Шығарма: Ат

Павлодардың көдесін текке таптаман,

Базар кезіп Гробнодан Тысаға аттанам.

Келген жұртты алдау үшін ойнадым,

Уыс толы олжа таппай қоймадым.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жәке Қойтанұлы

Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Үміт әлде далбаса

Адам үмітпен өмір сүреді. «Үмітсіз — шайтан», мен де нақ солай, бар өмірімді үміттенумен өткізіп келемін. Үміттен аулақтап көріне көзге дүниеде жоқ, жұртқа жек көрінішті құбыжық атақ алу жап-жақсы деп ойлап па едіңіз. Шайтан болудан құдайыңыз сақтасын. Бірақ менің сол үмітімнің өзі шайтан болуға айналды ма деп қорқамын. Өйткені ол көзіме бір көрініп, ырым алдырып, той-тойлатпай-ақ барады.

Менің машина мінетін үлкен сықиған бастық болуды ойлағаным қашан. Егер шынына келсем, мен сондай машиналы бастық болуды үйленгеннен кейін-ақ ескере бастағанмын. Оған түрткі салған да сол біздің үйдің шүйке басы — Ызбаркүлдің түрпідей сөзі болатын. «Ойбай-ау, бізге машина міну қайда?», «Біз жаяуға жаралған адамның әйеліміз ғой» деген сөздер батырып арнайы айтпағанымен бүйіріме темірді қыздырып басып, қыздырып басып алғандай әсер ететін.

Менің соқтасы теріні тесе жаздап, талаурап тұрған шиқандай тарынғанымды әйелім де сезді, енді ол басқа әнге басты. Әнге болғанда кәдімгідей шын ән шығарып алды. Үй ішінде екеуміз қалсақ-ақ әйелім қырылдауық тамағын кенеп-кенеп алып, жартастан шыққан жаңғырықтай жаман даусымен соза жөнеледі:.

Дүние, қудым сені жалықпай-ақ,

Судагы ұстатпайсың балықтай-ақ,

Біреуге мал мен басты үйіп беріп

Міреуді мойдың... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Дық

Әнші Жәнібек Кәрменов аруағына бағыштаймын.

Автор.

...Қазыбек көз ілген жоқ.

* * *

Көз ілетін де жөні жоқ.

Белдеудегі бесіктей ырғалған вагонның нар төсегі мен тарсылдаған темір доңғалағы бір жақтан, өткен жылы жолыққан Арқа аруы Ақтілекке деген алаң көңіл екінші жақтан мазасын алды.

Түстіктен ащы ішектей шұбатыла шығып, Алматыға асыққан поезға әнші кеше кешігіп қала жаздаған. Апта бойы алақанында қондырған түстік өңір азаматтары да поез орнынан енді қозғалып бара жатқанда мінгізіп жіберді.

Қоңыр былғары қапты домбырасы мен көк сөмкесін көтеріп, купеге кіргенде еңгезердей қара шал мен қара көзі күлген қара торы бойжеткен бұны үнсіз қарсы алды. Шал бәкене бойлы бұған біртүрлі менсініңкіремей, одырая қарап қойды. Бұл да бірақ сыр берген жоқ. Астыдағы екі орынды да бұрын кіріп жайлап алған жандарға сыпайы ғана сәлемдесіп, сөмкесін жоғарыға қойып, домбырасын үстідегі бос орынға ұзынынан тастады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Желтоқсан

Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.




Ол қатаң режимнің алдында мұндай болуы мүмкін емес деген нәрсені мүмкін етті. Ол режимді сонысымен шошындырды. Оның аты - Желтоқсан.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бомбапана


Үлкен ағасы бірде байланыс бөлімшесіндегі жұмысына барып отырып, жұмыс арасында монтёр жігіттермен әңгімелесіп отырады. Негізінен, үлкен ағасы мектептен кейін көкесінің жанында жұмыс істеген. Көкесі кейде өз қызметтеріне байланысты ауданда өтетін жиналыстарына кетіп қалатыны бар, кейде өзге де шаруалары шығады, осындайда жұмыстың барлығын үлкен ағасына сеніп тапсырады. Ауылдық жерде әр рудың өзінің ел ағалары болады. Ағайынның қызық-қуанышы, "біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" дегендей, қазалы жерде де осы ел ағалары тізгін ұстайды, пәтуалы сөз, елдік мүдде айтылуға тиісті. Көкесі де - өздерінің Баймырза руының басы-қасында ағалық жасап жүрген адам. Бұл жерде Шәріп, Қолғанат есімдері қатар аталады. Бір кезде ағайынның ас-тойында ел ағалық жасаған осы кісілердің есімдері әлі де жаңғырығып айтылып отырады. Көкесі осындай істердің басы-қасында жүргенде де байланыс бөлімшесінің жұмысын үлкен ағасына сеніп, тапсырып кетеді.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Оспанова Лес | Киелі қара шаңырақ университетім


