Баяғы уақытта бір кемпір бар екен. Оның үш баласы болыпты. Ол кемпірде түк мал болмапты. Күнелту үшін базарға жусан алып барып сатады екен. Сатқан жусаннан тамақтарынан артылып, күнде бес тиын қалады екен. Бір күні сол артылып қалған бес тиындарын санаса, едәуір пұл болып қалыпты. Қыс келе жатыр, балаларыма шапан әперейін деп, қалаға барып, үш баласына үш шапан сатып алады.......
БІРІНШІ ПЕРДЕ Шымылдық ашылар кезде сахнада жаң-жұң дауыс; ойын-күлкі. Қыз-бозбала, келіншектер. Сахнаның орта шенінде алтыбақан. Алтыбақанда бір қыз бен бір келіншек тербеліп, көтеріңкі түрмен ән салады. Бірсыпырасы оған қосылады. Алтыбақаннан бөлектеу Шұға мен жеңгесі. Жеңгесі Шұғаға сөз айтып тұрады. Шұға ұнатпаған пішін көрсетеді. Бұларға таяу бір келіншек пен Күлзипа. Бұл екеуі де өзара сөйлесіп, әлденеге мәз болған түрде. Алтыбақанның екінші жағыңда Қарасай мен Тоқтарбай. Бұл екеуі өзара сөйлесіп, көздерін Шұғаға қадаумен болады. Ән тоқталып, жаң-жұң басылған кезде. Шұға (ұнатпай). Апырм-ай, жеңеше, Құлағым сарсылды. Мақпал. Беу, еркежан, Жастықты неліктен, Жүрегің тарсынды? .....
Қоғамдық тамақтандыру әрбір еджің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндірү, сату сияқты қызметтерді атқарадыҚоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады. Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оныңпайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты. Қазіргі кезде елімізде ай сайын онға жуық мейрамханалар ашылуда. Мейрамхана бизнесі күннен күнге өркендеп, дамып келуде, алайда оны дурыс, сауатты және дұрыс ұйымдастыру - өте қиынға әкеліп соқтырады. өйткені бүгінгі күнде кішігірім тәжірибе мен сезгіштікке сену жеткіліксіз, міндетті түрде арнайы білімі бар, заманға сай көзқарасы бар мамандардың болуышарт. Міндетті түрде кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, бизнес жобасын экономикалық жағынан да, технологиялық жағынан да қарастыру қажет. Сонымен бірге құрылыс, архитектура, экология, технологиялық жабдықталу мәселелерін де есептеп білген жөн. ....
Орман ресурстары - бұл биологиялық ресурстардың бір түрі. Олар көптеген спецификалық жақтарымен ерекшеленеді. Олар бір жағынан табиғи жағдай болып келсе, екінші жағынан оны қолдану сипатының ерекше болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар орман ресурстары, оның бастысы орман шикізаты өте үлкен экономикалық маңызға ие болды. Оларды қолдануда өндірістің өте үлкен салалары мен жәнеде халықтың бір шама бөлігінің жұмыс істеуімен байланысты болып келеді. Ағаш өңдеудегі өнім, орман ресурстарын эксплуация процесінде алынған ағаш өнімдері өндірістің басты шығару өнімі және тұттыну заты болып табылады. Минералды шикізаттарға қарағанда орман, ресурстары қайта қалпына келтіруге болатындардың түріне жатады. Осыған байланысты оны шаруашылықта және де өндіруде сонымен қатар оны үлкен көлемде қолдануда орман ресурстарын қалпына келтіріп жоспарлы түрде жүзеге асыруға болады. Орман ресурстарын ауыл шаруашылық ресурстарды қолдануда адамға керекті табиғи өнімді алуда оны қайта қалыпына келтірудің цикілді жүйесі қалыптасқан.бұл табиғи процесте өнімдердің арасында араласуме ....
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді. Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. ....
Пән: Қазақ тілі (екінші) Сабақтың ТАҚЫРЫБЫ: Аңдар ОҚУ МАҚСАТТАРЫ: Т 1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. Ж 4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. О 1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. САБАҚ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар: Орманда мекендейтін жануарларды тани алады. Атауларын емлелік жағынан дұрыс жаза алады. Буынға дұрыс бөліп, оқи алады. Оқушылардың көбі: Аңдардың атауларын қайталап айтып, жаза алады. Суретті мәтінді құрастырып, оқи алады. Диалогқа қатысып сөйлей алады. Оқушылардың кейбірі: Мәтінде не туралы айтылғанды түсініп, қысқаша өз сөзімен айта алады ....
Ежелден ел тілегі – ер тілегі, Адал ұл ер боп туса –ел тірегі. Бауыржан Момышұлы «Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды....
“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.
Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған. Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған! Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты. Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі. Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ, Мәңгілік азат халық болуға тиісті! Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын, Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын, Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын, Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын, Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде, Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Автотрофты ағзалар (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар гетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы. .....