Бөлек Қараұлы (1700, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы — 1785, сонда) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан. Сатай батырдың немересі. Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте .....
Таңертеңгі қоңырау соғылды. Класқа жапырлай кipген балалар тегіс орындарына отырды. Мұғалім келгенде олар әдеттегідей орындарынан тұрып қарсы алды. Кіріп келе жатып-ақ мұғалім Жанардың көзі алдыңғы партада бір баланын. жоғын байқады. Класс іші күрек тісінің бірі түскен кісінің аузы сияқтанып омырайып қалғандай. Тары Нұрлан жоқ. Мүмкін тағы да кешіккен болар. Бірінші кластан бері оқытып келе жатқан төрт жылдың ішінде Нұрланнан мұндай нәрсе байқалмап еді. Нұрлан кеше де, бұрнағы күні де сабақ басталып кеткен соң келді. Жанар оны тұрғызып қойып, неге кешіккенін сұрап еді: ол үндемеді, ештеме айтпады: «Кешігіп қалдым, кінә өзімнен» дегеннен артыққа бармады. Жанар бұл сабаққа да даярланбаған шығар деп сұрап көріп еді, сабақтың бәрін айтып берді. Үйге берілген жазу, есеп жұмыстарын да тап-тұйнақтай етіп орындапты. Барлығы да әдеттегіден бес қоярлық.
Мұғалім ойға қалды. Үйінде басқа жағдай болып қалды ма екен? Бірақ ондай кірбің шәкірт қабағынан байқалмайды. Тіпті осыдан үш күн бұрын ғана Нұрланның әкесі де, шешесі де Жанарға келіп жолығып кетті. Мұғалім осындай ой үстінде отырып балаларды түгендеп, тізімнің аяғынан шыққанын да білмей қалды. .....
Сұлы дәнді дақылдардың бірінші тобына жатады. Ол бидай, арпа және қара бидай сияқты дақылдармен қатар аса маңызды болып табылады. Әлемдегі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктердің егістік көлемінің (980 млн. га) 75% осы өсімдіктердің үлесінде. Өткен ғасырдың аяғындағы статистикалық деректерге жүгінсек, бұл дақылдар әлемде 725 млн.га , ал кеңес одағы елдерінде 138,8 млн.га жерге себілген. Сұлы, егістік көлемі жағынан, бұл өсімдіктердің ішінде төртінші орын алады. Құндылығы жағынан басқа дәнді дақылдардан бағалы. Сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады. Бұл қасиеттері сұлыны құнды диеталық тағам ретінде пайдалануға негіз болды. Қабықсыз дәнді сұлы диеталық күлше және, өзімізге белгілі, «Геркулес» ботқасын жасауға пайдаланылады. Сұлыдан ас қазанды емдейтін кілегейлі сусын даярлайды. Мал шаруашылығында сұлының дәні өте пайдалы азық.. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады. ....
Мен тәуелсіз Қазақстанның қыранымын, өз елімнің аман -сау алып қалу үшін өз өмірлерін қиған ағаларымыздың үкілген үмітін ақтап, туған халқымызға адал қызмет етуге уәде беремін.«Тамшы телегей теңізге айналады» деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалыққа айналды. Ел басып ,еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып , дамыған елдер қатарына көріндік, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп , айбынымызды жаһанға таныттық.......
КІРІСПЕ Республикамызда халықты азық түлікпен қамтамасыз етуде қойдың маңызы өте зор, себебі ол етке қажеттіліктің 50% өтейді, сонымен қатар қой жүні, терісі жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігінің негізін қалайды. Қой еті халқымыздың ерте заманнан келе жатқан негізгі тағамы. Ал ет адам организмінің қалыпты жұмыс атқаруына қажетті ақзаттың малдың, көмірсудың, витаминдердің, минералды заттардың негізгі көзі. Әрине, кейбір жағдайларда ет арқылы адамға әр түрлі ауру да жұғуы мүмкін. Сондықтан мал дәрігері тағамдық өнімдерді өндіруде сатуға қатаң бақылау жүргізу қажет. Елімізде мал санын көбейтуде және одан алынатын өнімнің мөлшерін, сапасын арттыруда малдардың індетті, инвазиялық ауруларының тигізетін әсері орасан зор. Соңғы жылдардағы паразитооздардың алдын-алу жұмыстарының толық және уақытылы жүргізілмеуі бұл аурулардың кең таралуына әкеп соқты. Сонымен індетті, инвазиялық аурулардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор. Сондықтан, ауру мал етінің сапасын биологиялық, тағамдық құндылығын анықтау ветеринариялық санитариялық бағалау нормаларын белгілеу, ветеринария ғылымының маңызды мәселелерінің бірі.....
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі: . Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсiру – отбасының, орта және жоғарғы бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Бұл процестiң стратегиялық негiздерi Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халықтық жолдауындағы «Қазақстан - 2030» стратегиясында (1997); Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» заңында (1999); - Бiлiм беру жүйесiнiң басты мақсаты, ұлттық мәдениетiмiз бен халық педагогикасының негiзiнде, әрбiр жеке тұлғаның қалыптасуына қажеттi жағдай жасау – деп көрсетiлген. Осы тұжырымдарды Бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң II-шi съезiне (2001) қатысушылар алдында сөйлеген Президент: - «Бiлiм беру iсiндегi рухани дәстүрлердi сақтап, жаңаша жетiлдiре дамыта беру керек. Бұл жүйедегi – оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлiгi – үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы азаматтық қадiр-қасиеттердiң мәнi мен маңызын түсiнетiн, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi азаматтар тәрбиелеуге мiндеттiмiз. Олардың отаншылдық сезiмдерiн тәрбиелеуде, бiлiм берудiң мектепке дейiнгi жүйесi мен жоғары оқу аралықтарын үндестiре ұйымдастыру, көкейкестi мәселе болып табылады, » - деп атап көрсеткен едi.....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр. Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.....
Кіріспе Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Міндеті: - Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау - Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру. - Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау. Өзектілігі Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде. Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс - әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі.....
Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......