Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселе¬лер¬ді басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп жақсылығымен бірге бас шай¬қа¬тар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп, бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас бе¬кітулі шекаралардың ашылуы, елі¬мізге лап берген шетел¬дік азаматтар, бизнесмендер, ин¬вес¬торлар, тіпті алыпсатар сауда¬гер¬лерге дейінгі топтар өздерімен көңілді селт еткізер жаңалық¬тары¬мен бірге ортаны ой¬сы¬ратар кем¬ші¬ліктерін де ерте келгені бел¬гілі. ....
КІРІСПЕ Диплом жұмысында инвестициялық жобаны бағалаудың экономикалық мәні, критериилері мен әдістері және шетел тәжірбиесіндегі инвестициялық жобаларды бағалау мен талдау қарастырылған. Жұмыста инвестициялық жобаны бағалау мәселелері мен оны жетілдіру жолдарына тоқталған. Тақырыптың өзектілігі. Елбасының жолдауында білім және жаңа технологиялар трансферті үшін шетелдік инвестицияларды тартуды толығымен пайдалану және шетелдік компаниялармен бірлесіп, инвестициялық жобалау және инжинирингтік орталықтар ашу қажеттігі атап көрсетілді.Бұл орайда шетелдік әріптестерге өндірісті оқшаулау және технологиялар трансферті бойынша қарсы талаптар қойылуы, сонымен қатар бұған отандық инженерлер мен ғалымдарды тарту міндеттелуі тиіс. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Елбасының отандық кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігіне сенімі мол. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.[1] Инновациялық- инвестициялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Президент Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы негізінде бірқатар тапсырмалар берді. Инновациялық- инвестициялық индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек. Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту үшін инвестициялар тартылуда.[3] Қазіргі кезде Қaзақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.....
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. ....
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап – барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.
Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.
Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта – жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану – болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.
Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.
Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.
Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет. ....
Все мы родились в одной стране, здесь живем и растём. Все мы знаем историю нашей страны, гордимся ею. Мы можем с гордостью сказать: «Наша Родина – Республика Казахстан!». Именно Казахстан рождает в нас чувство патриотизма. Патриотизм – это любовь к Родине, к земле, где ты родился и живешь. Для каждого человека важно , чтобы он любил свою землю, защищал её, почитал традиции и обычаи, ценил культуру и соблюдал законы. Мы не должны загрязнять природу. Мы обязаны сохранить исторические памятники и достопримечательности нашей Родины.....
Тебе, родная моя земля, Посвящаю своё слово. Свободен, величав и первоздан, Звезде подобный средь земель и стран, Кюй счастья ты наигрываешь звонко, Родной мой, лучезарный Казахстан… Я бегу навстречу восходящему солнцу! Бескрайняя и таинственная степь наполняется все более горьким запахом полыни. Степной ветер, обдувая мое лицо и волосы, мчится в лазурную даль.....
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттерінің бірі- жасөспірімдерге адамгершілік тәрбие беру болып саналады. Адамгершілік тәрбие міндеттіріне, профессор Н. И. Болдырев айтқандай, адамгершілік сананы қалыптастыру, моральдық сезімдерді жетілдіру және мінез – құлық дағдылары мен әдет – қылықтарын бойға сіңдіру өнеді.Мұның бәрі сыйып келгенде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына қажетті моральдық қасиеттерді сіңдіріп, орнықтыруды, оларды қоғамдық және жеке өмірге даярлауды қамтамасыз етеді. Адамгершілік тәрбиесін әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдардан бөліп алып, жеке сала ретінде қарастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі әр уақытта да табиғаттың, қоғамның және жеке адамның дамуы туралы педагогика, психология және физиология ғылымдарының озық жетістіктеріне сүйенеді.Ал адамдардың адамгершілік қатынастарын, моральдық санасы мен қызметі формаларының жалпы заңдылықтарын талдайтың этникалық ілім адамгершілік тәрбиесі мен практикасының методологиялық негізі болып саналады. Себебі, этика ілімі адамдардың әлеуметтік- тарихи қажеттіліктерін бейнелейтің адамгершілік принциптерін ғылыми тұрғыдан талдап, негіздейді.Жеке тұлға өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат- мүддесіне сай өскелең ұрпақтың бойында қандай адамгершілік сапалық қасиеттерді қалыптастыруға болады деген сұраққа ғылыми тұрғыдан жан- жақты негізделген жауап іздейді.Сондықтаң, өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру этика ғылымының жетістіктеріне сүйенбей табысқа жету мүмкін емес ....
Кіріспе Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қаржылық бақылаудың болу экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарпынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде шындыққа айналады.Қаржылық бақылау ақша нысанында жүргізілетін экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде тиімді жұмыс атқаратын функция. Қаржылық бақылау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде қаржылық бақылаудың рөлін арттыру тиімді шара болмақ»-деп атап өткен. ....
Кіріспе Кәсіпкерлік күрделі де, көп жақты әлеуметтік-экономикалық даму процестерінің ұзақ мерзімді тарихи кезеңінен өтіп келеді. Жүздеген жылдар ішінде кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары мен көп жақты типтері өңделіп шықты. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті “Азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершіліктеріне алынып жүзеге асырылатын азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі” деп қарастырылған. Кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шығармашылық және басқа да қызметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді. Кәсіпкерлік класс мемлекеттің өтпелі кезеңдегі экономикалық ахуалын жақсартуда қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылықтарын және экономикалық реформалардың табысты шешілуіне кепілдік бере алады.....
Кіріспе Қазақ даласының Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта тұсында аяқталды. Осыдан бастап қазақтар қай жағынан болсада да Ресейге тәуелді күй кешті. Бұл кезде Ресейде капиталистік қоғам өркен жайған болатын. Капитализм Ресейге ғана емес, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, сонымен қатар қазақ даласында да қалыптаса бастаған еді. Ресейде болып жатқан экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени даму үрдістері азды – көпті болса да қазақ даласына жетіп жататын. Патшалық Ресей шет аймақтарындағы халықтарды аяусыз қанады, барлық жағынан дамуына кедергі жасап, соған тікелей күш жұмсады. Бұл жағдай ұлттар арасындағы араздықты қоздырды. Ресейге қараған басқа халықтар сияқты, қазақтың да тілі, ұлттық мәдениетіне зорлық келді, қорланды. Қазақ халқының рухани дамуы патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының жасында әдістерімен жетелеп отырды. Патша өкіметі қазақ өлкесінде ғылым мен білімнің дамуына, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне көңіл аударған жоқ. Патшаның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ресми құжаттардың біреуінде былай деп жазды: «Мен қырғыздарды (қазақтарды) орналастыру, оларды оқытып ағарту, оларды Еуропа халықтары шыққан сатыға шығару сияқты мүсіркегіштердің мейірбандық әурешіліктерімен шұғылданбаймын.....