Сабақтың мақсаты: 1. Халқымыздың салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу. 2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту. 3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу...
Жаралы орыс жері, сенің топырағыңды басып жүріп келемін. Сен жаралысың. Бірақ қатардан шығып қалған жоқсың. Сен өз халқыңа еңбек сіңірудесің. Бұл қанды майданда сенің кермегенің бар ма? Саған атылмаған оқ, лақтырылмаған бомбы аз-ақ шығар. Жаратылыстың, бір мүшесі тал, қайыңдарды қараңдаршы, олар да қайғылы. Соғыстың қасіретін біраз шеккен. Көбінің аспанмен таласып тұратын бастары жоқ. Жаудың снаряды жұлып кеткен. Дегенмен бұтақтары кектеп өсіп, екі қолын сабалап ойнайтын жас балаша талпынып бас изейді. Қара жердің беті бұрынғы қалпынан өзгерген — бұжыр. Бұл неміс бомбысының ізі, жаудың қорасан ауруының соңынан болған әрекет. Бомбыдан пайда болған шұңқырлар (воронка) бітіп келе жатқан жараның аузындай кебе бастаған. Қоршаған бай табиғат қара жерге жаралы болып едім, жазыла бастадым дегенді айтқызып тұрған сияқты.
Жаз! Бір тамаша уақыт. Дүниенің ажары кіріп, әлемнің құлпыратын кезі. Ол өзінің көлеңкесін қара жерге түсіреді. Жер күлімсірейді, жер құлпырады, жер табиғаттың жібек желегін жамылып бой жасайды. Ол адамның махаббатын өзіне тартады. Оһ, бай Россия жері, сені бізден артық сүйе алатын кім бар?! Біз жауынгерлер сені сүйеміз, сен үшін біз жанымызды қиюға дайынбыз, біз әлемге қарсы аттанамыз, саған атылған оққа қарсы жүреміз. Мұның бәрі сен үшін, туған жер, біздің анамыз, табиғаттың түкті кілемі, береген Россия жері!
- Білім дегенді шартты түрде зат деп алайықшы, - деді методист еңбек жолын енді ғана бастап жатқан жас ұстаз мұғалима қызға қарап. - Иә, кәдімгі зат деп алайық. Бұрын қалай болды? Сол затты мұғалім балалардың көзіне көрсетіп, ол жөнінде барлығын да өзі айтып беретін. Енді біз олай етпейміз. Зат алақанда жасырулы күйінде тұруы тиіс. Оны бала ізденіп, өзі табатын болсын. Мен өзге елдердің білім жүйесімен танысып қайттым. Соның ішінде еврейлерде де болдым. Сабағыңызды абыржымай жүргізе беріңіз. Мен сіздің сабағыңызға қатысып, сізге бағыт-бағдар беріп отырамын. Іске сәт!
Сабақта Мұғалима. Сонымен, балалар, апайдың, алақанында не жасырулы тұр екен? Қане, бәріміз бірге табамыз? Апайдың алақанында не жасырулы тұр?
Методист (сыбырлағандай етіп). Көрдіңіз бе? Салған жерден "білмеймін" деулерін көрдіңіз бе? Еврейдің баласы болса, олай етпес еді. Іздендіре беріңіз. Талпындыра беріңіз. Өзіңізге тарта беріңіз. .....
Кіріспе Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды. Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты. Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр. ....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.....
Жұмыстың мақсаты –Австралия материгінің физикалық географиялық қалыптасу ерекшеліктеріне қарай отырып флорасының және топырағының жануарлар дүниесінің таралу заңдылықтарымен ерекшеліктеріне талдау жасау. Австралия материгі - Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, Шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасы нашар тілімденген. Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады көлемі- 7631,5 мың км2. Австралия дан солтүстікте және шығыста, Тынық МҰХИТТЫҢ оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық.және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы apaдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды. Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі (Меланезия, Микронезия және Полинезия). Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста недәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Австралияның континентті массивтерінің ролі зор.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мекені 9-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу 3.3.5.1 сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу 2.1 Сөздік қорды толықтыру 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану Сабақтың мақсаттары: • Тақырып бойынша қосымша ақпарат іздеу • Берілген тақырып бойынша сөздерді қолдану Барлығы:.мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша қосымша ақпарат табады және тақырыпқа қатысты сөздердің мағыналарын түсінеді Көпшілігі: тақырып бойынша қосымша ақпарат табады, тақырып бойынша сөздерді қолданады. Кейбірі: жануарлардың мекендері туралы білетін ақпараттарымен бөліседі. ....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы» Сабақ тақырыбы:Менің киімім Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3 Ауызша хабарлама/аудио/бейне материалдарының мазмұнын түсіну. 1.1.3.1. мұғалімнің көмегімен тыңдаған хабарлама (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суреттерді көрсетеді. Көптеген оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді. Кейбір оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді, сөз тіркестерін айтады....
Пән: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: 6-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. Сабақ мақсаттары: Құжаттар мен қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуін түсіндіріп талқылау арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру.....
Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды. Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда. Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі. Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор желісінің мәліметтері пайдаланылды. “Картография” ұғымы Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі. Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. [7] Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. ....