Курстық жұмыс: Экономика | ҚР – ның Еңбек рыногының болашағы

Кіріспе
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «рынок» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ.
Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Егеменді елім

Мектепалды даярлық тобы
Егеменді елім менің
Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер!
Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер!
Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.

Жүргізуші:
Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды.
Ел халқының елбасына айналып
Шықтың қайта төр басына сайланып
Тәуекел деп абройға сүйенген
Қазағыма жетер дейсің қай халық
Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін
Ардақтаған адал достар сүйсінсін
Тұғырына қайта қонды елбасым
Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны

Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы міндеттемеге сәйкес 6ip адам (борышқор) басқа адамның, (несие берушінің) мүлкін беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бip әрекеттер жасауға, не белгілі 6ip әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз мідеттерінің орындауын талап етуге құқылы. Несие берудің борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттеме заң талаптары жене міндеттеме шарттарына сәйкес, мұндай шарттар мен талаптардың болмаған жағдайында - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе баск,а талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс. Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі. Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында реформалық, басталумен құқықтық, базасыз нарық, қатынастары карыштап дами бастады. Осыған орай міндетті құқық, рөлі, соның ішінде мідеттемелерді қамтамасыз ету әдістері, рөлі едәуір ұлғая түсті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Заң актлерін кодификациялау

Заңдар басқада нормативтік актлер әр түрлі уақытта түрлі мән жайларға байланысты қабылданады. Соған байланысты олардың арасында қайшылықтар да, келісімсіздік те болуы мүмкін.Мұндай жағдайлар,әрине,заңдарды пайдаланғанда қиыншылықтар туғызыды,заңдардың тиімділігін төмедетеді. Сондықтан заңдарды жүйелеу – олардың барлық жақсы,тиімді қасиеттерін пайдалану үшін өте қажет тәсіл. Жүйелеу – қолдалынып жүрген заңдарды,барлық нормативтік актлерді тәрьіпке келтіру,құқықтық нормаларды келістірілген жүйеге салу.
Менің осы курстық жұмысмның негізігі зерттеу объектісі болып,сол заң нормаларын жүйелеудің негізгі жолы кодификациялау туралы болып табылады. Негізінде қарапайым тілмен жеткізетін болсақ,кодификациялау дегеніміз сұрыптау деген мағынаны білдіреді деп айтуымызға әбден болады.
Заң актлерін сұрыптау құқықтық нормаларды құқық жасау барысында тәртіпке келтіру.Осы орайда ескірген, бұрын қолданылып жүрген заңдардың, басқа да нормативтік актлердің күші жойылады,құқықтық нормалар қайтадан қаралып,өзара келістірілген біртұтас жүйеге біріктіріледі.Осындай жұмыстың нәтижесінде біртұтас,заң және логика тұрғысынан бір қалыпқа келтірілген, барлық жағынан келістірілген нормативтік акт жасалады.
Курстық жұмыстың құрылымына тоқталатын болсам:кіріспе,негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде өзімнің тақырыбым туралы,яғни оның актуальдылығын,құрылымын қарастырдым.Негізгі бөлім өзінің мазмұнына сай үш тарауға бөлінді:Бірінші тарауда, заң актлерін кодификациялауға қысқаша тоқталып, оның түрлерін қарастырдым.Екінші тарауда кодификациялық актлердің басты белгілеріне тоқталсам, соңғы тарау заң актлерін жүйелеудің ерекшеліктері туралы болмақ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Елім деп соғар жүрегім

Мен өз халқымды сүйемін.
Оның мені бала кезімнен сабыр мен
парасатқа баулығанын мақтан
тұтамын. Басымды иемін!
Назарбаев Н. Ә.
Еуразияның кіндік тұсында ұлан-байтақ жеріміз бар қазақ даласының келбеті бағзы бір ежелгі атам замандардан өзінің ұлы рухын жоғалтпай, күні бүгінгі үшінші мыңжылдықта да асқақтығын танытып отыр. Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата-жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара!
Жұмыр жердің бетіндегі қаншама елдің даму тарихы өз алдына бөлек әңгіме.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жалақы мәні,түлері, формалары және жүйелері

