Жаңа педагогикалық технология - бұл әрбір сабақта пайдаланылатын өте қажетті және сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа педагогикалық технологиялар қолданылады екен. Шетел тілін оқытуда әр.......
Земство ауруханасы. Дәрігер үйленбекші болып жолаушылап кеткен. Сондықтан ауруларды жасы қырықтардағы фельдшер Курятин қабылдап жатты. Үстінде көнетоз ақсары, жібек жеңді қамзолы, бұтында сілікпесі шыққан трико шалбары бар-ды. Жүзінде жауапкершілік сезімі мен сүйкімділіктің сипаты бар жуан денелі адам. Аңқыған иісі адамның қолқасын қабатын сигарды сол қолының сұқ саусағы мен қолының арасына қыстырып алыпты.
Қабылдау бөлмесіне кең жеңді, шұбалаң қызыл қоңыр желең киіп, беліне жап-жалпақ былғары белдік буынған, ұзын бойлы, еңгезердей шал Дьякон Бонмигласов кіріп келді. Ақ түскен оң көзі қысыңқы, танауына шыққан сүйелі шыбыннан аумай қалыпты. Дьякон бірер секундтай көз жүгіртіп иконаны іздестіріп еді, бірақ ондай ештеңені көре алмағасын, карбол ерітіндісі құюлы тұрған жуан бөтелкеге қарап шоқынып қойып, қызыл орамалынан тарту - таралғысын алды да, фельдшердің алдына әкеп қойды.
— А-а-а... сәлем бердік! — деді фельдшер есінеп. — Не шаруамен кеп қалдыңыз? .....
Қазіргі таңда, қоршаған ортаның антропогенді ластануына байланысты экологиялық жағдайлар күрт өзгеріске ұшырағаны баршамызға мәлім. Осының салдарынан экологиялық таза өнімдер алу үлкен қиыншылықтар тудыруда. Сол себептен табиғи жағдайда өскен өсімдіктерді - түсімділігі мен өнімділігі жоғары гендік модифицирленген трансгенді түрлерге ауыстыру кең таралып жатыр. Дегенмен де, ондай өнімдердің адам мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі толығымен анықталмаған. Ауыл шаруашылық өсімдіктер мен жануарлардың төзімділігі мен өнімділігін арттыру мәселесінің шешімдерінің бірі - тағам ретінде, азықтық, жемдік қоспа, тыңайтқыш ретінде микробалдырларды кең көлемде тұтыну болып табылады. Микробалдырларды өсіру экологиялық таза, экономикалық тиімді болып табылады және арнайы жағдайларды талап етпейді. Аз уақыт ішінде олар көп биомасса жинақтайды, ал сол биомассасының биохимиялық құрамы өте бай және оларға түрлі биологиялық белсенді қоспалар кіреді. Сонымен қатар, өндірістік жағдайда микробалдырларды өсіру мерзімге тәуелді болмайды. Дегенмен, микробалдырлардың өсу қарқындылығын арттыру және олардың биосинтез процестерін арнайы өнімдерге бағыттау, атап айтқанда ....
Қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленеді, яғни күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан ертедегі адамдар наурыз күнін жаңа жыл басы - ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуаныш пен қарсы алған, жұрт ел аралап, наурыз көже ішіп, палуан күресіп, ойын саулықпен өткізген. Сол себепті біз бүгін ертеңгілігіміз “Қош келдің Наурыз!”- деп атап отырмыз. Наурыз келсе, құт келгені халайық Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық. (шашу шашылады) .....
Қазіргі уақытта елеміздің білім беру жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыруға бағытталған және нарықтық қоғам құру талаптарына толық сәйкес келетін өзгерітер болып жатыр. Қазақстандағы оңдаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру моделі елімізде және бүкіл әлемізіде және бүкіл әлемдегі болып жатқан қоғамдық-экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігікүн өткен сайын ерекше сезілуде. Бүгінгі күні қоғам білім беру жүйесінен жан-жақты дамыған, өздігенен жұмыс істей алатын, ерекше жағдайларда әрекет жасай алатын және үздіксіз білім алуға талабы бар жастарды дайындауды талап етуде. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта «психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп айтты. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әртүрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеу мен ғана ....
Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалда әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын.......
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы құндылықтары Сабақтың тақырыбы: Шығармадағы кейіпкерлер образы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1. Тарихи және көркемдік құндылығы Сабақтың мақсаттары: Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым Сабақтың тақырыбы: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау....
Пән:География Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі Сабақ тақырыбы: Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы Сабақтың мақсаты: • Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуын картадан көрсетіп, сипаттау; • Географиялық шартты белгілерді қолдана отырып, карталарды оқу.....
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. [1] Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді. Ақыл –ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды құрамдас бір бөлігі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л.В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді. Қазіргі кездегі ойлау зерттеулерін ақыл әрекеті ретінде қарастырып, (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Брушлинский, А.М.Матюшкин, О.К.Тихомиров) оның ішінде ойлау процестерін (жоспарлау, проектілеу, алдын ала болжау, бағалау, түсіну, ой-қорытындылау) және ойлау операцияларын ( анализдеу, синтездеу, салыстыру, жалпылау) көрсетті. Ақыл-ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау – сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.....