылғандар олардың қолданудың кеі аймағын қамтамасыз етеді.
Тау кен өндірісінде АПРМ-дар арнайы орындалған және сериялы шығарылатын машиналар ретінде қолданылады. Сериялы машиналар 1200л/мин-ке дейінгі өнімділікпен 20,0 МПа-ға дейінгі қысымға арналып шығарылады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Білім беру парадигмалары

Кіріспе
Парадигма зерттеу міндетінің шешім улгісі ретінде қабылданған теория екендігі белгілі. Жалпы парадигма дегеніміз – ғылымдағы белгілі бір тарихи кезең аралығында орын алатын мәселені қою мен шешімін табудың, зерттеу тәсілдерінің концептуалды моделі немесе сызбасы. Ғылым философиясына бұл ұғымды нормативті методологияны сипаттау мақсатымен Г.Бергман енгізіп, ғылыми революция теориясын сипаттайтын өзінің ұғым жүйесін ұсынған Т.Кунмен дамытылды. Кунның пікірі бойынша парадлгмалардың
Ауысуы ғылыми революцияны білдіреді.
Мысалы, Н.Н Ероменко келесідей парадлгмаларды бөліп көрсетеді.
― жалпы ғылымдық, қызмет түріне, білім саласына тәуелсіз қоғамдық масындалатын;
― жеке(арнайы) , білімнің әртүрлі саласына теориялық негізді қалыптастыратын және саладағы қызметте қолданылатын;
― локальді белгілі бір өркениет немесе елдің жеке прадигмаларын қолдану. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Қазақстанның сыртқы эканомикалық саясатындағы Қытай

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алаңның ауданның физикалық географиялық экономикалық жағдайлары

Тұрлан гефизикалық экспедициясы Каспиймаңы ойпатының шығыс енеумаңы бөлігінде, әсірес Ақтөбе – Астрахан күмбезінің іргетасында1987 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейсмикалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудырған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ – 5150 – ді пайдаланған. Берілген есеп беру сейсмикалық материялдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудырған.
" 1986 – 1990 жж. және 2000 жылға дейінгі кезеңде ССР – дің негізгі бағытта экономикалық және әлеуметтік дамуында" елдің жаңа ірі мұнайшығару кешенінің біріктілуі алдын ала ескеріледі, өзінің мағынасы бойынша тең Батыс – Сібір, ашық базада Каспиймаңы ойпатының аймағында Астрахан, Тенгиз, Қарашығанақ және Жаңажол кенорындарында. Осылармен байланысты Каспиймаңы ойпаңыңда геологобарлау жұмыстарының көлемінің елеулі өсуі алдын ала қарастырылады.
Cоңғы болжамды бағаларға сәйкес бұл ауданның жоғарғы болашағы бар мұнайгаздылығы Қарашығанақ, Жаңажол, Кеңкияқ, Урихтау және т.б. аудандарында мұнай және газ кенорындарының ашылуымен тұжырымдалатын, боррты аймақтардың тұзасты түзілімдерімен байланысты.
Көмірсутектердің негізгі қорларымен келтірілген карбонатты түзілімдер бірінші ретті объектілер ретінде қарастырылады.
Бактыкарын партиясы 8/85 – 88 Турлан геофизикалық экспедициясымен МОГТ және ОГИ МПВ сейсмобарлау жұмыстары орындаған, ауданның карбонатты түзілімінің кеңінен дамуы Темір кенорнының фундаменті болып табылады.
Административтік тұрғыда жұмыс аймағы Темір ауданы Ақтөбе облысында орналасқан ( 1 – сурет ).....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Казахстан когамдык дамуы

Қоғамның саяси өмірі. Тоқырау құбылыстарының ұлғая түсуі. Демократиялық институттардың қатып-семуі мен формалды сипат алуы Кемелденген социализм "тұжырымдамасының" салтанат құруы. КСРО мен Қазақ КСР Конституцияларының қабылдануы. Ұлтаралық қатынастар. Ақмоладағы оқиғалар. КСРО сыртқы саясатының қайшылықтары. Семей полигоны. Ауғанстандағы соғыс. Дүниежүзілік социализм дамуының бәсеңдеуі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі келеңсіз құбылыстарды жою жөнінде шаралар қабылдаудағы солқылдақтық. Ұзақ мерзімді салалық аймақтық (территориялық) бағдарламалар жасау және жүзеге асыру. Экология. Рухани өмір.
70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленді. 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды, түбегейлі ұмтылыстар орын алған еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глеядан - нейроглядадан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлік қызмет атқарады.
Жүйке торшалары жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділер болады. Қысқа өсінділер – дендриттер, ал ұзын өсінді – нейрит немесе аксон деп аталады. Дендриттер сырттан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейриттер нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы мүшеге жеткізеді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады. Бір жүйке тамырдың құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Жүйке тамырларының негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нәтижесінде нерв жүйесінде туындаған процесті айтады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы саясаты және қаржы механизмі

КІРІСПЕ
Қаржы саясатын өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясаты қамтиды. Өзкезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы ролді орындайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын аеықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізлеледі.Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстанның экологиялық аймақтары

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км). Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0