Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі Сабақтың тақырыбы: «Түнгі қонақ» әңгімесі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:ТБ1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. Сабақтың мақсаттары:Ауызша және жазба жұмыстарда жалғаулық шылауларды (ыңғайластық, қарсылықты) қызметіне қарай орынды қолданады....
КІРІСПЕ Кәсіпорын жұмысының жетістіктерінің өркендеуі кәсіпорында еңбек ететін жұмыскерлерге байланысты. Сондықтан қазіргі уақыттағы кәсіпорындарды басқару тұжырымдары көптеген басқару іс-әрекеттерінен персоналды басқаруды ерекше бөліп қарастырады. Әрбір кәсіпорындарда: персоналдардың санын анықтау, таңдау жүйесіндегі тиімділік, кадрларды жіктеу және оларды біліктілік талаптарына сай бөлу, өнеркәсіпті және жұмысшылардың өзін мүдделеріне қарай айналысатын жұмыстарымен қамтамасыз ету, жұмыскерлерді еңбегінің нәтижесі үшін марапаттау, жұмысшылардың қозғалысы, еңбек мотивация жүйесінде, жұмысшылардың жеке мәселесін қатерге алу, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбек демалыстарымен қамтамасыз ету және т.б. қажеттіліктер туады.60-80 жылдар аралығында адами факторлардың мүддесінің көтерілуіне байланысты кәсіпорындарда әлеуметтік жоспарлаудың тәжірибесі мен теориясын өңдеу мақсатында еңбек ұжымын басқару саласы қамтамасыз етті. Жоғарғы оқу орындарында (тәжірибе ретінде) “Еңбек ұжымын басқару” тақырыбында курстар кірістірілді және оқулықтар шығарылды. Кадрлармен жұмыс істеуде практика мен теориясын қарауда монография санының көбеюі пайда болды.Сол жылдары ғылыми әдебиеттерде әр түрлі әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық факторлардың және олардың ұжымдық іс-әрекетінің сапалы мінездемесіне әсер етуін зерттеу нәтижесінде өзгерістің нышандарын тапты.....
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық. Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды. ....
АП жəне тіркелген кəсіби «Аудиторлар алқасы» аудиторлық ұйымынан басқа, Қазақстанда бухгалтерлер мен аудиторларға арналған басқа кəсіптік бірлестіктер бар, олар: Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы (ППБА), Қазақстан бухгалтерлер мен аудиторлар одағы. АП Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (МФБ) толық мүшесі болып табылғанымен, ол əзірше МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағидаларды (ПОЧ) түгел орындай бермейді. АП да, ППБА да Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің мүшелері болып табылады. Аудит стандарттарын қабылдаумен қатар, АП өз мүшелерінің кəсіби білімі үшін жауап береді. АП 1998 жылғы МФБ Этика кодексінің негізінде өзінің Этика кодексін əзірледі. Алайда АП Кодексінде анағұрлым, əсіре тəуелсіз аудиторға қатысты тұрғыдан қатаңға айналған МФБ қолданыстағы талаптарының барлығы ескерілмеген. Сонымен қатар, РОСК дайындаған топ қолда бар Кодекс сақталмаған бірнеше жағдайды атады. АП мүшесіне айналу үшін, дербес аудитор САР/СIРА (Сертификатталған практикашы бухгалтер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер) куəландыру бағдарламасының негізінде емтихандар өткізетін АП Біліктілік комиссиясымен (КК) куəландырылуға тиіс. Алайда емтихандарды табысты тапсырғандардың үлесі кандидаттардың нашар дайындығына, оқу бойынша тиімсіз бағдарламаларға жəне жоғары емтихандық стандарттарға байланысты көп болмай отыр. ППБА қатысушылары – негізінен сертификатталған практикашы бухгалтерлер (САР немесе сертификатталған бухгалтерлер) жəне небəрі бірнеше Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер (СIРА немесе сертификатталған аудиторлар). ППБА өз мүшелері үшін кəсіптік ережелер шығарды, бірақ РОСК дайындаған топ анықтағандай, Палатаның жеке мүшелері ондай ережелердің бар екені туралы əдетте біле бермейді. Қазақстанда ППБА куəландырған бухгалтерлер ППБА да, АП да куəландыру рəсімін бір СAP/СIPA куəландыру бағдарламасының негізінде құрғанына қарамастан, аудитор болу үшін өздерінің (Сертификатталған практикашы бухгалтерлер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтерлер) ретінде тəжірибелерін пайдалана алмайтынына байланысты, бухгалтерлер мен аудиторларды куəландыруда елеулі проблема орын алып отыр. Бұл ППБА куəландырған бухгалтер кез келген басқа бухгалтердің біліктілігі немесе бухгалтерлік жұмыс тəжірибесі жоқ адам секілді барлық КК емтихандарын тапсыруға тиіс болады деген сөз....
