Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. ....
Күн кешке айналса-ақ, шеткі құрым үйдің қасынан күңгірлеген домбыраның қоңыр үні шығады. Домбыра қоқыр күймен ақырын ғана сарнап ызың қағады да тұрады. Оның даусы серпіліп жоғарыға шырқайды. Баяулап төмен де түспейді, бір қалыппен ырғалып, күңіренеді де тұрады.
Бұл дауыс, бұл күй, бізге көптен таныс, көптен құлағымызға сіңген күй. Оны кім тартып отырғанын біз кісіден сұрамай-ақ білеміз.
Кешке домбыра тартылып қоңыр күй шықса Ырысбай қарт екен дейміз. Домбыра тартылды дегенше-ақ, Ырсекең қасына баралық деп жүгіре жөнелеміз...
...Міне, домбыра даусы шықты. Біз жиналып алып соған қарай жүрдік. Күндегі домбыра, күндегі күнмен талас тартылатын қоңыр күй, күндегі ыңыранып ән салатын Ырысбай қарт, оның тартатын күйінде де, отырған отырысында да өзгеріс жоқ. Кірлеген ақ домбырасы қолында; теңселіп, ыңыранып отыр.
Ағытылып айтылып отырған өлең де жоқ, толықсып көкке өрлеп құйқылжыта салған ән де жоқ. Тек қана ыңыранған өлеңнің, баяуланған әннің жобасы, сарыны ғана.
Осылай отырған Ырсекеңнің қасына келіп сәлем береміз. Ол иек қағады да қояды. Келген бізді көзінің астымен бір шолады да домбырасын тарта береді.
— Беу, Ырысбай-ай, неғып күңірентіп отырсың домбыраңды,— дейді. қасына келіп, Жанақ.
— Еріккеннен тартып отыр дейсің бе, несіне сұрайсың соны,— дейді қарт. Кәрі саусақ пернеден пернеге жүгіріп, қоңыр күйді баяулатып тарта береді. Ол домбыра тартып отырғанда, ыңырсып домбыраға қосылып отырады. Анда-санда көзін жұмып бала тербетіп отырған адамдай-ақ теңселіп, ырғалып қояды.
Ырысбай қарттың қоңыр күйін, біз бала шағымызда тыңдадық қой, сондықтан оның толық мәнісіне түсінбейді екенбіз. Тек қана өзді-өзіміз ойнағанда Ырысбай болайын ба деп, ақ ағашты қолымызға ұстап еу-еу деп ыңырсу үшін, терең ойлы кәрияның қызық мінезін келемеж ету үшін ғана оның қасына жиналады екенбіз. .....
— Бұл — сол әйелдің дәл өзі. Оған менің титтей де күмәнім жоқ!
Капитан Хэйдок досының сабырлы жүзіне бұрылып бір қарады да, күрсініп қойды. Оның «тек өзімдікі дұрыс» деп қасарысатын бірбеткей мінезін іштей ұнатпайтын. Теңізде өткізген көп жылдар кісі ісіне қол сұқпауды жақсы үйреткен еді. Ал қылмысты істерді тергейтін бөлімнің бұрынғы инспекторы, бұл күнде марқұм болып кеткен Эванстың өмірге деген көзқарасы мүлде басқаша болатын.
— «Істі қолға түскен деректерге сүйене отырып, тергеу керек» дейтін қағида — Эванстың жас кезінен бергі ұраны-тын. Келе-келе ол ондай деректерді өзі іздеп табатын дәрежеге де жетті.
Қылмысты істерді тергеу мекемесінің инспекторы Эванс ақылды, көзі ашық офицер болатын. Лауазымы да таза еңбегінің арқасында көтерілген. Тіпті бертінде, инспекторлық қызметтен біржола қол үзіп, ұзақ жылдар бойы армандаған саяжайға қоныс аударғаннан кейін де, сезімталдығы мен кәсіби түйсігі сақталған еді.
