Шығарма: Мен-елімнің ертеңімін

Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, - деп ақын ағамыз Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағанындай мен өзімнің қазақ екендігіме қуанамын. Қазақ деген ұлтымды дархан пейілді, адал ниетті, ақ көңіл, ер жүректі халық деп танимын....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жер құқығы

Жер құқығы – жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінле пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз.
« Жер туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы – Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқығының өрісіне қарай заңды көрініс. Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында былай делінеді: «... Идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді ». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: №8-сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:
• көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтай алады;
• суретті жоспар негізінде жетекші сұрақтарға тірек сөздерді қолданып жауап беру арқылы әңгіме құрай алады;
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді мұғалімдердің көмегімен табады;
• - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
• тірек сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• тірек сөздер мен суретті жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді анықтайды;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
• пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• тірек сөздер мен суретті жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өзіндік пікірін білдіріп, әңгіме құрай алады;
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді анықтап, дәлелдейді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Кеңес дәуірі және қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық ерекшіліктері

Кіріспе
Әдебиеттану ғылымында әдеби жанр мәселесі жан-жақты зерттелініп келеді. Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әдебиеттанушы Г.Н.Поспелов жанр мәселесі туралы: „Термин жанр употребляется в нашей науке в двух разных смыслах. Жанрами нередко называют то что издавно было принято называть „родами” литературы – эпос, лирику, драму. Но это нарушает давно сложившуюся традицию называть словом „жанр” не роды литературы, а те более частные ее образования, которые существует в пределах различных ее родов такие как например: эпопея, роман, рассказ, новелла, ода, очерк, трагедия” [1;230], – дейді.
Байқап отырғанымыздай, жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясы жайлы жазылған кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, әңгімені т.б. жатқызамыз.
„Литературные жанры обладают структурными, формальными свойствами, имеющими разную меру определенности. На более ранних этапах на первой план выдвигались и осознавались как доминирующие именно формальные аспекты жанров. Жанрообразующими началами становились и стиховые размеры и строфическая организация и ориентация на те или иные речевые конструкции и принципы построения,” [2;372] – деген В.Е.Хализовтың пікірінше әрбір жанрлық туындының жанр түзуші белгісі болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, біздің бітіру жұмысымыздың нысаны „...шағын көлемді эпикалық жанр әңгімеде өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында – баяндаудан да, суреттеуден де тыс. Авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі, композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ келеді,” [3;290]– дейді белгілі әдебиеттанушы ғалым З.Қабдолов.
Шағын көлемді эпикалық түр әңгіменің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Қазақтан шыққан тұңғыш әдебиеттанушы-ғалым А.Байтұрсынұлы 1926 жылы жарық көрген мәні мен маңызы өте терең, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап түсіндірген „Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде жазба әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, оны: 1) әуезе, яки әңгіме 2) толғау тобына қарайтын сөздер, 3) айтыс-тартыс тобына қарайтын сөздер деп үш түрге бөліп қарастырады.
Осы топтағы әуезе немесе әңгімеге анықтама бере келіп, А.Байтұрсынұлы:
„Бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бәрін түгендеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады:
1. Ертегі жыр 2. Тарихи жыр. 3. Әуезе жыр. 4. Ұлы әңгіме (роман). 5. Ұзақ сөз. 6. Аңыз өлең немесе әңгіме. 7. Көңілді сөз. 8. Мысал.
9. Ұсақ әңгімелер” [4,32], – дейді.
А.Байтұрсынұлы ұлы әңгіме, яғни романға жанрлық жағынан сипаттама бере келіп, „ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі „Ұзақ әңгіме”, ал одан шағындау түрі „Ұсақ әңгіме” деп аталады”, – деп нақтылай түседі. Одан әрі: „Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттар сынды жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды”, – деп „әуезе түрлерін” одан әрі қарай жіктеп, жүйелеп береді.
А.Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы” „ұлы әңгіме” деп отырғаны – роман, „ұзақ әңгіме” деп отырғаны – әңгіме жанры екені түсінікті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Өнерлінің өрісі кең


«Еңбек қылмас еріншек-адам болмас»,-деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтпақшы бүгінгі заманда икеміңе қарай еңбек етпесең бір кем дүние сонда болмақ.Еңбек-рахаттың атасы.Сондықтан да,еңбекпен тапқан нанның тәтті болары осыдан.Қазақ ертеден-ақ өнерлінің өрісі кең деп,еңбекқор жанды бағалап,өнерін ұлықтап,шығармашылық жұмысы сарқылмасын деп ерекше құрметтеген.Иә,елге сіңірген еңбек жақсы,еңбекті елеген ел жақсы дегендей бұл мақалада өнерімен талайды өзіне баурай білген Айтжанов Батырқұл ағайды арқау етпекпін.