Көп клеткалы организмдердің клеткалары екі жағдайда тіршілік етеді. Олар не қалыпты күйінде, не ісік клеткасына айналған күйінде болады. Организмнің, мүшенің, ұлпаларды немесе клеткаларды жан-жақты зерттеу үшін ісік клеткалары өте қолайлы объект болып табылады. Ісік клеткалары көптеген биохимиялық сипаттамасы бойынша қалыпты клеткалардан біршама ажыратылады. Негізгі айырмашылығы, ісік клеткаларының ретсіз, үздіксіз бөлінуі болып табылады. Және бөліну организмнің реттегіш сигналдарына бағынбайды. Нәтижесәнде бір ісік клеткасына бірнеше клетка түзіледі. Пайда болған клеткалар да ретсіз бөлінеді, яғни ретсіз және үздіксіз көбею қасиеті тұқым қуалайды. Ісіктің көлемі жаңа қалыпты клткалардың ісік клеткаларына айналуынан ұлғаймайды. Ісіктің көлемі алғашқы ісік клеткасының ретсіз, тез бөлінуіне (көбеюіне) тәуелді .Мұндай организмде бір ғана ісік клеткасынан қатерлі ісік түйіні пайда болу мүмкіндігін-моноклондық деп атайды. Ретсіз бөліну қасиетінен басқа, организм өіріне қауіпті тағы екі қасиетке ие. Олар: инвазияға (ену) қабілеттілігі және метастаздаушы қасиеттері. Инвазия- қалыпты ұлпада ісктің пайда болып, ұлпаның зат алмасуына , қызметіне кедергі кетір құбылысы. Бұл кезде қалыпты үлпадағы клеткалар өз тіршіліктерін жояды. Метастаздаушы- бұл қатерлі ісіктің бастапқы пайда балғн жерінен қашық мүшелерде де ісік түйінінің пайда болуына әсурі блоып табылады. Ісік клеткалары, қалыпты клеткаларға қатағанда, бір-бірімен нашар байланысқандықтен ісік түйінінен үзіліп, қанмен немесе қан сары суымен бүкіл организмге тарала алады. Кейбәр органдарда тоқтап, көбейе бастауы мүмкін. Соның салдарынан жаңа инвазияға қабілетті ісік түиіні пайда болады. Сол себепті, ісік түйіні аса қауіпті емес мүшені зақымдаса да метастазиялық қасиетті бүкіл организмге қатер төндіреді ....
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді. Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақша есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстрдамда (1609 жыл) және Гамбургте (1618 жыл) ұйымдастырылды. Карл Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...» Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі. Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады. 1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру. 2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу. 3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады. 4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттің тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерде вексельдерді шығарумен де несиелейді. 5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру. Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, ұлттық банк. Әр мемлекеттерде ұлттық банк әртүрлі аталады. Мысалы: бұрынғы КСРО – да ол мемлекеттік деп, ал қазір Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Ұлттық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие – есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк. ....
