Өмірбаян: Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова

Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар.
Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.
Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған.
Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Атам менің – ер жүрек, майдангерім

Атам менің - абыройым, мақтанышым,
Атам менің – сән құрар салтанатым.
Атам менің – ер жүрек, майдангерім,
Атам менің – асылым, ардагерім.
Авторы өзім
Елімнің бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі өмірі қандай деген сұрақтар мені үнемі толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан өткізген жан түршігерлік өмірін естен шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер ұмытқан сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені сол кезеңді менің атам басынан өткерді. Атам үнемі сол кезең туралы айтқанда құйқа шашым шымырлап, үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешемін. Ойым сан жаққа жүгіреді. Сол бір «соғыс» деген сұмпайыны қаншама адамның өмірін алды, қаншасының өміріне балта шапты, қаншасын зар жылатты. Аталарымыз, аға – апаларымыз қан төгіп, өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін? Яғни келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, біздер үшін. Менің атам 1924 жылы 5 мамырда киелі Торғай өңіріндегі Қошалақ деген жерде өмірге келген. Әкесі Камал атам екі жасқа толғанда қайтыс болған.
Анасы екеуі әкесінің інісі Мейрам отбасымен бірге тұрған. Қиыншылықты көп көрген. Ашаршылықты бастарынан өткізген. Соғыс басталғанда менің атам не бары он жеті жаста болған. Өз еркімен сұранып, елімізді жаудан қорғауға аттанған. Бір – екі ай «Катюшамен» қалай соғысу керектігін оқып, майдан шебінен бірақ шыққан.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ИРАН

(1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы - Азиянын онт.-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1,648 млн. км 2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқынын үлттық күрамы: парсылар (51%), эзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, турікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы - Тегеран қаласы (айналасын қосканда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мын), Шираз (800 мын) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі - парсы тілі. Мемл. Діні - ислам дінінің шиит тармағы. Иран - діни мемлекет. Елдегі саяси жөне діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің колында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Мин. Кабинетін басқарады. Жоғ. зан шығарушы орган - бір палаталы парламснт - Ислам кеңссі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси жөне діни емес үйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан - Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі - риал. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Көз көріп құлақ естімеген

Кімде-кім ешкімнің көзі көріп, құлағы естімегенді жасаса, сол корольдің қызына үйленеді, жасауына жарты корольдік беріледі.

Солай деп хабарлау мұң екен, барлық жігіттердің, олардан қалыспай шалдардың да бастары қатты. Бәрі де жаппай жанталасты: екеуі лықа тойып тамақ жеді, тағы екеуі ес-түстен айрылғанша ішті өздерінше көз көріп, құлақ......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік Ел

Бүгінде кез келген Қазақстан азаматы ауыз толтырып мақтанышпен айтатын мәселелер жетерлік. Ең бірінші мақтанышымыз – тәуелсіздігіміз. Оған ата-баба, аға ұрпақтарымыз қасық қандары қалғанша арпалысқан еді. Бүгінде бұл ерліктері бүкіл ел шеңберінде еске алынып, аталып өтуде. Шаңырағымыз шайқалмай, бүгінде бейбіт дамып келе жатқан ұлы еліміз - тәуелсіздігіміздің нышаны.
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, ......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көшпелі өркениеттер фестивалі (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көшпенділер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі өркениеттер фестивалі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
7ӘТН3 Лексикалық норма: Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Айтылым барысында мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақ тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 2-сабақ
Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары: Б/С 8.3.3.1 - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
Cабақ мақсаттары: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстандағы ірі физикалық географиялық аудандар

Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты әр түрлі. Бірін-бірі қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Сонымен бірге Қазақстан аумағы 2 дүние бөлігіне жатады, яғни Еуропа мен Азияны біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес қайталанбайтын көркем табиғатымен, жазира даласымен, кең массивті құмдарымен, төмен жатқан ойпаттарымен, күрделі геологиялық құрылымымен, көне геологиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен, өзара ерекшелігімен кең байтақ елімізді физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С.Берк аудандастырды. Осы уақытқа дейін республика жері физикалық-географиялық тұрғыдан әлі толық реттеле қойған жоқ. Соңғы кездері Қазақстан табиғаты 9 ірі физикалық-географиялық аймақтарға бөлінді:
1. Шығыс Еуропа жазығы.
2. Тұран жазығы.
3. Солтүстік Қазақ немесе Батыс Сібір жазығы.
4. Сарыарқа.
5. Орал.
6. Алтай.
7. Сауыр-Тарбағатай.
8. Жоңғар Алатауы.
9. Тянь-Шань.
Қазақстан территориясындағы зоналық немесе биіктік белдеулер жүйелерді қарастыру жеткіліксіз. Физикалық-географиялық аймақтың биоклиматтық ерекшеліктерімен бірге түзілу жолдары арқылы қалыптасу тарихын да танып білу керек. Геологиялық, геоморфологиялық түзілу жолдары мен геогендік, антропогендік дәуірлердегі даму тарихы бойынша Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық аудандастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Физикалық-географиялық аудандастыру дегеніміз - әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлу.....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері
Сабақ тақырыбы: Зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.1.1.6- зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар істей алады:
• Оқушылар география саласындағы зерттеулердің нәтижесін әртүрлі деректерді, мәліметтерді кесте, диаграмма, график немесе мәтін түрінде көрсете алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- балқу және қатаю процесстерін ;
- балқу және қатаю кезінде температураның өзгермейтіндігін;
- меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсіну, өлшеу бірлігін, белгіленуін;
- қатты денені балқу температурасында толығымен балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептейтін формуланы;
- балқу температурасында балқыту үшін жұмсалған жылу мөлшерімен қатаю кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің тең екендігін;
- денеге жылу мөлшері берілген кезінде темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсіну.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0