Бір көрген адамды жазбай танимын дегенді мақтанышпен, бірнеше дүркін қайталап:
— Иә, бұл сол Энтони ханымның дәл өзі. Сіз Мероудии ханым дегенде-ақ мен оны бірден тани кеттім,— деді.
Капитан Хэйдоктың мазасы кете бастады. Себебі, Мероудиндер оның ең жақын көршілері болатын. Ертеректе болған аты шулы оқиғаның бас кейіпкері мен Мероудин ханымның бір адам болып шығуы оны шынымен қатты толғандырған-ды.
— Ол оқиғадан бері талай жыл өтіп кетпеді ме?— деді бәсең үнмен.
— Тоғыз жыл болды,— деп, іле жауап қатты Эванс.— Тоғыз жыл, үш ай. Оқиға есіңізде ме?
Курс жұмысының өзектілігі: Бұл жұмыста АҚШ-тың I-ші және II-ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы көрсетіледі. Оның ішінде ішкі, әлеуметтік және экономикалық саясаты баяндалады. Әсіресе, 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдеріне,яғни «Жаңа бағыт» саясатына ерекше көңіл бөлініп, түсінік беріледі. Сол кезде қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ-тың сыртқы саясатта ұстанған бағыты мен негізгі ұстанымдары сипатталады. Курс жұмысының мақсаты: екі дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын айқындап беру. Енді осы мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылады: 1. I-ші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі барысындағы АҚШ-тың жетістіктерін көрсету. 2. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуы және «Жаңа бағыт» реформаларын көрсету. 3. АҚШ-тың ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысуы және сыртқы саясаттағы алатын орнын көрсету. Тарихнамалық шолу: Осы курс жұмысын жазу барысында автор негізінен орыс тарихшыларының еңбектері мен әдебиеттерге сүйенді. В.Л. Мальковтың «Жаңа бағыты» атты еңбегінде АҚШ-тың «Жаңа бағыты» туралы толық мәліметтер берілді. Сондықтан автор Рузвельттің «реформалар жинағын» сипаттауда толығымен осы еңбекке негізделді. Сонымен қатар бұнда «Жаңа бағыттың» әлеуметтік-экономикалық саясаты да нақты сипатталған. Осыған тағы да Т.В. Галкованың «Социально-экономическая политика правительства Ф.Рузвельта на завершающем этапе нового курса» атты еңбегін де қосуға болады. Бұл әдебиет біршама өзгеше мәліметтер берді. Оның ішінде «Жаңа бағыттың» не себептен құлдырап,заңды күшін жойғандығы туралы сауалдарға осы еңбектің көмегімен анық көрсетті. А.С.Маныкиннің «Эра демократов» атты еңбегі АҚШ-тың жалпы саяси жағдайын суреттеген. Ал, АҚШ-тың сыртқы саясаты А.И.Уткиннің «Дипломатия Франклина Рузвельта» атты еңбегінде толық зерттелген. Сонымен қатар, В.Л.Мальковтың «Франклин Рузвельт. Проблемы внутренней политики и дипломатии: Историко-документальные очерки» еңбегі құнды материалдар берді. Сол сияқты, В.С.Ковальдің «США во второй мировой войне: некоторые проблемы внешней политики» және Ю.Кузнецтің «Вступление США во вторую мировую войну» атты еңбектері жалпы АҚШ-тың соғыс алдындағы және кезіндегі ұстанған ұстанымы мен жүргізген саясаты туралы толық мағлұмат берді. Ал, Куйбышевтің «История внутриполитической борьбы и общественной жизни США» еңбегі АҚШ-тың ішкі жағдайына,оның ішінде әлеуметтік және қоғамдық өміріне,төменгі таптың ереуілдері мен толқуларына,бір сөзбен айтқанда,ішкі шиеленістерге нақты түсінік берді.....
