Шығарма: Мен-соғысты жек көремін!

Тынық ауа, көгілдір ашық аспан , қызарған күн ұясына қимай батып бара жатқан сияқты.Алаңсыз ел өз тірлігімен айналысуда. Далада шулап ойнап жүгірген балалардың сыңғырлаған күлкісі естіліп тұр. Күн батты.Кеш түсті.Бәрі алаңсыз ұйқыда. Бұл тыныштықты, кенет ,ойламаған жерден жел соғып, мыңдаған үлкен қара құстар ұшып келіп, елдің ұйқысын бұзды. Ол нәзік ымыртты сіңіріп, өзімен бірге қорқынышты гуілдеген дыбысты әкелді.Барлық адамды бірден қорқыныш басып, мазасыз күйге салды.Бұл фашистік неміс ұшақтары еді.Ел іші ала-сапран.Еңіреген қарттар мен жүрек сыздата жылаған ана мен бала дауысы... Бұл шілденің 16-сы таңғы сағат 4-тер шамасы.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Бұл соғысқа әр отбасынан қолына қару ұстай алатындай боз балалар мен әкелер аттанып жатты.Елдің іші босап қалды. Әр аулада бірең-сараң кемпір шал мен жас аналар мен балалар көрінеді . Қолынан іс келеді-ау деген жан біткен қара жұмысқа жегілді.Күні бойы еңбек етіп, астық жинап, мал бағып, киім тігіп, соғыстағы өрендерге жіберіп отырды. Боздақтарын соғысқа аттандырған жұрт әр күні хат күтеді.Салт атпен ауылға шауып келген пошташы бала кейбіреулерді қуантып, кейбіреулерді зар жылатып хат үлестіруде. Хат алған ана мен жас келіншектер қуанғаннан көз жастарын төгіп-төгіп алады. Кейбіреулері хатты ала салысымен зар еңіреп, айналасында жұбату айтқан ауыл адамдары.Бұл көрініс күн сайын жалғасын таба берді.Соғыс атауы жер бетіндегі тіршіліктің бәрін жалмап жұтатын ажал еді.Бұл қасіретті күндер менің отбасымда да болған......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Адамгершілік - асыл қасиет

Адамгершілік - адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. "Кісілік", "Ізгілік", "Имандылық" сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын - әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Пернетақтада жоқ таңбалар 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін
Сабақ тақырыбы: Пернетақтада жоқ таңбалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: Пернетақтада жоқ таңбаларды қолданып үйрену.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі

Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті.
Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады.
1. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсініктеме
Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды кағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге қақалақ беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады.
Сондай-ақ құнды қағазды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазга ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болошақ өтілуіне байланысты. Бағалы қағаздың бағасы қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық, жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғұрлым көп түсірсе инвестордың алатын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға оотырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы.
Облигация - сатып алған жеке адамдардың инвестордың эмитентке берген карызы іспетті. Инвестор облигацияны сатып алу арқылы қарызға ақша құяды, ал эмитент алдағы уақытта оның қарызын өсімімен қайтарады деген сөз. Үкімет орындары да облигация шығарып, кәдімгі салықтан түсетін табыс сияқты оны да мемлекеттік маштабындағы мәселелерді шешіп отырған, ұйымдардың мұқжатына жұмсайды.
Сонымен, бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | ЛАНДШАФТЫНЫҢ ДАМУЫ

Қандай территориялық табиғат кешені болсын зоналық және азоналық факторлардың әрекеттеріне байланысты үздіксіз өзгеріп, дамиды. Бірақ ландшафтының даму тарихын зерттеп білу өте қиын іс. Өйткені адам әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады. Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының, даму тарихын баяндайтын белгілер із-түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенмен, ландшафтының даму тарихы, формасы, негізгі заңдылықтары туралы біршама жияақталған материал бар.
Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л.С.Берг зерттеп, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агробиология | Aлмaты oблыcы жaғдaйындa қapaқaтты өсypeттeгiштepiн қолдaнa отыpып өсipy

Ауыл шаруашылығы мемлекетіміздің басты эканомикасы болып саналады. Ауыл шарашылығында жақсы дамып келе жатқан сала жеміс және жидек шаруашылығы.
Жеміс-жидек шаруашылығының басты мақсаты – халыққа сапалы және пайдалы жеміс- жидектерді және жүзімдерді ұсыну.
Aлмaты облысы топыpaқ-климaттық жaғдaйы aймaқтық aссоpтимeнттiң жидeк дaқылдapын өсipyгe қолaйлы. Aлмaты облысы Тaлғapayдaнындa бaқтapдың жaлпы ayмaғындa жидeк дaқылдapының үлeсi 60,9% құpaйды. Стaтистикaлық мәлiмeттepгe қapaғaндa 2017 жылы көпжылдық жeмiс-жидeктi дaқылдapдың ayмaғы 7 844 гeктapғa дeйiн, оның iшiндe облыстың шapya қожaлықтapындa 23,8% apтқaн. Жыл сaйын жeкe шapyaшылықтap мeн әyeсқой бaғбaндapдaн жeмiс-жидeк дaқылдapының ayдaндaстыpылғaн соpттapының сaпaлы көшeттepiнe сұpaныс apтып кeлeдi. Жидeк дaқылдapын отыpғызyғa сұpaныстың өсyiн толық қaмтaмaсыз eтy үшiн олapды көбeйтy тeхнологиясын жeтiлдipy қaжeт ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы жұмысшы күші миграциясының негізгі және өзекті мәселелері

Кіріспе.
Қазіргі кезде халық санының көбеюіне байланысты жұмысшы күші де көбеюде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы бері көп уақыт өткен жоқ.Мүмкін сол жайтқа байланысты болар, біздің елде жұмысшы күші миграциясы өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған. Осы курсты таңдауымның себебі, осы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін, өзекті проблемаларын кішкене ғана болса да шешу. Оның Қазақстандағы жағдайын, өзге елдердегі миграция жағдайын және осы мәліметерді салыстыру арқылы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясын дамыту. Курстық жұмысты жазу кезінде тек қана жұмысшы күші миграциясын қарастырып қана қоймай, онымен байланысты (мысалы: халық саны, білім деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, және т.б.) көрсеткіштерді қарастыру. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т.б. нысандары бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

1. Астана қаласы
2 Біздің Ту
3. Кім тапқыр (сайыс сабақ)
4. Қар қандай болады?
5. Тапқыр достар (сайыс сабақ)
6. Үй жануарлары

Қазақ тілі
Сыныбы: мектепалды даярлық
Сабақтың тақырыбы: «Біздің ту»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
2. Тәрбиелік - оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық - оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
Сабақтың типі: жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: рәміздерге байланысты түрлі - түсті суреттер, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0