2006 жылдың алғашқы айлары республиканың зейнетақы жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер әкелді. Ең алдымен, бұл өзгерістер қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесін қамтыды, дегенмен олардың бір бөлігі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама болса да, негізінен жағымды жағынан қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, оның ең негізгісі: бұдан әрі жұмыс беруші де, не басқа тұлға да зейнетақы қорының салымшысының таңдауына ықпал ете алмайды. Зейнетақы қорларының жұмысындағы осы соңғы өзгерістер жайында “Ұлар Үміт” жинақтаушы зейнетақы қорының” президенті Дабыр Тұрсынғазыұлы Медетбеков әңгімелеп береді. Салым¬шының зейнетақы қорын өз еркімен таңдауы жөнінде әңгіме, сонау бір жыл¬дары, елімізде зейнетақы рефор¬ма¬лары басталған тұста, яғни “Қа¬зақ¬стан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабыл¬данбас бұрын-ақ айтылған болатын. Заң шығарушылардың арада сегіз жыл өткеннен кейін осы мәселеге қайта оралуына не себеп болды? МД: Өткенді еске түсіретін бол¬сақ, Елбасы “Қазақстан Республика-сындағы зейнетақымен қамсыздан¬дыру туралы” Заңға қол қойып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұңғыш рет кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте зейнетақымен қам¬тамасыз етудің жылдар бойы қалыптасқан мемлекеттік ынты¬мақтастық жүйесі оның барлық олқылық-кемшілік¬тері-мен жинақтаушы жүйеге өте бастаған сәттен бері сегіз жыл өтті. Осы жылдардың ішінде жинақ¬тау¬шы зейнетақы жүйе¬сінде 5 миллиард¬қа жуық АҚШ доллары жинақталып, на¬рықта 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп келеді. Жуырда Қазақстан қаржыгерлері¬нің V конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанның қаржы секторы бү¬гін¬де кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте жалғыз-дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана алады деп атап көрсетті. Дегенмен, бұл жерде Қазақстан¬ның зейнетақы саласын қайта құру үдерісі аз уақыт ішінде тез жүріп өт¬кен¬дігін де ұмытпауымыз керек. Сон-дықтан 90-шы жылдардың аяғында қабылданып, өзінің маңыздылығын жоғалтқан бірқатар ережелер мен нормалардың түрлі өзгерістерге ұшырауына таңданудың қажеті жоқ. Бұған зейнетақы туралы заң¬дар¬да¬ғы салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау еркін қам¬титын нормаларды жетілдіру қажеттігі мысал бола алады. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін бұл қағидат үстірт түрде орындалып келді, шынын айтқанда – тіптен орындалмай келді: көп жағдайда жұмысшының зейнет¬ақы қорын таңдауы жұмыс берушінің еркіне байланысты болды. Алайда, 2006 жылдың 1 қаң¬тары¬нан бастап Қазақстан Республика-сының 2005 жылғы 16 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” №58-ІІІ ҚРЗ-на сәйкес жағдай жақсы жағына өзгеруі тиіс. ....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды және шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады....
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1.жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2.экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.Мысалы, Жаңа Өзендегі әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3.ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанада “Азат”, “Желтоқсан” партиялары солай туған болатын. Мәселен, Қазақстнанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық – саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 щілдесінде құрылды. Басты мақсатын «Халықаралық, Одақтық шарпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстананның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу » деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанады, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратын, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, «Желтоқсан», «Алаш» партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға ( славяндық «Лад», «Русская община», казактар бірлестіктері ) олардың осы тұрғыдағы іс - әрекеттеріне тойтарыс беруге белсене кірісті.....
В решении проблем охраны окружающей среды важнейшая роль принадлежит образованию. Уже с самого раннего возраста каждый живущий на Земле человек должен знать к чему приводит беспечное отношение к окружающей среде; он должен знать о заболеваниях, вызванных загрязнением среды; о генетических отклонениях; о гибели животных и растений; об уменьшении плодородия почвы; об исчерпаемости запасов питьевой воды и других негативных изменениях среды обитания. И не только знать, но и ощущать личную ответственность за ее состояние. Однако сегодняшние выпускники школы слабо ориентированы в глобальных, в том числе экологических, проблемах сохранения здоровья человека и биосферы. Преобладают потребительские взгляды на природу, низок уровень восприятия экологических проблем как личностно значимых, недостаточна развита потребность фактически участвовать в природоохранной работе. Многие отождествляют охрану окружающей среды и рациональное природопользование с охранением отдельных природных комплексов и редких видов растений и животных [1-3]. Цель дипломной работы заключалась в рассмотрении необходимости применения уроков с экологическим содержанием в курсе химии средней школы и оценки роли химического эксперимента в формировании экологических знаний. Актуальность. Экологизация школьного курса химии обусловлена необходимостью готовить школьников к активному участию в решении насущных проблем защиты окружающей среды от загрязнения. В настоящее время вопросы экологии находят свое отражение в новых учебных программах и содержании курса химии. Одним из эффективных методов формирования экологических знаний и умений школьников становятся экксперименты по химии с экологической проблематикой. Их оптимальное использование в учебном процессе позволяет сделать теоретический материал аргументированным, жизненным и менее академичным. В поисках ответа на экологические вопросы ученик невольно становится сопричастным к проблемам защиты природы, получает реальные возможности использовать приобретенные знания в жизни. Экологизация химического эксперимента невозможна без включения в него исследовательского компонента. Только в этом случае у учащихся формируется широкий спектр практических умений, появляются навыки формулирования проблемы, планирования эксперимента, проведения наблюдений, сбора данных, овладения разнообразными методами и методиками исследования, обработки, анализа и обсуждения результатов, оценки реальной экологической ситуации и прогнозирования последствий применения природозащитных мероприятий [4]. Исследовательский компонент может быть реализован через систему нетрадиционного химического эксперимента, основу которого составляют ....