Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
Сабақ мақсаттары: заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу;
элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қарапайым кері тригонометриялық теңдеулерді шешу (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым кері тригонометриялық теңдеулерді шешу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.7 қарапайым кері тригонометриялық теңдеулерді шешеді
Сабақтың мақсаты: Кері тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарымен таныстыру, әдістерді пайдалана отырып, теңдеулерді шешу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Анаболия

Анаболия (гр. ἀναβολή — көтеру, көтерілу) — организмде немесе оның мүшелерінде эмбриондық дамудың соңғы сатыларында пайда болатын құрылымдық өзгерістер. Бүл құрылымдық өзгерістер организмге, оның есеюі кезінде түрақты белгілер ретінде беріледі. Анаболия — филэмбриогенездің бір түрі. Филэмбриогенез теориясын А.Н. Северцов ашқан .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстандағы дүнгендердің тарихы

Тәуелсіздіктің екінші онжылдығының белортасынан асқан кездегі демократиялық қайта құрулар кезеңінде біздің қоғам одан ары даму жолы мен демократия үлгісін таңдау алдында тұр. Егер бұл мәселе дұрыс шешілмесе, онда тоталитаризм мен демократия арасын таңдау мәселесі қайтадан өзекті мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай мәселені шешу этнос, ұлт, ұлттық мемлекет деген сияқты категорияларды түбегейлі түрде анықтауға әкеліп тірейді. Қазақстан – өзінің полиэтникалық құрамы арқылы ерекшеленетін мемлекет. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Есімдіктердің тіркесу қабілеті

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады.
Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады:
1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет.
2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті.
3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды.
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.
Қостілділік микроәлеуметтік қауымдастық сыртында, қоғамда бүтіндей әлеуметтік сұранысқа сай дамып, мемлекет, қоғам тарапынан саналы түрде реттелінеді және микроәлеуметтік қауымдастық өзінің параметрлерімен қөрініс табады.
Зерттеу мақсаты: Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қолданылу аясы мен өмір сүру формасын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы тілдердің қызметіне әсер етуші жаңа тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қостілді жастар микроәлеуметтік қауымдастығындағы ерекшеліктерін сипаттау.
Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығындағы полтипологиялық қостілділікті (табиғи және жасанды, аралас және таза, алмастырушы және қосымша, функционалды және т.б) саралау. Микроәлеуметтік билингвалды жастар қауымдастығында қазақ және орыс әдеби тіл деңгейінде диглоссияны зерттеу, осы ретте бұл құбылыстың сипатты белгілерін анықтау.
Бітіру жұмысының нысаны: Қазақстандағы жаңа тілдік жағдайдағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі.

Зерттеу әдістері: империкалық (бақылау, сауалнама, сұрақтар арқылы нысан туралы мағлұмат жинау) талдау, жалпылау, моделдеу.
Бітіру жұмысының нәтижелері: микроәлеуметтік жастар қауымдастығының сипаты және қостілді қауымдастық ретінде қалыптасуы сараланды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Шымкент қаласындағы эндемиялық бұғақ ауруы

Эндемиялық бұғақ аурулары белгілі бір жерде пайда болады. Оның ошақтары көбінесе үлкен таудан аққан мұздан пайда болатын, өзендердің аңғарында және тау бөктерінде байқалады. Мұнымен қатар қазіргі зерттеулерге қарағанда мұндай эндемиялық ошақтар жазық жерлерде де болатын көрінеді. Оның себептері белгілі бір географиялық аудандарда йодтың жетіспеуі, соның арқасында организмде йод алмасу процесі бұзылады. Міне осы белгілер арқылы эндемиялық бұғақ ауру анықталады.
Иодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмаген ауру бала туу қаупін тудырады. Йод жетіспеушілігінен ішті жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама

1. Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипаттама.
1.1. Релефке жалпы сипаттама.
Балқаш көлі тектоникалық түзілімдегі ойыста оранналасқан. Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстаның шөлейтінде, ежелгі балқаш Алакөл суайдынының бір бөлігін ғана алып жатыр. Ол соңғы төрттік мұзбасу кезеңінен бері белігі. Қазіргі кездегі геог рафиялық жағдайына келсекғ көлдің батыс және солтүстік-батыс жағңалаулары төмен шөгіп, солтүстік шығыс жағалаулары көтерілуде.
Сәйкесіне батыс және солтүстік батыс жағалаулары жалпы ингрессионды сипатта, ал солтүстік – шығысы – регрессиялды.
Көл екі табиғи аудандардың шекарасында оранласқан. Көлдің солтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы мен Орталық Қазақстаның жазығы жатыр, Оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс Қазақстанның құмды жазықтары көмкерілген.
Балқаштың жалпы су жинау ауданы 413 мың км2. Оның көп бқлігі (353 мың км3). Қазақстан территориясында, ал Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасына орналасқан. Алакөл көлінің бассейінінен бөліп тұратын суайрық сызығы Балқаш көлі мен Сасықкөл көлдерінің аралығында жатыр (биіктігі 400 м жуық).
Бассейннің ******** күрделігімен ерекшеленеді. Оның терротоиясында биік таулар жүйесін, аласа тауларды сондай-ақ жазықтар мен Балқаш маңы құмдарын кездестіруге болады.
Балқаш маңы жазығын 2 негізгі аудандарға бөліп қарастыруға болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы (нақтырақ айтсақ Солтүстік және Солтүстік батыс)
2) Оңтүстік Балқаш маңы
Солтүстік Балқаш маңы қазақстан ұсақ моқысының оңтүстік бөлігі болып келеді.
Оның орташа биіктігі 400-500 м. Рельефі жазық болып келеді. Жеке шоқылар, қыраттар, опырылымдар, өзеннің құрғап қалған алаңдары мен тілімденген алаңдар араласып кездеседі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ

Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі.
Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары

Кіріспе
1914-1918 жалдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс аса ірі импералистік державалар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі нәтижесінде туды. Капитализмге тән, имперализм кезінде өте-мөте күшейген, әркелкі даму заңының салдарынан ХХ ғасырдың бас кезінде ұлы державалар арасындағы қайшылықтар шегіне жете шиеленісті. Олардың ішіндегі ағылшын –гермен қайшылықтар еді. Экономикалық дамуының қарқыны жағынан Англияны қуып жетіп, оны дүнижүзілік рыноктан ығыстыра бастаған Германия Таяу және Орта Азиялық Шығыста, сондай-ақ Африкада кең экпансия жүргізіп, Британияның отаршылдық империясының біртұтастығына қауіп төндірді. Дүниежүзінде үстемдік орнатуға тырысып, Германия отарлары өз пайдасына қайта бөлісуді ашықтан-ашық талап етті. Германияның экспансиясын әлсірету және өзінің отар иеліктерін, ықпал жүргізетін салалар мен теңсіздігі үстемдігін сақтап қалу үшін Англия барлық күшін салды.
Имперализм дәуірінің барысындағы халықаралық қатынастардан, бір жағынан, Россия және екінші жағынан, Австрия-Венгрия арасындағы қайшылықтар да өз орнын алды. Патшалық Россия бұл елдермен Таяу Шығыста және Балканда соқтығысып қалып отырды, өйткені мұнда олардың экспансиясының күшеюі Россияның ықпалын біржолата жою қаупі туғызды. Патгерманшылдар Польшаны, Прибалтиканы басып алу, Росиядан Украина мен Беларусияны тартып алу жоспарларын құрды. Ал патша өкіметі өз тарапынан Галиция мен қара теңіздік бағдарды басып алуға ұмтылды . Россия мен Германия арасында ірі –ірі экономикалық қайшылықтар да бар еді. Оның үстіне Россия ұлы держава күйінде қалып, өзінің импералистік мүддесін көздегенімен оның өз одақтастарынан –Англия мен Франциядан экономикалық және саясат жағынан тәуелділігінің де үлкен маңызы болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0