Сабақ жоспары (ұмж): Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Қатені табу және түзету Д Қасенов «Ең ұзақ күн»
Оқу мақсаттары: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен шығармадан қателерді табады, түзетеді.
Көптеген оқушылар: шығармның маңызды тұстарын анықтауға сұрақтар құрастырады, және оған жауап береді, шығарманың құрылымын ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді нұсқау бойынша табады және түзете алады
Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын ашық сұрақтар қою және жауап беру арқылы анықтайды, өз бетінше шығарманың құрылымын, стилін ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзете алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.» -деген А.Байтұрсынұлы. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін- бірі құрметтеп, өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын міндеттеуіміз қажет.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын өкілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз егесін алып, өзінің дербес мемлекеттігін қалыптастыруда. Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.

Ел басымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының өзі жай емес. Ұлттың барша мұрасы саналы да салиқалы ұрпаққа аманат етіледі. Ал жастар оны өнбойына сақтамаса, өзімізден кейінгі ұрпаққа буын сабақтастырып кетпесе, біртіндеп сол ұлттың атауы да өшіп жоғалатыны туралы алаш қайраткері Мағжанның атап кеткені бекер емес екені белгілі.

Бүгінгі педагогика ғылымдырының алдында тұрған зор міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, Ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бүгінгі өскелең ұрпақымыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап өтті......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шеңбердің теңдеуі 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax+by+c=0, (х-х_1)/(х_2-х_1 )=(у-у_1)/(у_2-у_1 );
Сабақ мақсаттары: Оқушылар: түзудің жалпы теңдеуі және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдана алу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Оқиғаны мазмұндау (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Оқиғаны мазмұндау
Оқу мақсаты: 2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады
2.3.2.1 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. Оқушылардың шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйренеді. cөйлеу тілінде қолданады. Сөйлемдерді дұрыс, қатесіз оқып, жазуға дағдыланады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Жұмағали Саин | Еркін мен Ерік

Поезд заулап отырып П. қаласына келіп тоқтай қалды, баратын жерім осы қала болғансын мен де чемоданымды көтеріп, поездан түстім. Әдемі жаздың қоңыр салқын таңғы желі ақырын ғана соғып тұрды.

Мен көптің арасымен көзімді қыдыртып, жолдасымды іздедім, ол менің көзіме тез көріне қоймады. Станция басындағы қайнаған халық бірі мен бірі соқтығысып, кісіге жол да беретін емес, әйтсе де нәрселерімді сүйретіп, бір алаңға шықтым. Жолдасым да ұшыраса кетті.

— Ау, Жаубасармысың?

— Ой, сен Бекболатпысың.

Осы сияқты таңырқау аралас сөздермен екеуміз құшақтаса кеттік. Көріспегенімізге он жылдан аса уақыт болған екен, сағынып қалыппыз. Ол маған қарап:— Келгенің тіпті жақсы болды ғой, замандасыңмен екеуміз демалыс кезінде саған барамыз ба деп жүр едік, тіпті жақсы болды,— деп бір сөзін қайта-қайта айта берді. Машинаға отырып қалаға тарттық, әне-міне дегенше Жаубасардың үйіне келіп те қалдық. Біз үйге келіп кірдік. Жаубасар үй-ішімен мені таныстырды. Жайласып отырдық. Әлден уақытта үй иесі жан-жағына қарап:

— Ойбай-ау, даурығып жүріп ұмытып кете жаздаппыз-ау, әлгі, біздің Еркін мен Ерікті,— деді.

«Е, мұның екі баласы бар екен ғой»,— деп ойладым мен ішімнен.

— Кәмеш! Олар қайда кеткен?

— Жүрген шығар осында.

— Шақыршы мұнда! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Кіріспе
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

1. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзтын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз.
Жаңа қылмыстық Кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылады.
Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Қой сүтінің құрамы мен қасиеттері

Сүт - малдың желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында жүзден астам заты бар физиологиялық ерітінді. Оның құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минералды заттар (оның ішінде микроэлементтер) витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар, микроорганизмдер, т.б. болады. Сүт осы айтылған заттардың кездейсоқ қосындысы емес, бір бірімен тығыз байланысты коллоидты құрылым. Сондықтан да сүтті- полидисперсиялық система деп те атайды. Себебі оның кейбір қосындылары ионды немесе молекулалық (тұздар, сүт қанты) түрде кездессе, басқалары (майлар) ірі дисперсия түзеді.
Жұмыстың мақсаты: Қой сүтінің құрамы мен қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың міндеті: -Қой сүтінің физико-химиялық құрамын зерттеу;
- Қой сүтінің жыл мезгіліне байланысты физико-химиялық құрамын зерттеу;
- Қой сүтінің физико- химиялық құрамын сиыр сүтінің физико-химиялық құрамымен салыстыру
Ерте кезден бастап адамдар сүттің емдік қасиеті барын анықтаған болатын, сол себептен медициналық емдік зат ретінде қолданған.
Авиценна өзінің «Канон врачебной науки» еңбегінде: сүт- балалар мен қарт адамдарға ең жақсы тағам деп жазған болатын.
Мыңдаған жылдардан бері сүт пен оның емдік қасиеттері туралы белгілі. Алайда, қазіргі күннің өзінде сүт туралы барлығын білеміз деп нақты айта алмаймыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда – лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0