Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция немесе құнсыздану

Оның көрсеткiштерi және әлеуметтiк - экономикалық зардаптар ел және бүкiләлемдiк шаруашылықтың экономикалық қауiпсiздiгiнiң бағасындағы маңызды ролiн ойнайтындығынан, құнсызданудың мәселесi экономикалық ғылымдағы маңызды орын тауып жатады. Қазiргi шарттарда бұл сұрақтың өзектiлiгi мәндi анықтаудың қажеттiлiгi, құнсыздануды даму, инфляцияға қарсы саясаттың оның ерекшелiктерi және негiзгi бағыттарының терең себептер және тетiктерi қамтамасыз етiледi.
Құнсыздану - процесс, жанында (тауарлардың нақты сөйлемiмен салыстырғанда ) шамадан тыс олардың шығарылымымен себеп қағаз айналымның саласын асыра толтырудағы ақшалай экономика.
Әрине, құнсызданудың жолағына елдi дәл тигiзудi бiр уақытта барлық болатын тауарлар қымбаттайтынды бiлдiрмейдi. Мысалы, сұраныспен нарыққа енгiзетiн және пайдаланбайтын соның iшiнде арзандайтын.
Оның себебi не және оны шеттеткен құнсыздануды мүмкiн шақырады ? Бұл сұрақтарға 20 ғасырда назар ауды. Басында құнсызданудың себебi қағаз ақшалардың барлық жерде өтуi деп санады. Әрине, бұл бекiтудегi белгiлi бiр себеп болды. Қатал бақылау астына алынған, құнсыздану ел қаржылар эмиссиясы көпшiлiгiнде жоғалмады. Экономикалық ғылым сонда тым тереңiрек зерттеулердi бастады және құнсыздануда бiрнеше себептер бар болатынын орнатты және өзiндiк құнсыздану әр түрлi болатынын ашты.
Маңызды ықпал курстық жұмыстың тақырыбын менiң таңдауыма соңғы он жылдықтың құнсыздану, реформалардың сәтсiздiгiнiң мәселесiн көрсету. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жұмыссыздық

Жұмыссыздық-бұл әлеуметтік – экономикалық құбылыс.Жұмыссыздық кезінде экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді.

Жұмыссыздыққа көзқарас қоғамның әлеуметтік-экономикалық критерийі ретінде уақыт өту барысында өзгерді.20-ғасырдың басында әлемдік масштабта жұмыссыздықтың көлемі үлкен болған кезде жұмыссыздық-әлеуметтік жамандық, зұлымдық болыпсаналған және онымен барлық тәсілдермен, соның ішінде міндетті түрде мемлекеттік реттеу құралдарымен күресу керек деген пікір болған. Кейінірек,20-ғасырдың ортасында, әлеуметтік еңбек қатынастарының дамуы мен нарықтық экономикалық қоғамдарның құрылуымен жұмыссыздыққа жаңа көзқарас қалыптасты. Ол енді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, уақытшы сипатта болатын және мемлекет үшін күрделі проблема болмайды деген пікір қалыптасты. Қазіггі кезде көптеген экономистер жұмыссыздықты тұрақты қалыптасқан элеуметтік-экономикалық құбылыс деп санцды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Несие туралы ұғым

Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Пайғамбар

Жер бетін рухани қараңғылық басқан. Барша әлем адамзат баласының небір хайуандықтарына куә болып, санасында сәулесі барлардың рухы мен жүрегі қан жылаған заман. Адам азып, ел тозған. Жақсылықтың жұрнағы да қалмай бара жатқан уақыт.
Жер жүзі бақыттың, қуаныш пен шаттықтың бастауы - тәухид, яғни бір Жаратушыға сенім дегеннен мақрұм еді. Қайда қарасаң да күпір, күнә-руханиятты әбден көлеңкелеп тастаған. Әркім әр нәрсеге табынып, болар-болмастың бәрін қолдан Тәңірге, Жаратушыға айналдырған. Ақиқат билеушісін, шын Жаратушысын іздеп аласұрған көңілдер медет іздеп жанталасуда еді.
Адамдар надандықтың шегіне жеткені сонша, зұлымдық пен күпір батпағы қалыпты жағдайға айналған. Күштінің әлсізге әлім жеттігі, дәрменсіздің жапа шегуі ешкімді де елеңдетпейді. Күллі әлем қайғыға шомып, қасірет толы көңілдер уайымға берілген. Ақыл мен сананы, рух пен жүректі рухани қыспаққа алған күпіршіліктің, көпқұдайлылықтың бұлайша жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың пенделерінің ары қарай надандыққа, мұң-шерге шыдай беруіне өз тарапынан медет жібермей қалмасы шындық еді. Өйткені Ол қайырымдылардың қайырымдысы, ең мейірімді Жаратушы.
Аллаһ осынау тұманды сейілту үшін рақымдылығының дәлелі ретінде Ұлы тұлғаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) дүниеге жолдамақ болады. Дүниенің рухани кейпін өз нүрымен сәулелендіріп, адамзатқа, пері мен періштеге - бүкіл болмысқа мәңгілік бақыттың жолын көрсететін жолбастаушының келер күні таяған-тын.
Әлем үлкен ізетпен өз сұлтанын тағатсыздана күтуде. Жаратылыстағы әрбір зат өздеріне тэн тілімен, әрекетімен теңдессіз тұлғаға "Хош келдің!" деуге дайындалып, шаттанып тұрды.
Милади 571 жыл. Көкек айының 20-сы. Рәби'ул-әууәл (ай календары бойынша) айының он екінші түні. Піл оқиғасынан кейін арада елу-елу бес күн өткен. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер.№2 (1 сынып, 1 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер.№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау.
1.2.6.1 Балаларға арналған шағын фильмдердің үзінділері мен аудио құралдар арқылы оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан туралы өлең шығару №2 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан туралы өлең шығару №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.1 Әртүрлі стильде жазу
1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады.
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым тілмен жазады.
Көбі: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөз тіркестер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен қатесіз жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Тауар және ақша нарығындағы макроэкономкалық тепе-теңдік.IS-LM моделдері

Кіріспе
Менің курстық жұмысымда «Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік IS-LM моделі» қарастырылған. Қазақстанды экономикалық дамудың «өмірлік локамативіне» - ал еліміз қазірдің өзіне көп мәселеде осындай болып табылады – және оны әлемдік экономиканың табысты «ойыншысына» айналдыра аламыз.
Әлемдік шаруашылық жүйесінде нақты бір қазақстандық «тауаршаларды» іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі-озық жобаларға қатысу, сондай-ақ біздің экономикамызға қатысушыларды жан-жақты және жауаптылықпен қолдау соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы міндеттер бағдарламалары болуы керек. Бұл ретте негізгі назарды Ресей, Қытай, Оратлық Азия, Каспий мен қара теңіз өмірлерінің рыноктарына шоғырландыру қажет. ТМД ЕурАзЭҚ ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ықпалдастық саудадағыбасты бағдар болып қала береді. Біз мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағын құруға жетуді, оны біздің басқа көршілеріміздің кіруі үшін қолайлы етуді ұсынамыз. Қазіргі кезде әлемдік рыноктарда біздің тауарларымызға, қызметтерімізге және, озық идеяларымызға жаңа «тауаршалар» құру мен жеңіп алу үшін жеке меншік бизнеспен мемлекеттің күш жігерін топтастыру мәселесі қай кездедегіге қарағанда да өзекті болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Банк менеджментінің негізгі бағыты

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микродеңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторларды ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.
Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы - жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.
Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мең дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.
Мәселен, 1650 жьшы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатьш алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді.Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері, тартылған банк аралық рессурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды: немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк б.т.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондентік шоттардағы (Орталық банкте және басқа да коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
• депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi жай-күйi мен проблемаларын талдау

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады; экономика мен қоғамды одан әрi серпiндi дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты инновациялық саясатты жүргізген кезде мүмкiн болады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалар да кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жүйелiк сипаттағы ықпалдастықты, өзара байланысты шаралар кешенi, бiлiмдердi жинақтау, тарату және коммерциялау тетіктерiн өзiне қамтитын тиiмдi әрекет ететiн ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) арқылы қалыптастыру қажеттілігінен туған ....
Рефераттар
Толық
0 0