Курстық жұмыс: Информатика | Электрондық оқулық құру

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады . Біздің негізге алған мәселеміз оқытуды автоматтандырумен байланысты. Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыра тын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.
А/И4. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Альпинист


Шың басына шығыпты...

Шың басы — шыңылтыр аяз. Қар беті — қабыршақ мұз. Көк пен жердің арасы — кілкіген кілегей мұнар. Сол мұнар дүниеде таутекедей сексиіп жалғыз өзі қалыпты. Сол мұнар әлемде кеменің желкенсіз жалаңаш мачтасындай жетім шың жүзіп келеді.

Көлкіген мұнар ішінде, шаншылған шынар ұшында қарақшыдай қалқиып тұрған мұны мұң иеледі. Іле үрей биледі. Бойын суық тер басты. Ұлы биікте ауа жетпей, қос өкпесі қысылды.

Бұғалық түскен жылқыдай бөбежігі буындырып, жанары жарылардай шатынай бере оқыстан оянып кетті.

Қараңғы бөлмеде қара терге түсіп жатыр екен. Демін тереңнен тартып, көз үйретіп ұзақ жатты. Әлгінде ғана шың басын торлаған шаңыт әлем сансыраған санасынан жалқаулана сейілді.

Таң қараңғысы селкеу тартып, балкон жақтан бозғыл сәуле білінеді. Барыстай жымып балконға шықты. Көктемнің таңғы ызғары тәнін қарып, сергіп сала берді. Ол әлден уақта ас үйден апыл-құпыл ауқаттанып, тысқа шықты. Алматы ояныпты. Бір сәтке көк мұнар ішінде кемедей жүзген мұзарт шың мен шың басында жетімсіреген жұмбақ күйін есіне алды. “Бұл қай шың? Неге жалғыз? Түске де түрлі жайлар кіреді-ау!” деп автотұраққа қарай асыға адымдады.

Көктем туғалы, көңіліне жеңілтек қыздай жел кірген-ді. Алғашында жаз шықпай алаңдағанына жол болсын деп, өз-өзін тыйып тастауға тырысса да, алаң кірген сезімі асаусып, бастықпай-ақ қойған. Мамыр туып, жер жылысымен қарғын судай лықсып, алып-қашпа алапат сезімге ұласты. Бүгінде жар төсегін суынтқан таңғы сезім кешікпей байырқалы ойға бекіді. Өзін таудың шақырғанын түйсінді. Түйсінді де тіксінді...

Тап қазір құз кесіп, шыңға шырға салар мезгіл емес. Мазаң мамыр. Жылдың бұл айында күн қақтаған Африканың Килиманджаро төбесіне де адам атаулы аяқ баспайтын. Ал мұның асық көңілі қайда тартып тұр? Жер ананың төсіндегі Монблан мен Эверест тектес қос анарына да, ақ жал мен қара жал түсті жылқының шоқтығындай Аляска мен Кавказдың жалама жондарына да табаны тиген еді. Перғауынның пирамидасы іспетті Алатаудың Хантәңірісі мен боз бөрінің иесі текті Алтайдың Ақтауына да қонышы қажалған. Ендігісіне не жорық? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектептің түлегі елінің болашағы, мектебінің тарихы


"Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым!
Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күрежолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт сапар тілеп қалар..."

Бұл - Қожабақы ауылындағы №25 мектептің бір кездегі 48-түлектерінің ауыл сахнасындағы өздерінің соңғы қоңырау салтанатында ұстаздары мен мектеп бітіруші құрбы-құрдастарына арнап сөйлеген сөзі еді. Сонан соң олар соңғы қоңырау жайлы өлең оқыды:

Ұғынды ма арлылығын, тәтті өмірдің нар жүгін,
Ақ бантикпен қоштасады қыз бала да дәл бүгін.
Бүр жарды ма кеудесінде асау сезім елім деп,
Адуындау ерке ұлдың да мұрты қапты тебіндеп... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ойлайық та ойнайық

Білімділік: балаларды ойын арқылы сабақтастыра отырып түстерді ажыратуға, пішіндерді ажыратып орналастыра білу шапшаңдылыққа үйрету, жоғары - төмен, көп - аз ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Уақыт мезгілін үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: математикалық ұғымдарды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, уақыт мезгілінің суреттері.
Сөздік жұмыс: тәулік, сан
Қостілдік: күз - осень, таңертең - утро, күндіз - день, кеш - вечер, түн - ночь.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
- Тәрбиеші, жыл мезгілдері, ерекшеліктері жайында сұрайды.
- Қазір қай мезгіл?
- Күздің қандай ерекшелігі бар?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, орманшы атай бізге себет беріп жіберіпті, себеттің ішінде не жатқаны жұмбақты шешу арқылы біле аламыз.
1. тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
2. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Тосын сәт: Кірпі мен қоян шығып балалармен амандасады.
- Балалар, олардың қарындары аш екен, сүйікті асын сыйлайық.
- Кірпі нені жақсы көреді, ал қоян ше?
- Олай болса кірпіге алма, қоянға сәбіз сыйлайық.
- Балалар кірпіде неше алма? (2)
- Қоянда неше сәбіз? (1)
- Ненің асы көп?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Город Томск

Томск - центр Томской области - расположен на юго-востоке Западно-Сибирской равнины, на правом берегу р. Томь, в 60 км от еe впадения в Обь, на берегах р. Ушайка. Расстояние до Москвы - 3500 км. Климат континентальный. Средние температуры января -20 С, июля +18 С. Осадков - 500 мм в год. Ж.-д. станция на.....
Сборник рефератов
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қаңлы мемлекетінің пайда болуы мәдениеті

Қаңлы мемлекетінің пайда болуы, мәдениеті
1. Қаңлы мемлекеті, мәдениеті.
2. Қаңлы мемлекеті, шаруашылығы мен кәсібі
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. .....
Рефераттар
Толық
0 0