Географиядан сабақ жоспары: Өзен аңғарының құрылысы №2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера
Сабақ тақырыбы: Өзен аңғарының құрылысы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.3 өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Өзен ұғымын білу: өзен алабы, бастау, саға, канал, ағыс, ауытқушылық, құлау, су ағысы, алқап, құлама су, меандр иілімі, суайрық, өзен аңғары.
Схемалар мен сызбаларды пайдалана отыра өзеннің жер бедеріне (эрозия, түзілу, өзен арнасының өзгеруі, суайрықтар мен меандр иілімінің қалыптасуы, өзен уәді, атырауы және сағаларының қалыптасуы) әсер етуіне сипаттама бере алатындай жағдайда болу.
Карта бойынша өзен бастауларын, сағасын, салаларын және ұзындығын анықтай алу
Өзен еңістігін есептей алу.
Картадан өзен ағысы сипаты мен өзен аңғары ерекшеліктерінің жер бедеріне байланыстылығын анықтай білу.
Карта және жоспарды пайдалана отырып, өзендер мен көлдер жүйесін сипаттай білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 5-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптар түрлері мен оның пайда болу тарихын, қолдану ерекшіліктерін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарында, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз,- [1; 1б.] делінген. Сондықтан біз, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Дипломдық жұмыс қазақ халқының асыл түлігі - тұлпар бейнесінің әдебиетімізде жеке образ болып қалыптасуы, осы образ арқылы шығармаларда өмір шындығы мен кейіпкер тағдырының көрініс табуы, оның көркемдік тұрғыдан жинақтауға әсері сынды мәселелерді қарастыруға арналған. Дипломдық жұмыста қазақ ауыз әдебиетіндегі тұлпарлар бейнесі: жылқы малы туралы наным-түсінік, тұлпарлар бейнесін сомдауда кейіпкер тағдырының көркемдік тұтастығы, қазіргі әдебиеттегі тұлпарлар бейнесінің өзіндік қырлары кеңінен көрсетіледі.
Қазақ халқын: "ер қанаты - аттан" бөлек қарау мүмкін емес. Арыдағы арналарды еске алсақ, халық әдебиеті үлгілерінде, көне жазба ескерткіштердің тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе -көлігі, жесе - азығы, ішсе - сусыны болған сенімді серігі - тұлпарларға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар - жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп те сенген . Бұндай дәлелдерді халық тарихы мен өмір-тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады.
Қазіргі таңда тілдік, этнографиялық, тарихи тұрғыдан мол мағлұмат беретін ауыз әдебиетінің туындылары - көптеген ғылымның зерттеу объектісіне айналуда. Қазақ тұлпарларының әуел бастан халқымыздың санасына, дүниетанымына етене жақын болғандығын дәлелдейтін рухани мұраларды С. Қондыбай [3], А. Тоқтабай [4] т.б. археолог, этнограф зерттеушілеріміздің еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ халық әдебиетіндегі жылқы малының орны жөнінде Ә. Қоңыратбаев [5], Н. Келімбетов [6], А. Қыраубаева [7], Р. Бердібай [8] т.б. еңбектері зерттеушілер үшін құнды ғылыми - танымдық мәліметтерді алға тартады.
"Мал патшасы - жылқының" әдебиеттегі орнын, оның образын биік тұғырға көтерген Ғ. Мүсірепов , Т. Әлімқұлов , Қ. Жұмаділов , С. Бақбергенов т.б. қаламгерлер тұлпар бейнесін көркем де шынайы суреттеген.
Шындығында да, жан - жануарлар қай халықтың болмасын фольклоры мен әдебиетінде елеулі орын алатындығы әдеби шығармалардың тереңіне үңілген адамға мен мұндалап - ақ түр. Жылқы жайлы Қазақ Совет энциклопедиясындағы тарихи деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан 7000 - 6000 жылдар бұрын Азия, Африка, Европада қолға үйретілгендігі сөз болып, сондай - ақ, жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған, - делінген . Осы ретте, Қазақстан территориясынан табылған Ботай мәдениетін зерттеуге ат салысқан ғалымдар: В.З. Зайберт , Л.А. Маркова, М.К. Хабдулина, Г.Б. Зданович т.б. энеолит дәуіріндегі табылған сүйектердің - 99,9 % - і жылқынікі болғандығын тап басып көрсетеді.
Қазақстан - Американ біріккен экспедициясының қорытындысы табылған жебелердің үшына жасалған талдауларда жылқы малының қаны табылмағандығын айта келіп, II ғасырда жылқыны қазақтар қолға үйреткендігін дәлелдеген . Эпостық шығармалар ішінде жиі кездесетін, кез-келген елдің ауыз әдебиет туындыларында мол ұшырасатын бейне - жылқы болып табылуы да тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол адамның жақын досы, ақылшысы, сырласы, тағдырласы түрінде өріледі. Мәселен, Саха -Якут, түркі халықтарының дүниетанымында жылқы - жаратушы ана, апам -напат тотемі жылқы - тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы (пырақ) күш немесе шаманның ие - қыласы, жылқы - адам не сиқыршы ретінде сомдалған. Қазақ әдебиетінде XX ғасырдың 60-80 жылдар аралығындағы прозалық шығармаларында да тұлпар образына байланысты көркемдік ізденістер оқырман назарын өзіне аударады. Бұл шығармалардағы басты идея -тұлпарлардың адам өміріндегі өзіндік орны, тарихи қоғамдық - әлеуметтік шындықтың тұлпарлар образымен сабақтасуын, тұлпардың сымбаты мен сұлулығы, ат баптаудағы дәстүрлі мектептер суреттелген. Мұның бәрінен, әрине жылқы - халқымыздьщ қымбат қазыналарының бірі, өмір - тұрмыстағы жиі пайдаланатын, қадірлі де қасиетті жануарларының қатарына жататынын білеміз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жарылыс