Атлант мұхитын ежелгі гректер Африканың солтүстік батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,6 млн. км², орташа тереңдігі 3597м., суының көлемі 329,7 млн. км³. Жұмыстың мақсаты – Атлант мұхитына жалпы сипаттама бере отырып, мұхиттың зертелу тарихына, рельеф және геологиялық құрылымына, климаты мен гидологиялық режимі органикалық дүнтесі, мұхитта жүргізідген шаруашылық әрекет түрлерімен танысу. Жұмыстың міндеті – Атлант мұхитының физикалық – географиялық жағдайын сипаттап, қазіргі таңдағы соңғы ғылыми ашылулар, жаңалықтар мен өзгерістерді толық қарастыру. Жұмыстың өзектілігі – Атлант мұхиты адамзат өмірінде ерекше маңызды орын алып отырғандықтан оны шаруашылыққа пайдалану мұхиттың жалпы климаты, гидрологиялық режимі, органикалық дүниесіне әсерін анықтап, оны шешу жолдарын көрсету. Жұмысты орындау барысында Б.Хейзен, М.Тарп, М. Юинг « Дно Атлантического океана » оқулығы мұхиттың рельефі мен геологиялық тарихын сиапттауда мәліметтің басты көзі болып табылады. Мұхиттың физикалық – географиялық жағдайы, климаты мен
гидрологиялық режимі жайлы мәліметтер А.В.Рябчиковтың « Физическая география материков и океанов » әдебиетінен негізге алынды. ....
Жер жүзіне палуандықпен атын жайған... қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар? Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған. Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. Соған байланыс¬ты шағым айтып келген адамдарға әжесі Айсары: «Өгізге мініп ойнап жүреді де, ол зорығып жатып қалса, лақтай көтеріп, иығына салып, үйге әкеледі. Өгіз көтеріп ойнайтын бала менің ұрғанымды елең қыла ма?» – дейтін көрінеді. Толағайлық күш-қуат тумысынан дарыған Қажымұқан осылайша бала күнінен ерекшеленіп, 12-13 жасында 20-дағы жігіттің кейпіне енеді. Жоқшылық салдарынан еңбекке ерте араласуға мәжбүр болған ол Қызылжарда Масликов деген саудагерге жалданып, соның жұмысын істейді: малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Бірде қыстыгүні шанамен шөп алып келе жатқан¬да жеккен аты болдырып, алға аттап бас¬пай, төрт аяқтап тұрып алады. Ыза кернеген шөпші бала қарға көмілген шананы артынан итеріп кеп жібергенде, ортаға жеккен ат шананың астына түсіп өледі. ....
[quoq] Тақырыптың бүгінгі күн талабына сай келуі: Қазақстан өз тәуелсіздігінің қысқа кезеңіңде экономикалы жекешелендіру процесінде мәнді дамуға жетті. Қазақстан мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде басқа елдер арасында алдынғы қатарда келеді. Қазақстан тек маңызды өнімдер түрінің экспортері ғана емес сонымен бipгe инвестицияны icкe асырға қажетті құқықтың негізі бар және оған қолайлы жағдай жасалған мемлекет. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының негізгі инвесторлары болып АҚШ, Азия және Европа елдерінің компаниялары табылады. Егер бұл жобалардың инвестициялық сиымдылығын ескерсек, бұл Қазақстан дамуының ұзақ мерзімге арналған ерекшеліктерінің бipi "Қазақстан халқына арналған Президент үндеуінде" көрсетілгендей (Қазақстан 2030) "жоғары деңгейлі шетел инвестициясының дамыған экономикасына негізделген, экономикалық даму" болып табылады. Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақты өcyi, оның барлық ресурстарының барлық құраушылары, жоғары технологияны пайдалана отырып және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету инвестициялық мүмкін емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей: ВВМ өсуінің әрбір пайызына мемлекет өндірістік инвестицияга 3% кем емес ВВМ бөлу қажет. Қазақстан Республикасы бай пайдалы қазбасы бар, ауылшаруашылық кеңістігі кең, жоғары білімді кадырлары бар және оларды тиімді қолдану үшін инвестиция жеткіліксіз. Қазақстан экономикасын дамытуға тек өкімет қана емес, iшкі инвесторлар қабылетсіз, ceбeбi мемлекеттің экономикасын көтеруге
