Сабақ жоспары (ұмж): «Мұнай және мұнай өнімдері» (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын
Сабақ тақырыбы: «Мұнай және мұнай өнімдері»
Сабақтың мақсаты: Мұнайды фракцияларға бөлу
Мұнай фракцияларын атау
Шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарына қарай жіктеу
Оқу мақсаты: 9.4.3.17- мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын білу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.11 – жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;
8.5.1.12 – линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттай білу;
- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтай білу;
- D=1/F формуласын қолдана білу.
- жұқа линзада кескін алу және оны сипаттай білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция типтері 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакция типтері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 Химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша классификациялау.
Сабақ мақсаттары: - химиялық реакция типтерін айқындау
- Химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша жіктеп,ажырата білу
- орынбасу реакциясының ерекшелігіне тоқталу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Жалдау

(а) пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдау шарттары;
және
(b) кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдер барлық жалдау түрлерінің есебі үшін қолданылуға тиіс.
Алайда осы Стандарт мыналарды:
(а) жалгерлердің қарамағындағы және есепке алуда инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілген жылжымайтын мүлікті (қараңыз: 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ұлтан оқиғасы


Сәрсебек жатақханаға қунаң қағып, күлімсіреген жүзбен кіріп келді. Шырайында бұрын-соңды болмаған көңілділік бар. Магазиннен жап-жаңа аппақ ақ жейде сатып әкелген екен. Онысының орауын жазды да «қане көріңдерші, қалай екен» деген адамша кереуетінің үстіне жарқыратып жайып тастады.

Және бір сұр шұбар галстук сатып әкеліпті.|Ақ көйлектің үстіне оны да шұбалта тастап қойды.

Жолдастары Сәрсебекке назар тіге қарасып:

— Сәкенді қара, ақ жейде сатып әкепті.

— Галстук сатып әкепті.

— Ой, сен ақ жейде әкелмеймін деуші едің ғой?

— Мынау бір жаңалық екен! — деген тәрізді сөздер aйтылып жатты.

Иә, Сәрсебекте әлгіндей оғаш мінездердің бір екені рас. «Өмірге жарасымы жоқ, кіршең» деп, ол ақ көйлек атаулыны ұнатпайтын. Галстукты түкке қажетсіз артық әурешілік деп қарайтын. Басқалардан бір бөлек томаға-тұйық жүріп тұратын. Жаңа жыл түгіл он мереке қабатынан келсе де бүйірі қызбайтын, сәнденіп бой түзеуді еш елемейтін. Қандай той -томалақ, кештерге де күнделік үйреншікті киімімен бара беретін.

Институтта бірге оқыған үш жылдың ішінде жолдастары Сәрсебектің бір қызбен көңіл қосуға талаптанбақ түгіл қиырдан көз салып, қырындамақ болған ниетін де байқаған емес-ті..

Қашанда қоңыр жүріп, қоңыр тұратын, оқудан өзге ештемені білмейтін осы Сәрсебек енді міне, аяқ астынан құбылып шыға келіпті. Бұрынғы көзқарастарынан айнып, ақ жейде, галстук сатып әкеліп отыр. Енді жігіттерден үтік сұрап тұр. Жыл бойы үтік тиіп көрмеген қоңыр костюмге істемегені қалмады. Әуелі есік алдына ауаға алып шығып, жарты сағат бойына щеткалап тазалады. Одан соң сабынды суға ақ шүберекті малғыштап отырып, әуелі шалбарын, одан соң педжагын мипаздап өтектеуге кірісті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ақшасыз есеп айырысулдардың есебі

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.
Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.
Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім шарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі

Ақпарат – латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Ақпарат өнімі – бұл әдеттегідей жолмен немесе электронды техника көмегімен алынған өндірістік шаруашылық әрекеттер, өнер туындысы және көңіл көтеру мен ақпараттың басқа да түрлері туралы әр түрлі мәлімдемелер, мәліметтер, білім жайлары.
Ақпараттық өнімдердің қазіргі кезде қажеттілігі өте маңызды. Өнімдердің, әсіресе, ақпараттық жүйеге қатысы бар адамдарға тікелей байланысты. Ол өнімдерді өткізу кезінде оған белгілі бір талаптар қойылады. Оның лицензиясы, оны растайтын құжаттар, сертификаттар, сапа құжаты болуы керек. Өнімдерді өткізу барысында бұл құжаттар белгілі орын алады.
Курстық жобаны жазудағы басты мақсатым ақпарат өнімдерді өткізудің ақпарат жүйесін тұрғызу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Азиядағы жаңа индустриялы елдер

Жұмыстың өзектілігі: Азиядағы жаңа индустриялы елдер мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттердің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттердегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Азиядағы жаңа индустриялы елдерның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Азиядағы жаңа индустриялы елдер – экономикалық дамудың жаңа жолына түскен елдер тобы жатады. Атап айтатын болсақ Оңтүстік Корея Республикасы, Сингапур, Тайвань және Гонконг жатады. Тайвань мен Гонконгты кейбір деректерде Қытайдың қос қанаты деп те атайды.
Осы мемлекеттерге қысқаша сипаттама беретін болсам. Олар мына төмендегідей:
Тайвань
Ел атауы: Тайвань Республикасы;
Жер көлемi: 36 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 21 миллион адам;
Астанасы: Тайбэй қаласы;
Ақша бiрлiгi: жаңа тайвань доллары.
Сингапур
Ел атауы: Сингапур Республикасы;
Жер көлемi: 0,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 4,6 миллион адам;
Астанасы: Сингапур қаласы;
Ақша бiрлiгi: АҚШ доллары.
Корея Республикасы
Ел атауы: Корея Республикасы;
Жер көлемi: 99,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 48,3 миллион адам;
Астанасы: Сеул қаласы;
Ақша бiрлiгi: корей вонасы.
Гонконг
Ел атауы: Гонконг;
Жер көлемі: 1075 шаршы шақырым;
Халық саны: 5,8 миллион адам;
Астанасы: Гонконг;
Ақша бірлігі: гонконг доллары.
Бұл елдер туралы кіріспеде қысқаша мәлімет бере кеттім. Толық мәліметті негізгі тараулардан оқи аласыз.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Азияның жаңа индустриялы елдерінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Администратор қызметіне мәліметтер базасын құру

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау

Қазіргі қоғамның алдында бойында биік кәсіби шеберлігі жоғары адамгершілік қасиетпен ұштасып жататын шығармашыл тұлғаларға деген қажетін қанағаттандыру міндеті тұр. Өйткені оны шебер, озық тәжрибелі жоғары іскерлік пен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплекстерге бар күш қуатын жумсай алмақ.Осы себепті де мемлекетіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына көпшілік мамандық кадрларын даярлауды жақсарту. Әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық рухында, халық игілігіне оның ішінде және бірінші кезекте ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құрал болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мунай өнімдеріне ыждағаттылықпен қарау рухында тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сонымен қатар қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың экономикасы жоғары деңгейде деп те айта алмаймыз, соның әсерінің бірі деуге болады, ел техника тапшылығы, Республиканың нарықтық экономика программасы белгіленген ауқымды шаралар комплексі, оны іске асырудың түпкі нәтижесі еңбек құралдарын өндірістік экономикасы мен техникасын ұйымдастыруды жаңа принциптерге байланысты сапалы түрде қайта құру, бұл ауыл шаруашылық жұмысшылары еңбегінің сипаты мен мазмұнын түбегейлі өзгертсе, яғни индустриялды еңбегінің бір түріне айналады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0