Алғыс сөз

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сүлеймен Баязитовтің аталмыш кітабына «Жарылыс» атты романы еніп отыр.

Роман оқиғасы Павлодар, Баян өңірінде, тіпті тұтастай қазақ даласында кеңестік кезеңдегі байларды кәмпескелеу, аштық ұйымдастыру, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигонындағы алғашқы атом сынағы, тың игеру, бір сөзбен, қазақ халқының басынан кешкен ауыр да азапты жылдар роман кейіпкерлері Әділ, Ғайша, Айтқожа, Валя, Әнуар, Адольф, т.б. тағдыры арқылы сөз болады.

Автор боямасыз өмір шындығын шама-шарқынша әділ бейнелеуде. Атомсыз әлемге жол ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 - жылдың 29 - тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы туралы» № 408 - Жарлығы романның толғақты түйіні ретінде ұсынылуы автордың сәтті шешімі екені деп білеміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош бол даярлығым

Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып, «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
(Балалар ортаға шармен шығып билейді) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алғашқы қауымдық қоғам оның дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің, дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесіңде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт алтыннан қымбат №2 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы:Уақыт алтыннан қымбат №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т1. Болжау
7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Тыңдаған үзіндінің жалпы мазмұнын түсіне алады;
Оқиғаның логикалық дамуын кейде дұрыс болжай алады.
Оқушылардың көпшілігі
Тыңдаған үзіндінің негізгі мазмұнын түсіне алады;
Оқиғаның логикалық дамуын жартысын дұрыс болжай алады.
Оқушылардың кейбірі
Тыңдаған үзіндінің толық мазмұнын түсіне алады;
Оқиғаның логикалық дамуын көбіне дұрыс болжай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №2 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О2. Ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Мәтіннің мазмұнын түсінеді
Көптеген оқушылар
Мәтіннің форматын ажыратады
Кейбір оқушылар
Тілдік ерекшелігіне талдау жасай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0