Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ, шамалары келмепті.Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?» - дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдененің атақтысы шақырылыпты. - Тәуекел! - деп, бөдене ұша жөнеліпті.......
Балалардың жоғары агрессивтілігі дәрігерлер, педагогтер мен психологтар үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі пробремалардың бірі болып отыр. Агрессивтілік (лат. «шабуылдау, қауіп тудыру») – агрессивті мінез-құлыққа апарар ниет, жағдай. Ал агрессиялық әрекеттің өзі – баланың өзгелерге залал келтіруге бағытталған мінез-құлқы. Агрессивті жағдай ашу, жаулық, жеккөрушілік, т.б. эмоциялар арқылы көрініс табады. Әрекет міндетті түрде өзге адамға залала келтіру: балағаттау, қорлау, төбелесі, ұрып-соғу, т.б. түрінде көрініс береді. Осындай мінез-құлықты балалар саны тез артып келе жатқандықтан, тақырып өзектігі күмән келтірмейді.
Бұл көптеген жағымсыз факторлар: балалардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашарлауынан; отбасылық тәрбие дағдарысынан; мектептің балалардың жүйке-психикалық жағдайына көңіл аудармауынан; баланың миына зақым келу түрінде салдары болатын патологиялық босану үлесінің артуынан орын алып отыр.
Зорлық–зомбылықты үздіксіз насихаттаумен айналысатын жалпы ақпарат құралдарды, кино және бейнеиндустрия да өз үлесін қосып отыр. Соңғы жылдары балалар агрессиясы проблемаларына ғылыми мүдделілік те артып отыр, бірақ, өкінішке орай, шынайы түзету мен емшара тәжірибесіне негізделген зерттеулер салыстырмалы түрде аз.
Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін. .....
Тақырыптың өзектілігі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары адамның ақыл – ой, ерік және көңіл-күй аясын, оның эстетикалық ұғымдары мен қажеттіліктерін қалыптастыруға әсер етеді. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл – ойға нысандық әсер ету жақтары, оның ақыл – ой және дене еңбегі бір-бірімен бірлікте және өзара байланыста болады. Бізді қоршаған ортада және біздің ағзамызда болып жатқан көптеген құбылыстар тек қимыл әрекетінің нәтижесінде танылуы мүмкін. Бұл ең алдымен қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттарына қатысты болып табылады, яғни уақыт, кеңістік, қимыл ұзақтығы, жылдамдық, ырғақ, сол сияқты дененің беткі қабаты мен салмағы және оның өзіндік мүмкіндіктері туралы ұғымға қатысты болады.....
Пән: География Бөлім: Экономикалық география Сабақ тақырыбы: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.1.2 жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды Сабақ мақсаттары: жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды әрбір материктер мен мемлекеттердің табиғи – ресурстық әлеуетін бағалайды.....
КІРІСПЕ. Қазақ елі сан-салалы өзгерістер дәуірінде тіршілік кешкен тұста шетел халықтары әдебиетінің үлгілерін қазақшаға тәржімалау және қазақшадан өзге тілдерге аудару ісін орыс тілін араға салмай-ақ жүзеге асыру өмірге еніп отыр. Бұған қарап ғылым мен әдебиеттегі, жалпы мәдениеттегі орыс елі мен қазақ елі, орыс тілі мен қазақ тілі, осы екі елдің әдебиеттері арасындағы байланыс деңгейі төмендеген екен деп ойлауға болмайды. Керісінше, бұл байланыстарды нығайта түсуді уақыт, заман талап етуде. Сан алуан мәдениет кеңістігі қалыптасқан, көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл байланыстардың маңызы күн санап арта түспек. Осы орайда көркем аударма мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі ретінде көрінуде. ....
Кіріспе Мал мен жануарлардың жеке ерекшеліктеріне және көрсетілетін алғашқы ветеринарлық жәрдемге байланысты олардың қозғалысын әр түрлі фармакологиялық препараттар қолдану арқылы тежейді. Ветеринарияда мал мен жануарлардың қозғалысын дәрі-дәрмек қолданып шектеу жалпы және жергілікті жансыздандыру болып бөлінеді. Жалпы жансыздандыру немесе наркоз ( грекшеден narkosis- сезімсіз ету ) – жануарларға есірткі заттарды қолдану салдарынан орталық жүйке жүйесі функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз кезінде сезгіштіктің жойылуы, мал естен танады, қозғалыстық,шарттық және кейбір бейшарттық рефлекстер жоғалады.Қаңқа бұлшық еттердің әлсіреуі байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан – тыныс алу,тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің, өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады. Есірткі заттарды енгізу алдында малдың қозғалу қабілетінің қай уақытта жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің толығымен әлсіреуін ( релаксация ) білу өте мағыналы. Бірақ ауыл шаруашылығында осындай қажетті наркоздық күйді есірткі заттардың бәрі шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуында және оның өмірге қауіпті шектеріне дейін жеткенде дамиды.....
Анафаза (anaphasis; гр. апа — кері, тең; гр. phasis - фаза, кезең) [1] — жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңі[2]; хромосом жұрнақтары жасушаның қарама-қарсы полюстеріне ажырайтын ядроның күрделі бөлінуі кариокинездің үшінші кезең.....