Өмірбаян: Болатбек Баймаханов

Болатбек Бимендіұлы Баймаханов - медицина ғылымдарының докторы, профессор
Ол 1962 жылы 3 қыркүйек күні Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Болатбек Бимендіұлы Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша бітірген. Ал 2006 жылы Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі болып бастады.
1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері;
1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
1991 жылдан -хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері;....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Бөбегім-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз ел – болашақ кепілі!

«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»
Н.Ә. Назарбаев
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магниттік қасиеттер (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Магниттік қасиеттер
Оқу мақсаты: 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Металдардың магниттелу қасиетімен танысады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкесті ферменттердің арасындағы байланысты орнату.
Сабақтың мақсаттары: адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ДНҚ репликациясы. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл және ДНҚ
Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.7 ДНК репликациясы үрдісін сипаттау
Сабақтың мақсаттары:
- Чаргафф ережесі бойынша репликация үрдісімен танысу
- ДНК репликациясы механизмін үйрену
- ДНК репликациясы үрдісін ауызша және жазбаша сипаттаңыз
- Мезелсон-Стилл экспериментінің ДНҚ-ның репликациясы теориясын зерттеуге қосқан үлесін қарастырып, бағалаңыз
Олардың барлығы схемаға сәйкес ДНҚ-ның репликациясы процесін сипаттай алады,, Чаргафф ережесін, Мезельсона мен Сталя экспериментін біледі
Көпшілігі ауызша және жазбаша ДНК репликациясын үрдісін сипаттай алады, Чаргафф ережесін тапсырмаларды орындауда қолдана алады, Мезельсон мен Сталь эксперименттерінің ДНҚ-ның репликациясы теориясындағы маңыздылығын бағалай алады.
Кейбір студенттер күрделі қиындықтармен проблемаларды шеше алады және түсіндіре алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
• Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
• Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
• Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Біз де бала болғанбыз

Оқу жылы аяқталысымен жұмыс істеуге жараған балалардың көпшілігі шабындықты алқапқа шалғы түсер күнді асыға күтеді. Жылдағы әдет бұл. Ақыры ол күн де келіп жетті. Балалар жағы Жазаға деп атап кеткен бригадир Жазубай Әбиев аға жылдағыдай әр балаға кімнің тіркемешесі болатынын айтып тұр. Міне ол менің есімімді атады.

– Сен, Игілік Шекебаев ағаңның тіркемешесі боласың, – деді . Мен Игілік ағаның «Беларусіне» қарай беттедім. Ол кісі шөп машинасын майлап жатыр еді. Мені көріп:

– Е, сен екеуміз тағы да бірге істейтін болдық па? Дұрыс-ақ, – дей келіп шөп машинасының қай жерін майлау керектігін тәтпіштеп түсіндірді. Іле іске кірістік. Тырнадай тізбектелген тракторлар... Шалғы ізінде қалып бара жатқан шабылған шөп. Күн көтерілген сайын ысып сала берген шабындықты алқап. Сол алқапта бітік өскен сан алуан шөптердің танауыңды қытықтаған жұпар исі көңілге әлдебір қуаныш сезімін ұялататындай. Жұмыс күні де аяқталды. Бригада машинасының қарасы көрінді. Ол тоқтаған тұста Жазубай ағаның: « Кәне шалғыларыңды кузовқа салыңдар!» – деген даусы естілетін. Бүгін олай болмады. Іле Жазағаңның машинасы сынып қалғаны белгілі болды. Сол сәт мен Байқожаға қалай жетер екенмін деп ойлаумен болдым. Шоманға келген тұста Игілік аға мені күнде бригадир Байқожаға апарып тастайтынын, үйім сонда тұратынын айтып көріп еді. Жүргізуші: «Мен ештеңе білмеймін», – деп түсіріп тастады. Күн қасқарайып бара жатты. Жүгіріп кеңсенің тұсынан өте бергенімде: «Тоқта, тоқта дедім ғой мен саған», – деген зілді дауыс еріксіз .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы

Кiрiсiпе
Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың жиынтығымен сипатталады.
Сақтандыру рыногын дамытудың негiзгі мiндетi - қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру, сақтандыруды шаруашылық субъектілерiнiң мүдделерiн және халықты әртүрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар ретiнде белсендi пайдалану.
Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған өлуге жол бермейді» деп жауап береді.
Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматгық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0