Сан ғасырлар бойы тағдырдың теперішіне шыдап, еңсесін түсірмей, қиындыққа қарсы күресіп келген менің елімнің бүгінде тәуелсіздігі - тұғырлы, ана тілі - айбарлы, елтаңбасы - ажарлы, әнұраны - әуенді! Тариxымызға көз......
Ауылдағы баласын қаланың мектебіне оқытқысы келген еді. Оқытты да. Үйде отырып баласынан сұрады:
- Бұл кезде ауылдың мектебіне барып жататын едің. Міне, қаланың мектебіне де бардың. Өзіңе қайсысы дұрыс? Ауылдың мектебінде оқыған ба, әлде қаланың мектебінде оқыған ба?
Бірінші сыныпқа барған ұлына анасы осы сұрақты қойып, оның "қала мектебі" дейтініне сенімді еді.
- Ең дұрысы - оқымай-ақ қойған жақсы еді, - деді бала. - Жаныңызда еріп жүре берсем де болмас па еді?
Он бес одақтас мемлекетке ортақ мерейтой болған Ұлы Жеңіске биыл 72 жыл толғанымен, бұл мерекенің тойланып келе жатқанына 55 жыл. Себебі, біреу білсе, біреу білмес соғыс біткен алғашқы жылдары КСРО басшылығы «майдангерлер соғыстың зардабын ұмытып, халық соғыс психологиясынан арылуы керек» деген ұстанымда болып, 17 жыл қатарынан Жеңіс күні тойланбаған екен. Дегенмен, Отан үшін төккен қанның есесіндей жеңіс көңілге медеу демесең, қаншама адамзатты қан қақсатып, ет жақынынан айырған қасіретті жылдарда есеңгіреген халық оңайлықпен соғыс психологиясынан арылмасы анық еді.
Сұрапыл соғыс қазақ халқы үшін де 5 жылға созылған өте үлкен, аса ауыр сын болды. Осы жылдарда бір отбасыны күйретіп, бір емес, бірнеше азаматынан айырған жағдайлар да аз болмады. Осындай оқиғалардың бірі Ақбай ауылында орын алған. Бір жылда, бір жанұядан төрт бірдей ағайындылар атап айтқанда, Санаев Өтебай, Айтжан, Ален, Айтмағанбет майданға аттанған екен. Өкініштісі, ағайынды азаматтардың екеуі ғана елге оралыпты.
Санаев Өтебай 1947 жылы елге оралып, екі жылдан кейін қайтыс болған. Келіні Қағаз Санаеваның естелігінде Өтебайдың жары Жансұлудың айтуынша, қайтып оралғанда күйеуінің денесінде оқтың бытыралары болған. Осы денеде қалған оқтың себебінен алапат ажалдың ордасынан аман келгенімен, ғұмыры ұзақ болмапты. Өтебайдың екі қызы (Ұшыға, Бақтылы) және бір ұлы (Мұхтар) қалған. Соғысқа кетерінде Ұшыға менен Мұхтар қалған. Соғыстан оралғасын Бақтылы есімді қызды болыпты.
Санаев Ален де елге қайтып оралған. Үш ұлы мен бір қызы қалған. Екі ұлы дүниеден өткен. Ал Миткіл есімді қызы мен Бақытжан есімді ұлының көзі тірі. .....
Барлық кішкентай сәбилердің істеген іс әрекеті үлкейген адамдардың жүзіне күлкі,қуаныш әкеледі. Олар ойнай бастаған сәтте қалай шаршап келкеніңді де ұмытып қалады екенсің. Әр бір сыңғырлаған былдырлағын сөйлеген үні де өзіңді еріктіріп әкетеді. Қазақ халқы бала тілі бал деп босқа айтпаса керек.Кішкентай сәбилер шаңыраққа олжа болып келген бақыт секілді. Бір шаңырақта бір емес,екі емес он бала келседе ата ана қуанышы сөзбен жеткізерліктей оңай емес.Баланың тілі бал болатыны рас екен ау. Баланың жасы жетіп,тілі шыққандағы ең алғаш айтатын сөзінің бірі «мама» болады. Сөйлеген бір сөзіне ана жүрегіде қуанып қалады. Оны қызық көрген тумаластары өз есімдерін қайталап айтқыза береді. Ия осыдан шығар баланың тілі бал болатыны.
Мен дүниеге келерде анам мені тоғыз ай құрсағында көтерген болатын. Кішкентай сәби үшін анада әкеде алаңдаумен болады. Бір күні кішкентай тентек жарыққа шыққысы келіп,анасын әбден әуреге салады. Жаңалықты естіген әке тұңғышын көруге асық болады. Не дегенмен қуанышпен қоса қорқынышта бірге жүреді емес пе? Бала мен ананың денсаулығын ойлап бірнеше сағаттар бойы дәрігердің жауабын күтумен болған әкенің басына келіп кетпеген сауалдары өте көп болды.
Дәрігер есікті аша салысымен қуанышты хабарды дереу баланың заңды тұлғасы туған әкесіне айтуды жөн санады.Сөйтіп мені отбасымның жанына апарды.Мені көрген ата анамда тумаластарымда мәз болған болатын.Ал мен басқа балалар секілді жылауық болмадым.Анам мен әкеме қолымнан келгенше көмегімді аямадым.Бір қызығы мен тұсауымды кескен кезде ғана жер басып жүргенмін.Тұсауымды кеспейінше өз еркіммен жүрмеген екенмін.Өзімнің кішкентай кезімді айта берсем өте көп қызықты оқиғалар мен іс әрекеттерімді айтып отыруға бір емес бірнеше күн керек.
Әр бір сәбидің өзінің тәтті тілі мен іс қимылдары бар. Сәбиді тек ана ғана жақын таниды. Оның оғаш қылықтарына да көнеді, оны тамақтандырып,киіндіреді. Бала анасыз ешқашан бірінші қадам жасамайды. .....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын» Сабақ тақырыбы: Біздің кафеде Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)11.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану Сабақ мақсаттары: Кафеге барғанда қолданатын сөздермен танысамыз, қолданып үйренеміз......
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.А/И2.Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы орындай алады: Шығармадағы автор бейнесін анықтаймын. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы автор бейнесін өзге кейіпкермен салыстырамын. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкер бейнесін өз ойыммен, көркем тілмен жалғастырамын.....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.6 тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды Сабақ мақсаттары: Тау жыныстары жөніндегі білімдерді кеңейту.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақтың тықырыбы: Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Айқас және өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: қосарлы ұрықтану туралы түсінік қалыптастырады; Кейбір оқушылар: айқас тозаңданудың артықшылықтарын сипаттай алады......
Ертеде бір қартайған қораз өмір сүріпті. Ол түлкінің табанына талай рет түсіпті. Бірақ үнемі бір айласын тауып, түлкіден аман құтылып кете беріпті. Сөйтіп ол бірде ауыл сыртында дән теріп, жер шоқып жүрген кезінде түлкінің өзіне қарай жасырына жақындап келе жатқанын көріп қалады.
Қашып кетуге ауыл алыс болады. Қораз жалма-жан ұшып қасында тұрған ескілікті шегіршін ағашына барып қонады. Түлкі ағаштың түбіне жетіп келіп:
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз. Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады.....