Айтжанов Батырқұл Асанұлы №21 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі.Ағайымыз мектептің бетке ұстар азаматы,пейілі дархан,көңілі ақ,сырбаз да сабырлы,бесаспап,табиғи дарын иесі десем қателеспегенім шығар сірә!Ол кісі қарапайымдылығынан айнымайтын,адамгершілігі мол,жүрген ортасына сыйлы мейірімді де қайырымды азамат. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Алпамыс батыр жыры


«Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант, версиялары көп эпостың бірі.

Қазақ халқына көп тараған басқа эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес елдердің көпшілігінде-ақ бар. Қарақалпақ, өзбек, башқұр, алтай елі, тағы басқа. Қарақалпақ, өзбек елдеріндегі «Алпамыстың» оларда да бірнеше вариант, версиясы табылып отыр. Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл елдерде де «Алпамыс» эпосы көп замандардан бері сақталып келген.

Қазақта «Алпамыс» эпосы халық аузынан ХІХ ғасырдың аяғында жазылып алынған. Бірінші рет басылуы - 1896 жыл. Ең соңғы, толық варианты 1957 жылы ғана басылып шықты. Осы екі арада талай рет басылған. Біздің бұл еңбегімізде талдау үшін алынатын негізгі нұсқалар - осы соңғы варианты мен 1896 жылғы басылған эпостың екінші бөлімі. Басқа тілдердегі «Алпамыстың» вариант, версияларының қысқаша мазмұнын келтіреміз де, керек болған дәрежеде ғана шолулар жасаймыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Дәстүрлі емес сабақ және оның өту жолдарын ашып көрсету

Жұмыстың мақсаты:
Дәстүрлі емес сабақ және оның өту жолдарын ашып көрсету
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Дәстүрлі емес сабақтардың әдістерін көрсету;
- Сабақ барыстарын ұйымдастыру жолдарына тоқталу;
- Ойын сабағын ұйымдастыра білу;
- Өлкетануды оқытудың бағыттарына тоқталу;

Сабақтың барысында, үнемі емес, ішінара оқытудың ойын түрін ұйымдастырып отыру баланың белсенділігін арттырып, баланың сабаққа деген сүйіспеншілігін арттырады. Сонымен қатар дәстүрлі емес мысалы, арнайы экскурсия ұйымдастырып музейлерге немесе архивтерге де барып тұру тиімді. Кей жағдайда тарихи кинолар болып жатқан кинотеатрларға да барып тұру қажет. Мұндай әрекеттер баланың қызығушылығын арттырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын күз

Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шар, қанатты сөздер, сарғайған жапырақты ағаштар, жапырақтар, құстардың суреттері, техникалық құрал.

Жүрісі:
Залдың іші шарлармен, қанатты сөздермен, жерде жатырған жапырақтармен, ағаштармен,
суреттермен безендірілген. Әдемі әуен ойналып, балалар орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші:
- Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Бүгінгі мектепалды даярлық сынып балалары дайындаған
«Алтын күз» атты күзгі мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер!.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: География | Әлемнің жеті кереметі

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.
Артемида ғибадатханасы
Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадат-хананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадат-хананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Туған жер

О, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше көр.

Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай, тасып болсам мен егер.

Қасым

Пойыз жүрер алдындағы сәтті есіңе түсірші: қоңырау соңғы рет соғылған, жолаушылар мен шығарып салуға келген кісілер айрылысар алдындағы сөзін асыға-үсіге айтып, қоштасып, құшақтарын енді ғана жаза, ажыраса береді де, әлденені ұмытқандай қайта оралады, қайта құшақтасады, қызыл бояу жаққан ерін қайыс ерінге қайта жабысып, бас-аяғы жоқ бір-бір сөз, бір-бір ауыз тілектерін жолдап, абыр-жыбыр, ал кеш қалған жолаушылар дәл бір өрттен шыққандай, есі-түсі қалмай етек-жеңі далақтап жүгіріп келеді.

Жасыратыны жоқ, жылжып бара жатқан пойызға екі етегі далақтап жеткен жолаушының мен де бірімін. Қара терге түсіп, алқынып барам. Шығарып салған жолдастарым да ренішті. Қайсыбірі құрдастығын арқаланып боқтап жатыр. Олармен қалай қоштасқанымды да білмеймін. Құшағымдағы кішкентай баламнан бауырымды жазып, қасымда жүгіріп келе жатқан шешесіне ұстата салдым да, көк шолақ пойызға бір-ақ ырғыдым. «Ісі құрсын. Әр кездегісі осы», — деген ренішті біреудің дауысын құлағым шалды. Жиі-жиі есіте бергесін әсер етпейтін сөздер болады. Кісі ұрысқанға да үйренеді. Жолдастарымның әлгіндей ренішіне қысылу орнына күлімсіреппін. Купеге заттарымды кіргізе сала қайта шықтым. Кісі-қаралар үймелеп тұрған терезеге.ентелеп барып мен де үңілгенде, көк шолақ пойыз құниып тартып, сыпыртып ұзап та кетіпті.

— Жә, қайтесің,— деді сырт жағымнан салқын дауыс. .....
Әңгімелер
Толық
0 0