Кіріспе
Жұмысшының еңбекақысы бұл өндірістік процестегі еңбек ресурстарының бағасы болып табылады. Қазіргі таңда ол жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты, сонымен қатар оған таза нарықтық факторлар еңбекке сұраныс пен ұсыныс,құралған нақтыконьюнктура мен аймақтың аспектілері әсер етеді.
Нарықтың экономика еңбек ресурстарымен қамтылған аймақтық қолма-қолды жұмысшы күшін ұсынады. Нарықтың жағдайында жоспарлы экономикаға тән қатар регламент жоқ, сондықтан да әрбір кәсіпкер, кәсіпорын жетекшісі әрбір еңбек ақы төлеу жүйесі варианттарын тексеріп,сол кәсіпорын мақсатының қызметіне сәйкес түрін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Курстық жұмыстың тақырып - "еңбек пен еңбекақыны ұйымдастыру мен жоспарлау" деп аталады. Әрбір кәсіпкер өз қызметінде өндірістегі барлық факторларға төлем төлеу қажеттілігін кездестіреді. Ол – станоктар, машиналар, шикізаттар мен ресурстар сатып алады, сонымен қатар сол еңбек құрал-жабдықтар мен шикізаттарды іске қосып жұмысшы күшіне еңбегіне сай еңбекақысы төленеді.Еңбекақы – кәсіпкер үшін еңбек шығыны болып есептелінеді, ал жұмыскер үшін ЕА – бұл тікелей табыс қоры болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кірустратегиясынасәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менджмент | Персоналды басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері

Кез келген ұйымның болашақтағы жетістігі персоналының клалиффикациясынан ғана емес, сонымен қатар кадрларды дұрыс пайдалануына және оларды ықтималды басқаруына байланысты болады.
Персоналы басқару- жаңа ғылым емес, бірақ соған қарамастан көп уақыт бойы біздің елімізде оған аса көп көңіл бөлінген жоқ. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнестің алғашқы өмірінен бастап тек аз шығын шығару арқылы қысқа мерзімді пайда алуға негізделген. Сондықтан адам ресурсына аз көңіл бөлінген, өйткені ол ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің шамадан тыс көп блуыда әсерін тигізді.
Бірақ өткен 10 жылдық реформалар бұл көзқарастын дұрыс емес екндігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстанда сенімділік абыройы жоғары бағаланады. Жақсы абыройдын негізгі құраушысы персоналдың жоғары біліктілігі болып табылады. Егерде адам колективын басқару кезінде әлеуметтік-психологиялық даму заңдылығы назарға алынбаса және кадрларды таңдау кезінде дұрыс көңіл бөлінбесе колективте қарама-қайшылықтар туындайды, жұмыс нәтижелігі төмендейді және жұмысшылардың жұмыстан шығу саны көбееді. Кейін уақыт өте көптеген қолайсыз мәселелер пайда болады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей мемлекеттік комерциялық кәсіпорындар аса көп көңілді қаржы менеджментіне бөледі. Ал персонал басқару объектісі болып табылады, сондықтан оған аз көңіл бөлінеді. Сондықтан өкінішке орай көптеген кәсіпорындарда ұйым персоналын басқару дұрыс дамымаған. Бүгінгі таңда бәсекелестік фирмалар техника жағынан ұқсас жабдықталған және бірдей өндірісті ұйымдастыру мен маркетингтін амал-тәсілдерін қолданады, сондықтан бәсекелестік күресте фирмалар арасында айырмашылық персоналда және персоналды басқару жүйесінде көрінеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеу өте маңызды болып келеді. Жақсы білікті мамандарды өзіне тарту үшін кәсіпорын басшылары үлкен жалақы көлемін төлеуге және жаксы жағдайлар жасауға дайын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде қаржы жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі мемлекеттік қаржы тарту механизмі негізінде тартылған қаржылар, шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған мемлекеттің кірістері болып табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен бюджет жүйесі зор рол атқарады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан қаржы-несие жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Қандай да болмасын мемлекет өзінің дербестігін сақтау үшін және өзіінң қызметтерін атқаруы үшін оған ең біріншіден қаржы тарту мен оны пайдалану мәселесі туындайды. осы аталған мемлекеттік қаржылардың негізгі көзін мемлекеттің кірістері құрайды.
Мемлекеттің кірістері бұл мемлекетке түсетін салықтар мен алымдар, халық табысының бір бөлігі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысы бөлініске ұшырайды, оның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түсіп отырады, сыртқы экономикалық қатынастардан түсетін қаржылар, мемлекет меншігін жеке меншікке беру барысындағы түсетін түсімдер, әр түрлі мақсатта берілген гранттар мен еліміз экономикасы қаржылық көмек көрсетулерден түскен қаржылар жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылыми даму (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми даму
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
Сабақтың мақсаттары: Тыңдалған ақпарат өзектілігіне талдау жасау;
Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіре отырып жазба жұмысын жазу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0