жеткілікті қаржыны табуға қабілетсіз. Сондықтан инвестицияны басқа жақтан іздеу қажеттігі туады, әcipece мынадай аймақтарда, минеральды шикізат немесе отын-энергетикалық. Қазақстан экономикасын жандандырудың жылдам жолдарының бipi бүгінгі күні ол халықаралық қорды импорттан яғни сырттан алу. Біздің Республикаға инвестицияны тиімді шақыру үшін Республикада инвестициялық климат яғни қажетті барлық жағдай жасалу қажет. Инвестициялық ағынды басқаруды мемлекеттік денгейде жетілдіру жолдары төмендегідей шаралар жүйесінде қорытындыланады: бюджетке түсетін нақты салықтардың өcyi, жеке инвесторларды шақыру, ұлттық валютаны тұрақтандыру, мемлекеттен қаржының ағылуын тоқтату және оң саудалық теңдікті орнату. Инвестициялық жағдайды жақсарту шет елдік және отандық қаржы мен техналогияны шақыру негізінен қамтамасыз етіледі. .... [/quote]
КІРІСПЕ Кез-келген фирманың басқару аппаратының тиімді қызметі оның кұжаттармен жұмысының дұрыс деңгейге қойылуына байланысты. Іс жүзінде ақпарат көздеріне шешімдер дайындау мен қабылдауға байланысты бір де бір технологиялық басқару функциясы құжаттарды жасау, орындау және рәсімдеу процесі - қүжаттаусыз іске асырылмайды. Техникалық орындаушылардан бастап барлык, буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл жұмыскерлерінің қызметі кұжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін қам-тамасыз етеді, үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың негізінде шешімдер қабылдайды. Кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық, қаржылық және қоғамдық қызметінің сан қилы мәселелері бойынша кұжаттар жасалады. Ол бұйрықтар, шешімдер, хаттар, актілер, келісім-шарттар, хаттамалар, өтініштер, жеделхаттар, анықтамалар және т.б. Кәсіпорындарда жасалатын құжаттар әдетте хат-хабар деп аталады. Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың ЖИЫНЫ ІС жүргізу деп аталады.....
Балалардың қарым - қатынас нышандарын дамыту Мақсаты: - жағымды, қолайлы эмоционалды жағдай құру; - топты біріктіру; - сабақ үстіндегі мінез - құлық ережелерін құру.
1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын». Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын - ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады. Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет. .....
Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктері нәтижесінде пайда болған және ақпаратты алмасудағы қажеттіліктермен түсіндірелетін территориялық компьютерлік желілер мемлекет аралық бағдарламаларын құрудың айнымас бөлігіне айналды.Қазіргі уақытта ғылыми және білім беру мақсатында қолданылатын,бизнесте,финанстқ—эканомикалық қызметерде,бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін және т.б мақсаттарда қолданылатын көптеген компьютерлікжелілер жұмыс істейді.Алдын ала көптеген басқа желілерді біріктіретін және әлем жиынына енуге мүмкіндік беретін глобальді желі INTERNET-ті ерекшелген жөн.Internet қолданушыларғамүлдем шексіз ақпараттық ресурстарды ұсынады. Кез келген дамыған елде желілік құрылым сипаттамасының дамуы ГСЖ жалпы әлемдік тенденциялардың дамуында көрніс табады.Олардың бірі әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан компьютермен қолданушыларға байланыс мүмкіндігін ұсынатын түрлі желілікқұрылымдар формаларының бірігу тенденциясы. ....