Қаншама қазақ баласы мен өзге ұлт өкілдерін білім нәрімен сусындатқан ҚазҰУ – дің білім саласына қосқан үлесі бөлек. Себебі, университетіміз бүгінгі күнге дейін өзінің абыройлы білім ошағы екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан, ҚазҰУ – дің әлемдік деңгейдегі ЖОО – н бәсекелес бола алатыны айқын.

Іргесі өткен ғасырдың басынан құрылған бұл білім ордасында білім алушылардың да саны жыл санап арта түсуде. Ұстаздар мен білім алушылар білім саласына, университетімізді дамытуға жан – жақты ат салып жатыр десек артық айтқанымыз емес. Дегенмен, әлемдік деңгейдегі ЖОО – н иық теңестіру үшін бізге бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық университетімізді жан – жақты дамытып, үлес қосуға тырысамыз. Университетімізде әркез сайын көптеген игі шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Жас таланттардың, ғалымдардың жарқ етіп бой көрсетуіне де септігін тигізіп жатыр. Сонымен қатар, университетіміз білім саласына, келешек ұрпақтың жан – жақты, ізденімпаз, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында қоғамға қажетті мамандарды да дайындап отыр. Университетіміздің дамуына, көркеюіне әр білім алушылар үлестерін қосса әлемдегі ең мықты білім ұясына айналады деп сенеміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Сүйікті елім менің

Мақсаты: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл - күйін көтеру. Адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, үлкендер еңбегін бағалай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, олардың әдеби сөздік қорын молайтумен қатар дүние танымдарын кеңейту. Балалардың ой өрістерін дамыту.
Керекті құралдар: Екібастұз туралы суреттер, кітаптар, көмір тас.
Сөздік жұмыс: Туған қалам, Екібастұз Богатырь көмір кені.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші:
Армысың шапағатты күн ана
Армысың шапағатты аспан ана
Құт дарытқан елімізге жерімізге
Армысың мейірімді жер ана
Осы шапағатты күн анамен, мейірімді жер анадан бойымызға дарытқан мейірімді жүрегіміздің жылуын бір бірімізге, қонақтарға сыйламақшымыз.
Біз доспыз, татумыз.
Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз.
Ал, балалар енді орнымызға отырайық. Бүгінгі біздің сабағымыз: «Менің сүйікті қалам»
Осы кезде Дымбілмес кіреді.
Тәрбиеші: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты

Қазіргі заманға сай экономикалық жүйені қалыпты құрылымдауды қамтамасыз етуде маңызды роль мемлекетке тиесілі. Мемлекет өзінің пайда болған тарихынан бері келе заңдылықты, реттілікті ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру мен қатар экономика сферасында белгілі бір функцияларды орындап келеді. Мемлекеттік реттелген экономиканы ұзақ тарихқа ие. Ертеректе капитализмнің өзінде Еуропада бағалар ұсыныспен, тауар сапасын және қызметтерді пайыздық мөлшер және сыртқы сауданы бақылаушы орталық болған. Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекет ұлттық экономиканы реттеуді, әртүрлі дәрежедегі экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы жүргізеді. Мемлекеттік және нарықтық реттеу қандай үлесте болуы керек, мемлекеттік араласудың бағыты және шекарасы қандай деген сұраққа, пікірлер қадамдардың кең пікір спектірі бар-ол толық мемлекеттік монополизмнен шеткі экономикалық либерализмге дейін. Бірақ мемлекеттің белгілі бір функцияларды атқару керектігі міндетті. Бұл «Кейнсиандық ревалюция» кезінде және бір дәлелденді, онда нарықтық экономикаға кассалық көзқарасқа төңкеріс жасады және экономикалық құлдыраудың өздігінен тұруы мүмкін емес екенін дәлелдеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны мен цифры

1. 3 санның екі санның қосындысы түрінде, 3-тен кем санды 3-ке дейін толықтыру, мәні 3 - ке тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.
2. Логикалық ойлауын, тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ауызша жылдам есептеуге, жылдамдықта, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекіліктер: сандар кассасы, оқулық, суреттер, сандар, интерактивті тақта.
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру.
Дидактикалық ойындар .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0