Өлең: Әйелдің ерін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ал бастайын сөз басын,
Қайғылы жүрек қозғасын.
Жолдасымды ойласам,
Тоқтамайды көз жасым.
Орауышым оңбады,
Отызға жасың толмады.
Жеті жыл жолдас болғаның,
Жеті күндей болмады.
Орамал тіктім оң кесте,
Шымылдық тіктім шым кесте.
Артыңда қалған жалғызды,
Толтырмай кеттің он беске.
Басқанда жерде із қалды,
Артыңда бір қыз қалды.
Жастай сенен айрылып,
Жыламасқа нем қалды.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері 2-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология
Сабақ тақырыбы: Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі организмдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.
Сабақтың мақсаты: • өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста микроорганизмдерді пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау;
• биотехнологияда қолданылатын тірі организмдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Мылтықсыз майдан

Есіл ерлер! Сендерге Алатаудай ескерткіш орнатса да лайық...

Онымен де орындарың талмайды... "Талапты" ауылынан қан

Автор

I

Арай бүгін ала сиырды жаңа түскен келініне сауғызды. Шашағы кере қарыс қыжым орамал бүркенген келін екі күн бойы шымылдық ішінде отырып еді, бүгін енесі оны ерте тұрғызып, тұңғыш рет үй шаруасына қосты.

— Сиыр сау, келін. Өз малыңа ие бол енді, — деді.

Арайдың арманы көп еді. Көбелек қуған баладай көп жүгірді.

Біреуіне жетті, біреуі жеткізбеді. Әсіресе аңсағаны — келін түсіру еді. Дәл бір өзі қайта жасарып, жас келін дәуренін өзі бастан қайта өткерердей күтті ғой бұл күнді. Ауылдас абысыны Зергүл:

— Әй, байғұс, сенде де арман бар ма. Бейнеттен босап жаның кіріп қалды-ау. Біздің Туған бір шүйкебас тауып, мен келін түсірер де күн бар ма екен! — деп күрсініп кетті. — «Рең -басы да түлкінің баласындай сүп-сүйкімді екен. Бізге қандайы жолығады?»

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Рухани жаңғырудың – қоғамдағы рөлі

Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.
Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикалық ойындар кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы

Ойын- жалпы адамдық мәдениеттiң ерекше құбылысы, негiзгi бастауы және шыңы. Басқа ешқандай iс-әрекет барысында адам баласы ойындағы сияқты өзiнiң психо-физиологиялық және интелектуалдық мүмкiндiктерiн көрсеткен емес. Сондықтан да ойын оқытады, тәрбиелейдi және дамытады, әлеуметтендiредi. Белгiлi орыс жасушысы Ногибин ойынның маңызы туралы былай дейдi:”Ойын кезінде баланың мiнезi,өмiрге деген көзқарасы айқындалады. Көптеген өмiрлiк күрделi мәселелердi бала ойын процесiнде жеп-жеңiл шешiп отырады. Балалық шақты ойынсыз және ойыннан тыс алып қарауға мүмкiн емес.”
Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекетiде елеулi рөл атқаратындығын аңғарған, ойынның маңызын жөнiнде мақал-мәтелдердiң түйетiнi мыналарды:
Ойында баланың ортамен қарым- қатынасы кеңейiп, таным қабiлетi өседi, мiнез-құлқы қалыптаса түседi. Бала ойынының түрi де мазмұны да сан алуан. Ойын үстiнде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа,ептiлiкке,iскерлiкке,адамгершiлiкке балуында.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысына құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелiгi. Мәселен «Баланың iстегенi бiлiнбес,» «Баламен ойнама, шаршарсың», «Қыз қуыршақ дейдi, ұл құлыншақ дейдi»,«Ойнай бiлмеген, ойлай бiлмейдi», - деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар екендiгi, ұл мен қыздың ойыны да түрлiше болатындығы ойын арқылы баланың сана-сезiмi ақыл-ойы өсiп жетiлетiндiгi дұрыс көрсетiлген.
Баланың дүниетанымында оның психологиясын қалыптасуында оқу бiлiмiнiң ерекше маңыз алатынығыңда мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған.
«Бiлiмнен асар байлық жоқ», «Бiлек сүрiндiре алмағанды, бiлiм сүрiндiредi», «Бiлiмдiден өнер құтылмас» деген мақалдардан осы идеяны жақсы анғаруға болады.
Кіші мектеп жасындағы балалар үшiн- сабақ, олар үшiн ойын тәрбиенің маңызды түрi. Ойынды дайын үлгiге айналдырмай, балалардың да бастамасына жол беруде өте маңызды. Ойын процесiнде бала қиындықтарды жеңуге үйренiп, айналадағы дүниенi танып біледі, қиындықтан шығудың жолдарын іздейді.
Педагог балалардың инициативасын тежеп, ынта-ықыласын түсінуге, танытуға тиісті емес. Ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және тағы да басқа тудыратын ойындарды алмастырып жіберуге ғана тиіс. Ойын жай ермек ғана емес, балалардың рухани жетілуі мен табиғи түсуіне қажетті алғы шарты. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жолы ойынға тікелей тәуелдi, әрі өте байланысты. «Адам өмірге бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді»,- деп К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауын да терең шындық үлкен мән жатыр ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бокс өнері (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Бокс өнері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;
Сабақтың мақсаты: Етіс түрлерін қолдана алуға үйрет....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек

Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.

Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды......
Эсселер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ою өрнектің мәні мен мағынасы

Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық
Мақсатым:
* Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау.
* Қазақ ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу.
* Қазақ ұлттық ою - өрнектердің мән - мағынасын білу.
* Қазақ ұлттық ою - өрнектерді ұрпақтарға жеткізу.
* Қазақ ұлттық ою - өрнек шеберлерімен танысу.
Міндетім:
* Отаныма, өз еліме адал қызмет ету.
* Болашақта қазақ ұлттық ою - өрнектерін танытып білу.
* Балаларға қазақ ұлттық ою - өрнектердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 4-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі 4-сабақ
Сабақ мақсаты: Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0